Тукибаева куралай базарбековна



бет42/49
Дата04.10.2024
өлшемі2,07 Mb.
#146834
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49
Байланысты:
tukibaevoj-k-b-phd-povtor-s-sp

ҚОРЫТЫНДЫ

Диссертациялық тақырыпты зерттеу барысында келесідей қорытындыларға қол жеткізілді:



  1. Теориялық зерттеу нәтижесінде туристік саладағы инновациялық қызметтің негізгі бағыттары туристік өнім, субъект, объект, ұйымдастырушылар және қатысушылар тұрғысынан зерделенді. CDMdis моделін басшылыққа ала отырып, осы саладағы инновациялық процестің негізгі факторлары айқындалды. Басқару нысанына байланысты тактикалық, стратегиялық, жүйелік, спецификалық-функционалдық және әмбебап-функционалдық сияқты туристік саладағы инновациялық менеджменттің 5 бағыты қарастырылды.

  2. Туристік саланың инновациялық дамуы үшін негіз болып табылатын R&D&I менеджмент жүйесі зерделенді. Инновациялық процесс қатысушыларының идеяларды генерациялау мен оларды коммерцияландыруға мүмкіндік беретін туристік саланың инновациялық экожүйесінің ерекшеліктері нақтыланды және тұжырымдалды. Сондай-ақ, туристік саланың инновациялық дамуын зерттеу және бағалау әдістемесі әзірленді.

  3. Бүгінде жаһандық деңгейде туристік сала инновация мен технологиялық дамудың үздіксіз динамикасына ықпал етеді. Әсіресе, Испания, Швеция, Финляндия, Дания, Исландия, Швейцария, Париж, Португалия, Ұлыбритания, Сингапур, Канада сияқты елдердің шетелдік тәжірибесі Қазақстанның туристік саласын дамытуда инновациялық-бағдарланған саясаттың қажеттілігін көрсетті және туризмдегі инновациялық менеджменттің табысты ұйымдастырушылық-басқару моделін жетілдіруге мүмкіндік берді.

  4. Қазақстан Республикасының туристік саласын инновациялық дамытуды басқаруда уәкілетті органдар арнайы әдістер мен құралдар жүйесін тәжірибеде қолданбайды. Мысалы, шет елдермен салыстырғанда, Қазақстандағы туристік саланың инновациялық дамуының ресурстық-технологиялық базасы қалыптаспаған. Сондықтан, бұл саладағы инновациялық қызмет дамуының тартымдылығы мен белсенділігін арттыруға бағытталған басқару процестері мен әдістері қажет. Қазақстан аймақтарының туристік саласының инновациялық даму рейтингісі ранжирлеу әдісі арқылы құрастырылды. Ранжирлеу нәтижелері бойынша алғашқы үштікке Алматы және Астана қалалары, Шығыс Қазақстан облысы кірді.

  5. Астана қаласы мен Ақмола облысының туристік саласын инновациялық дамытуды басқарудың факторларын бағалау нәтижелері көрсеткендей, саланың инновациялық дамуын басқаруға кететін қаржы, білім және технологиялық шешімдерге қатысты кедергілер кәсіпорындағы қиындықтарды туындатады, сондай-ақ, аталған салаға мемлекеттік қолдау қажеттілігін көрсетеді. Астана қаласы мен Ақмола облысының туристік саласында өнім инновациялары басым орын алады, бұл туристік саладағы өзге инновация түрлерінің дамымау себебін түсіндіреді.

  6. Инновациялық ортадағы бәсекелестікке қабілеттілікті арттыруға негізделген туристік саланың инновациялық дамуын басқарудың тұжырымдамалық моделі әзірленді. Ұсынылған модель туристік саладағы инновациялық жобалардың санын көбейтуге, инновациялық әлеуетті күшейтуге, инновациялық шешімдер ұсынатын инфрақұрылым қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, туристік саланың инновациялық дамуын басқарудың ұйымдастырушылық-басқарушылық механизмін жетілдіру ұсынылды. Бұл механизм туристік саланың инновациялық дамуына тікелей және жанама әсер ететін әдістер мен құралдар жиынтығын қамтиды.

  7. Астана қаласы мен Ақмола облысының туристік саласының инновациялық дамуын басқару моделі әзірленді. Аталған модель туристік саланың басқару жүйесі мен басқарылатын жүйе арасындағы ынтымақтастығын күшейтуге, инновациялық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасауға (турөнім және қызмет нәтижесі, жетістіктер, туристермен кері байланыс) бағытталған.

  8. Туристік саладағы R&D&I-ды жаңа деңгейде дамытуға мүмкіндік беретін Астана қаласы мен Ақмола облысы бойынша «Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесін құру ұсынылды. Ол дамытудың ресурстық, консультациялық және технологиялық негізін шоғырландырады. Бұл бөлімшені құру туристік саланы дамытуға жаңа серпін береді. Аталған бөлімше тиімді жұмыс жасау үшін негізгі компоненттің болуымен сипатталады: яғни, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті өнім шығаратын немесе бәсекеге қабілетті қызметтер көрсететін көшбасшы кәсіпорындардың болуы; қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге қабілетті туристік кәсіпорындардың дамыған желісі; еңбек ресурстарының жоғары сапасын, инвестициялық ағындарға қол жеткізу мүмкіндігін, әкімшілік кедергілердің болмауын, дамыған ғылыми-зерттеу әлеуетін және т.б. қамтамасыз ететін қолайлы бизнес-климаттың болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет