Тукибаева куралай базарбековна



бет41/49
Дата04.10.2024
өлшемі2,07 Mb.
#146834
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49
Байланысты:
tukibaevoj-k-b-phd-povtor-s-sp

Туристік саладағы инновациялық қызметті ұйымдастыру

Бірлескен инновациялық жобалар, зияткерлік әлеуетті арттыру

инфрақұрылым құру (инновацияларға жүйелік, жобалық, интеграциялық тәсілдерді қолдану, білімді басқару процестерін енгізу);

Туристік саладағы инновациялық қызмет саласындағы қызметкерлердің еңбегін ынталандыру

Өндірістің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесін ұлғайту

- грейд жүйесін пайдалану;
- сыйлықақы берудің корпоративтік жүйесін құру;
-қызметкерлерді үздіксіз оқыту бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
- коммуникациялық алаңдарды құру;
- білімді басқарудың корпоративтік жүйесін дамыту.

Туристік саладағы инновациялық қызметті бақылау

Инновациялық іс-шаралардың нәтижелілігі

- бенчмаркинг негізінде инновациялық дамуды басқарудың үздік тәжірибелері туралы базаны қалыптастыру;
- жол карталары жүйесін қолдана отырып, бұрын жоспарланған көрсеткіштерден ауытқуларды бақылау және басқару.

Ескерту - Автормен құрастырылған



Инновациялық қызметті жоспарлау — R&D&I басымдықтарын анықтау, инновациялық қызметті ұйымдастыру, инновациялық жобаларды коммерцияландыру, нәтижелерді есепке алу мен талдауға дейінгі инновациялық процестің барлық кезеңдерін қамтуы тиіс. Қолданбалы деңгейде инновацияларды құру және енгізу мақсатында туристік өнім логистикасына қатысы бар барлық субъектілерді инновациялық процеске тарту қажет, оларға Туризм индустриясы комитетінің, «Қазақтуризм» ҰҚ АҚ, «Convention Bureau» қызметкерлері, студенттер, магистранттар, докторанттар, университеттердің профессорлық-оқытушылық құрамы, туроператорлар мен турагенттіктер, қонақ үйлер, мейрамханалар, ойын-сауық орталықтары, қауымдастықтар, туристік қызмет тұтынушылары жатады. Инновациялық қызмет тиімділігінің негізгі көрсеткіштер жүйесін, яғни, KPI-ді енгізу тиімді болады. Инновациялық қызметтің KPI көрсеткіштерін жоспарлау және қалыптастыру компанияның жағдайын кешенді бағалауға және талдауға негізделуі керек және ол стратегияны таңдау мен инновациялық дамудың ықтимал тәуекелдерін анықтайды. KPI-ға енетін инновациялық жобаларды іріктеу, бағалау және мониторинг жұмысы тәуелсіз сараптаманың (мысалы, «Атамекен» ҰКП) бағалауы негізінде жүзеге асырылуы қажет. Себебі, бұл перспективалы инновациялық жобаларды таңдауға, инновациялық жобаны жүзеге асырудың ең тиімді шарттарын ұсынған орындаушыларды негізді және дұрыс анықтауға, алынған нәтижелердің сапасын келесі критерийлер бойынша тексеруге мүмкіндік береді (35-сурет).


Сурет 35 − Туристік саладағы инновациялық жобаларды іріктеу бойынша негізгі критерийлер


Ескерту – Автормен құрастырылған


KPI бойынша инновациялық жобаларды тәуелсіз сараптау және іріктеу тәуелсіздік, объективтілік және құзыреттілік қағидаларына негізделуі керек. Инновациялық қызмет тиімділігін анықтау үшін мынадай негізгі көрсеткіштерді енгізу ұсынылады:



  • жаңа өнімдер/процестер саны;

  • ұйымдық құрылым және корпоративтік мәдениеттің ықпалы;

  • идеялар мен білімді басқару жүйесін бағалау;

  • жүзеге асырылған жоба қызметінің тиімділігі;

  • жаңа өнімдерді/процестерді нарыққа шығару уақыты және т.б.

Инновациялық қызметті ұйымдастыру кезеңінде оны жүзеге асыру үшін қажетті ресурстар мен R&D&I жүйесін, инновациялық инфрақұрылым мен инновациялық әлеуетті жұмылдыруға қабілетті инновациялық орта құру қажет, сонымен қатар, білімді басқарудың корпоративтік жүйесін дамыта отырып, инновациялық қызметте зияткерлік ресурстарды барынша пайдалану және инновациялық даму мәселелері бойынша коммуникациялық алаңдар құрып, серіктестер тарту керек.
Инновациялық қызметті жүзеге асыратын қызметкерлердің еңбегін ынталандыру персоналды грейдерлеу жүйесін (материалдық ынталандыру) пайдалануды, қызметкерлердің инновацияларды құру және енгізу процесіне қатысуына байланысты корпоративтік сыйлықақы жүйесін құруды қамтуы тиіс.
Инновациялық қызметті бақылау. Басқару тетігіндегі маңызды элемент – жоспарлау мен бақылаудың байланысы, сондай-ақ инновациялық дамудың нысаналы индикаторларына қажетті түзетулерді нақтылау және енгізу үшін кері байланыстың болуы болып табылады. Инновациялық қызметтің мониторингі мен сапасын бақылау жүйесін дамыту үшін басқарудың келесідей әдістерін енгізу ұсынылады: бенчмаркинг жүргізу, туристік саладағы инновациялық дамуды басқарудың ең үздік практикалары туралы база қалыптастыру; жоспарланған көрсеткіштерге сай ауытқуларды қадағалау және басқару, қажет болған жағдайда түзету, ықтимал тәуекелдерді жою.
Осылайша, «Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесі біріншіден, туристік саланың инновациялық дамуын басқару проблемаларын жою бойынша маңызды рөл атқарады, екіншіден, жүйелі әрі кешенді тәсіл негізінде әрбір аймақтың даралығын ескере отырып, туристік бизнес иелері үшін жекелеген бизнес-процестерді автоматтандыруға, бағалау мен рейтинг жүйесі арқылы нарықты мониторингілеуге, туристік сала мен нарық талаптарына жауап беруге қабілетті болады, үшіншіден, туристік саланың барлық бағыттары мен түрлерін қамти отырып, оларды қатар және үздіксіз дамытады. Туристік саланың инновациялық дамуын басқару жүйесі сапа және бәсекелестік қағидаттарын негізге ала отырып, ұсынылатын турөнімдер мен қызметтер туристердің күткен әсерлерінен асып түсу мен бірнеше мәрте келетін туристер санын ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Қорытындылай келе, Астана қаласы мен Ақмола облысында «Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесін құру саланың дамуына жаңа серпін береді, оның табысты жұмыс істеуі негізгі үш компоненттің болуына байланысты, біріншіден, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті өнім шығаратын немесе бәсекеге қабілетті қызметтер көрсететін көшбасшы кәсіпорындардың болуы, екіншіден, қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге қабілетті туристік ұйымдардың дамыған желісі, үшіншіден, еңбек ресурстарының жоғары сапасын, инвестициялық ағындарға қол жеткізу мүмкіндігін, әкімшілік кедергілердің болмауын, туристік инновациялық бөлімше инфрақұрылымын дамытудың жоғары деңгейін, дамыған ғылыми-зерттеу әлеуетін және т. б. қамтамасыз ететін қолайлы бизнес-климаттың болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет