Тукибаева куралай базарбековна



бет36/49
Дата04.10.2024
өлшемі2,07 Mb.
#146834
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49
Байланысты:
tukibaevoj-k-b-phd-povtor-s-sp

Бірінші кезең жаңа идеялар мен технологиялық әзірлемелерді тудыруға жағдай жасау арқылы іргелі, ізденіс және қолданбалы зерттеулер жүргізумен байланысты. Бұл кезеңде туристік саланың инновациялық дамуын басқаруда негізгі рөл мемлекеттік органдарға жүктеледі, олар негізінен тікелей әсер ету әдістері мен құралдарын (экономикалық, әкімшілік, реттеуші) пайдаланады. Екінші эксперименттік кезеңде басқару субъектілері ретінде мемлекеттік билік органдарынан басқа әр түрлі ұйымдар әрекет етеді, сол арқылы қолданылатын әдістер мен құралдар шеңбері кеңейеді. Үшінші кезеңде ғылыми-техникалық әзірлемелердің нәтижелерін ұлғайту мақсатында ұйымдастырушылық-техникалық және өндірістік-технологиялық жағдайлар жасау қажет. Туристік саланың инновациялық дамуын басқарудың тікелей әдістері мен құралдарынан басқа бұл кезеңде инновацияларды енгізу және тарату үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыруға, инновациялық белсенділікті ынталандыруға және өндірістерді жаңғыртуға жәрдемдесуге бағытталған жанама әдістер пайдаланылады.
Туристік саланың инновациялық дамуын басқару үшін жүйелі көзқарас инновациялық қызмет субъектілері мен объектілерінің алуан түрлілігін, олардың өзара іс-қимылының ерекшеліктерін, сондай-ақ инновацияларды құру және енгізу процесіне осы ұйымдардың тартылу дәрежесін ескеретін басқарудың ұйымдастырушылық-басқарушылық механизмін жетілдіруді қажет етеді. Туристік саланың инновациялық дамуын басқарудың ұйымдастырушылық-басқарушылық механизмінің сызбасы 30-суретте көрсетілген.
30-суретке сәйкес, туристік саланың инновациялық дамуын басқарудың ұйымдастырушылық-басқарушылық механизмі келесі элементтерден тұрады: субъект (инновациялық процесс қатысушысы); мақсаттар (механизмнің әрекет етуінен күтілетін нәтижелер); форма (әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырушылық-құқықтық ресімдеу); әдістер (мақсатқа жету процестерінің құралдары, әдістері және технологиялары); құралдар (мақсатқа жету үшін пайдаланылатын ресурс түрлерінің жиынтығы); объектілер (шаруашылық субъектілері).
Ұсынылып отырған механизмнің басты мақсаты − туристік саладағы инновациялық қызметті жандандыру және турөнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Ұсынылған басқару механизмін мемлекеттік және аймақтық стратегияларға, бағдарламаларға, инновациялық қызмет саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге сүйене отырып, мемлекеттік органдар жасайды және жүзеге асырады. Туристік саланың инновациялық дамуын басқарудың ұйымдастырушылық-басқарушылық механизмінің құрылымында төрт негізгі бағыт ұсынылады: Бірінші, туристік саладағы инновациялық қызметті қаржылық қамтамасыз ету. Ол инновациялық қызметке инвестициялануы мүмкін қаржы ресурстарын, оларды жұмылдырудың шарттары мен алғышарттарын зерттеуді, сондай-ақ оларды пайдаланудың ықтимал бағыттарын талдауды қамтиды. Екінші, туристік салада инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті кадрлық әлеуетті қолдауға және дамытуға бағытталған кадрлық қамтамасыз ету. Үшінші, туристік саладағы инновациялардың диффузиясы үшін қолайлы орта құруға бағытталған өндірістік қамтамасыз ету. Төртінші, басқару субъектілері мен объектілеріне туристік саладағы инновациялық қызметке негізделген және уақтылы басқарушылық ықпал етуді жүзеге асыру үшін өзекті және сенімді ақпарат беруге тиіс ақпараттық қамтамасыз ету.


Сурет 30 − Туристік саланың инновациялық дамуын басқарудың ұйымдастырушылық-басқарушылық механизмі


Ескерту – Әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған [12, с. 61; 15, с. 24; 17, с. 103; 19, р. 466; 20, р. 2; 21, с. 65; 22, с.14; 65, с. 33; 66, с. 59; 70, р. 779; 71, р. 736; 72, р. 158; 73, р. 195; 166]


Туристік саланың инновациялық дамуын басқарудың негізгі әдістері мен құралдары ретінде тікелей (бюджеттік қаржыландыру; субсидиялар; пайызсыз несиелер; мемлекеттік тапсырыстармен қамтамасыз ету) және жанама (жеңілдікпен салық салу және несиелеу, инноваторларды мүліктік қолдау; кадрларды даярлау мен қайта даярлауды қаржылық қамтамасыз ету; тәуекелдерді сақтандыру) экономикалық әдістерін қолданған орынды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылық (инновациялық қызмет қатысушылары арасындағы өзара әрекетті қамтамасыз ететін мамандандырылған құрылымдарды құру), жоспарлы (туристік салада инновациялық қызметті дамытудың стратегияларын, бағдарламаларын және жол карталарын әзірлеу), құқықтық (нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру), әкімшілік (инновациялық жобаларды енгізу процесін әзірлеу, сараптама, мониторинг) және ақпараттық (консалтингтік қызметтерді көрсету жүйесін қалыптастыру; инновациялық жобалардың деректер қорын қалыптастыру) әдістері маңызды рөл атқарады. Бұл туристік саланың инновациялық дамуын басқарудың ұсынылған әдістері мен құралдарының ерекшелігі келесідей:

  • туристік саланың инновациялық дамуын басқару механизмін қалыптастыру қажеттілігі осы саладағы проблемалардың кең спектрімен, сондай-ақ субъектілердің алуан түрлілігімен және басқару объектісінің күрделілігімен сипатталады;

  • бұл механизм инновациялық қызметке туристік кәсіпорындарды тарту дәрежесін есепке алуға мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленеді;

  • қарастырылып отырған механизмде инновацияларды құру және енгізу процесін қаржылық, кадрлық, өндірістік және ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған әдістер мен құралдардың ескерілуі;

  • мақсаттылық, тиімділік, әріптестік, мүдделер теңгерімі, жүйелілік, үйлесімдік, басымдық, ұтымдылық, бейімділік және кері байланыс сияқты негіз қалаушы қағидаттардың ескерілуі.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық механизмнің қызметі басқару құралдарына байланысты келесідей мәселеге назар аудару керек: туристік саладағы инновациялық қызметті дамытуға кедергі келтіретін анықталған проблемаларды, басқару субъектілерінің алуан түрлілігін, олардың арасындағы өзара қарым-қатынастар мен өзара іс-қимылдың ерекшелігін, мүдделер теңгерімі мен кері байланысты қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, осы саладағы инновациялық кешенді қолдауға бағытталған басым құралдардың бірі – туристік саланы инновациялық дамыту орталығын немесе бөлімшесін құру болып табылады. Ол, біріншіден, туристік саладағы инновациялық қызметпен айналысатын кәсіпорындарға қолдау көрсетуге, екіншіден, инновациялық қызметтің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге, үшіншіден, туристік кәсіпорындардың инновациялық қызметке қатысу дәрежесін белсендіруде маңызды рөл атқаратын болады. Сонымен, туристік саланың инновациялық дамуын басқару процесінде мемлекетке басты рөл беріледі, ол білім беру саласын, іргелі және қолданбалы ғылымды қолдауға бағытталған нысандарды, әдістер мен құралдарды құра отырып, инновациялық процеске қатысушыларды қаржылық, кадрлық, материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етеді, туристік саланың инновациядағы нормативтік-құқықтық шеңберін, осы сектордағы инновациялық қызметтің дамуына кедергі келтіретін немесе ықпал ететін орта қалыптастырады. Біз осы тұжырымдардың негізінде Астана қаласы мен Ақмола облысы туристік саласының инновациялық дамуын басқарудың моделін құрастырдық (31-сурет).
Бұл модельге сәйкес жүйені талдау оның «шығуынан» басталады, яғни, ол өнім, қызмет, немесе инновация болуы мүмкін. «Шығудың» негізгі талабы – сыртқы және ішкі нарықта туристік саланың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және осы арқылы кәсіпорындардың табыстылығына қол жеткізу, оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізгі шарты − стратегиялық маркетингтік зерттеулердің жоғары сапасы болып табылады [166].
Жүйенің «кірісіне» инновациялық саясат пен инновациялық стратегияны қамтитын құқықтық қамтамасыз етуді, инновациялық орта мен инновациялық әлеуетті, инновацияға бейімділікті, қаржыландыру мен ақпараттық ресурстарды, кадрларды жатқызамыз. Басқару органдарының міндеті − маркетингтік зерттеулер жүргізу және бәсекеге қабілетті жеткізушілерді таңдау арқылы бәсекеге қабілетті «кіруді» қамтамасыз ету болып табылады. Егер «кіру» бәсекеге қабілетсіз болса, онда жүйе «шығудың» бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алмайды.
Менеджмент жүйесінің «кері байланыс» компоненттеріне турөнім мен қызметке, инновациялық қызмет нәтижесі мен оның жаңа жетістіктеріне, инновацияларға және басқа факторларға байланысты туындаған талаптар, туристердің немесе туристік нарық қатысушыларының шағымдары жатады. Бұл жердегі басты мәселе − кері байланыс орната білу.
Жүйенің сыртқы ортасының компоненттеріне туристік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігіне, тиімділігі мен тұрақтылығына тікелей немесе жанама әсер ететін макро орта, инфрақұрылым және микро орта жатады. Макро орта халықаралық, саяси, экономикалық, әлеуметтік-демографиялық, құқықтық, экологиялық, климаттық, ғылыми-техникалық, мәдени факторлармен сипатталады және олар туристік кәсіпорындардың жұмысына тікелей немесе жанама әсер етуі мүмкін. Негізінде, елдің туристік саладағы бәсекеге қабілеттілігі неғұрлым жоғары болса, бәсекеге қабілетті туристік кәсіпорындар саны да соғұрлым жоғары болады. Өңірдің мезосферасы (инфрақұрылымы) оның мынадай салаларының жүйесімен сипатталады: өңірдің нарықтық инфрақұрылымы; қоршаған табиғи ортаның мониторингі; денсаулық сақтау; мәдениет; сауда; қоғамдық тамақтану; көлік және байланыс; өнеркәсіп; қала маңындағы ауыл шаруашылығы және т.б.

Сурет 29 – Астана қаласы мен Ақмола облысы туристік саласының инновациялық дамуын басқару моделі


Ескерту − Әдебиет негізінде автормен құрастырылған [5, с. 31]
Жүйенің микроортасының факторларына мыналарды жатқызамыз: туристік сала кәсіпорындарының өнімі бойынша бәсекелестері; байланыс аудиториялары. Жүйенің «енгізу» және «шығару» бойынша бәсекелестік неғұрлым жоғары болса, туристік кіәсіпорындардың турөнімдері мен қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігі соғұрлым жоғары болады. Демек, «шығу», «кіру», кері байланыс және сыртқы орта туристік кәсіпорындардың ортасына жатады.
Жүйенің ішкі ортасына инновациялық менеджменттің жүйесін құрайтын мақсатты ішкі жүйені, басқарудың ішкі жүйесі мен басқарылатын ішкі жүйені, қамтамасыз ететін ішкі жүйе кіреді.
Инновациялық менеджмент жүйесінің мақсатты ішкі жүйесі үш компоненттен тұрады: инновациялық жобалар портфелін қалыптастыру, туристік ағынның ұлғаюы, туристік саладағы инфрақұрылымның жақсаруы. Жаңашылдық портфелі ғылымды қажет ететін әзірлемелермен, өнертабыстармен, патенттермен, тиімді ноу-хаумен және басқа да радикалды жаңашылдықтармен толтырылуы керек. Жаңашылдықтар, бір жағынан, сатып алынуы да мүмкін немесе өз әзірлемесі де болуы мүмкін, екінші жағынан, өз қорында жинақталып, өндіріске енгізілуі (яғни инновацияға айналады) немесе сатылуы мүмкін, туристер ағынының ұлғаюы туристік нарықтағы табыстың ұлғаюына себеп болса, туристік инфрақұрылымның жақсаруы саланың экономикалық қызмет көрсеткіштерін айтарлықтай жоғарылатады. Мақсатты ішкі жүйенің параметрлерінің негізділігі туристік кәсіпорындардың одан әрі жұмысының тиімділігін анықтайды.
Мақсатты ішкі жүйенің қалыптасуынан кейін қамтамасыз ететін ішкі жүйенің параметрлері анықталады, яғни ол мақсатты ішкі жүйенің мәселелерін шешуге қажетті ресурстардың болуымен сипатталады, бұл ретте инновациялық ортаның маңыздылығы зор, себебі ол, инновациялық қызметтің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін экономикалық, ұйымдастырушылық және институционалдық ортаны біріктіретін біртұтас жүйе іспеттес. Сонымен қатар, инновациялық әлеуеттің даму деңгейі, оның ішінде. туристік саладағы инновацияның өңірлік инфрақұрылымын қалыптастыру мен инновациялық саясатты, стратегияны жүзеге асыру дәрежесі, сондай-ақ инновацияны қаржыландыру мен инвестициялау көлемі ерекше мәнге ие. Жүйенің бәсекеге қабілетті «шығуына» қол жеткізу үшін оның «кіруінің» бәсекеге қабілетті болуы қажет. Демек, техниканың, технологияның және процестерді ұйымдастырудың кез келген деңгейінде бәсекеге қабілетсіз «кіру» компоненттерінің негізінде бәсекеге қабілетті өнім шығару мүмкін емес.
Инновациялық менеджмент жүйесінің басқарылатын ішкі жүйесі келесідей компоненттерден тұрады: стратегиялық маркетинг, инновациялық жобалар бойынша R&D&I, инновациялық жобаларды жүзеге асыру бойынша ұйымдастырушылық-технологиялық дайындық, инновациялық жобаларды жүзеге асыру: жаңашылдық өндіру, инновация енгізу. Инновациялық жоба − инвестицияларды көздейтiн, шектелген уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипаты бар инновацияларды енгiзуге бағытталған iс-шаралар кешенi. Жаңашылдық − кез-келген қызмет саласындағы іргелі, қолданбалы зерттеулердің, әзірлемелер мен эксперименттік жұмыстардың нәтижесі. Инновация − зияткерлiк меншiктiң объектiсi болып табылатын, енгiзiлуi өндiрiстiң әр түрлi салаларына және қоғамды басқаруға экономикалық тиiмдi және/немесе әлеуметтiк, экологиялық маңызды болып табылатын ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтiң нәтижесi болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет