Тукибаева куралай базарбековна


Астана қаласы мен Ақмола облысының туристік саласының инновациялық дамуын басқарудың моделі



бет38/49
Дата04.10.2024
өлшемі2,07 Mb.
#146834
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49
Байланысты:
tukibaevoj-k-b-phd-povtor-s-sp

3.2 Астана қаласы мен Ақмола облысының туристік саласының инновациялық дамуын басқарудың моделі
Инновациялық туристік жобаларды әзірлеу мен инновациялық туристік ресурстарды құру және дамыту, стандартты емес бизнес-процестерді енгізу туристік нарық қатысушылары мен мемлекеттік органдардың қолдауын қажет етеді. Туристік саланың инновациялық дамуын басқару, біріншіден, инновациялық процеске белсенді қатысатын кәсіпорындар санын ұлғайту есебінен оның қаржылық көрсеткіштерін жоғарылатуды, екіншіден, институционалдық құрылымды реформалауды, үшіншіден, шетелдік тәжірибе негізінде инновациялық орталықтарды құруды көздейді. Мұндай инновациялық орталықтар инновациялық жобаларды жүзеге асыруға, туристік саладағы технологиялардың халықаралық трансфертін күшейтуге, саланың мүдделі тапраптарымен байланыс орната отырып, өзара тиімді тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Бұл шаралар туристік саладағы инновациялық ортаны қалыптастыру мен инновациялық мәдениетті дамытуға, инновациялық қызметтің тиімділігін бағалауға және саладағы R&D&I-ды жаңа деңгейге көтеруге жағдай жасайды.
Туристік саладағы стратегиялық көшбасшылықты R&D&I-ды дамыту мен инновациялық менеджменттің құралдарын қолдана отырып, инновациялық процесті үздіксіз жетілдіру есебінен қамтамасыз етуге болады. Туристік саланың инновациялық дамуын басқарудың шетелдік тәжірибесін зерделей отырып, біз «Arman Tour» ұлттық туроператорлық компаниясында «Tourism Innovation Center» атты туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесін құруды ұсынамыз. «Tourism Innovation Center» құру келесідей алғышарттарға негізделген:

  1. Туристік саланың инновациялық дамуын басқарудың шетелдік тәжірибесін пайдалану.

  2. Туристік саладағы процестерді жақсартуға ықпал ететін ғылым мен техниканың жетістіктері.

  3. Жаһандық және ұлттық экономикадағы жағдайлар: жаңа технологиялық парадигмалар, төртінші өнеркәсіптік революцияның сын-қатерлері, инновацияларды дамыту және экономиканы цифрландыру процестері, қазіргі заманғы қоғамның қажеттіліктері

Біз ұсынған «Tourism Innovation Center» туристік саладағы инновациялық процестерді дамыту үшін оңтайлы шешім болып табылады, себебі, Астана қаласы мен Ақмола облысының туристік саласын инновациялық дамытудың ресурстық, консультациялық және технологиялық негізін шоғырландырады. Туристік саланы дамытудың салааралық үйлестірудің тиімді тетігі бола отырып, жергілікті биліктің қолдауы арқылы шағын және орта кәсіпорындарға инновацияларды әзірлеу мен енгізу процесін жеңілдетуге бағытталады. Инновациялық жобаларды әзірлеу кезінде қатысушыларға бірыңғай коворкингті пайдалану, инвестициялар тартуға жәрдемдесу, білім базасына қол жеткізу, сарапшылардан кеңес алу және инновациялық жобаларын БАҚ-та ілгерілету сияқты бірқатар маңызды қызметтер қолжетімді болуы мүмкін.
«Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесінің мақсаты: туристік салада үздіксіз жаңа туристік өнімдерді (қызметтерді) құру; қолданыстағы туристік өнімдерді (қызметтерді) жетілдіру; инновациялық орталықтармен бірлесе отырып, әр түрлі инновация түрлерін әзірлеу және енгізу. Оның негізгі міндеттері келесідей: туристік сала субъектілерінің инновациялық белсенділігін дамыту бойынша шаралар ұйымдастыру; туристік саладағы инновациялық жобалармен жұмыс; инновациялық қызметті қарқындату бойынша компания деңгейінде бірыңғай инновациялық саясатты жүзеге асыру; туристік саладағы инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау.
«Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесінің қағидалары:

  • жүйелілік – инновациялық даму ішкі және сыртқы факторларға сәйкес тұтас туристік жүйеге әсер ете отырып, жүйелі түрде іске асырылады;

  • қауіпсіздік – туристік саладағы инновациялар қоршаған ортаны сақтауға, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздік деңгейін сақтауға және жақсартуға бағытталуы керек.

  • өзектілігі – инновациялар туристер мен туристік сала субъектілерінің қажеттіліктеріне сәйкес құрылады және қоғамның жалпы даму деңгейіне сәйкес келеді;

  • ғылыми сипат – инновациялардың дамуы ғылыми білімдер мен әдістерге негізделеді.

«Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесінің функциялары:

  • ынталандырушы функция-инновациялық процеске қатысушыларды материалдық ынталандыру арқылы зияткерлік капиталдың даму серпіні күшейеді.

  • түрлендіруші функция – яғни, инновация теорияны практикамен байланыстырады, кең диффузия жағдайында сәтті инновациялар туристік саланың даму бағытын өзгерте алады;

  • репродуктивті функция – инновация экономикалық өсудің көзі болып табылады;

  • әлеуметтік функция – нарықты жаңа туристік өнімдер және қызметтермен қанықтыруға ықпал ететін экономикалық процестердің үздіксіздігін білдіреді.

  • аналитикалық және консалтингтік қолдау – туристік нарықты шолу, оның дамуын талдау және болжау, туристік өнімді жылжытудың әр түрлі аспектілері бойынша ұсыныстар қалыптастыру, жаңа технологиялар мен өнімдерге қол жетімділікті қамтамасыз ету − мамандандырылған ақпараттық мәліметтер базасының болуы.

Бұдан өзге оның функциялары келесідей: инновациялық идеяларды жинау және алдын ала талдау, R&D&I процесін ұйымдастыру, инновациялық өнімдер мен шешімдердің әлеуетті тұтынушыларын, тапсырыс берушілерін іздеу, бөлімшенің инновациялық мүмкіндіктерін талдау, ерте сатыдағы жобаларды инкубациялау, инновациялық жобалар портфелін басқару, инновацияларды коммерцияландырудың жаңа технологиялық процестері мен тетіктерін енгізу, инновациялық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігін бағалау.
«Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесінің қызметкерлері IT менеджерлер және маркетологтармен, туристік саладағы сарапшылармен тығыз қарым-қатынас орнатады, оны құрудың артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырайық (48-кесте).
Кесте 48 − «Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесін құрудың артықшылықтары мен кемшіліктері



Артықшылықтары

Кемшіліктері

  • туристік сала субъектілерінің табысын арттыру;

  • R&D&I жетістіктерін туристік салаға енгізу;

  • ғылым және білім беру ұйымдарымен, инновациялық орталықтармен, хабтармен R&D&I жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық пен нетворкинг;

  • тәжірибе, ақпарат және технологиялармен алмасу;

  • инфрақұрылым объектілерін бірлесіп пайдалану;

  • туризмнің жаңа бағыттарын дамыту үшін ғылым, білім, бизнес, мемлекет және қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіру;

  • туристік саладағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын ұлғайту;

туристік саладағы инновациялық жобаларға инвестициялар тарту мүмкіндігі.

  • қызметке сұраныстың болмау тәуекелдері;

  • тиімсіз, рентабельді емес жобалармен бірігу тәуекелі;

  • туристік сала субъектілерінің бірлескен іс-қимылдарын келісу бойынша күрделі үдерістер (бюрократия);

  • инновацияларды енгізудің жоғары құны мен күрделілігі;

  • туристік сала субъектілері басшылығының инновацияларға бейімділігінің жоғары болмауы және қызметкерлердің инновацияларды енгізуге қарсылығы;

  • туристік саладағы инновациялық қызметті стратегиялық жоспарлау тәжірибесінің болмауы;

  • туристік саладағы өңірлік және ұлттық инновациялық инфрақұрылымның дамымауы;

  • инновациялық қызметтің түпкі нәтижесіне жүктелген жауапкершіліктің дұрыс бөлінбеуі;

ішкі корпоративтік құпиялардың таралып кету қаупі.

Ескерту – Автормен құрастырылған

Жоғарыдағы 48-кесте талдауына сәйкес аталған бөлімшені құру және оның тиімді жұмыс істеуі үшін оның өзі әсер ете алмайтын сыртқы факторлар мен қауіп-қатерлерді ескеру маңызды және кемшіліктерді уақтылы, кезең-кезеңмен жоя отырып, артықшылықтарды күшейту қажет. «Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесінің стартаптарға арналған негізгі құндылық ұсынысы − бұл оны сәтті масштабтау үшін қажет үлкен тұтынушылық базасының болуы, себебі, ол «Арман Тур» ұлттық туроператорлық компаниясының бөлімшесі болғандықтан, осы компанияның тұтынушылар мен серіктестер базасын қолдануға мүмкіндігі бар. Процестерді жақсарту немесе жаңа өнімдерді шығару идеялары мен ұсыныстар тұтынушылардан, серіктестерден, қызметкерлерден, стартаптардан түсуі мүмкін. Егер ұсыныс жеткілікті түрде пысықталған және бірқатар стратегиялық міндеттерге жауап берсе, «Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесі идея сатысындағы жобалар үшін гипотезаларды дұрыс қалыптастыруға және олардың өміршеңдігін анықтауға көмектеседі, MVP және одан жоғары сатыдағы жобаларға қаржылық, сараптамалық, инфрақұрылымдық қолдау көрcете отырып, оны сынау мен масштабтауға көмектеседі.


«Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесінде стартаптармен жұмыс істеу «fast track» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Аталған бөлімше инновациялар мен инновациялық жобаларды, стартаптарды жүзеге асыруда бюрократиялық шектеулерді болдырмауға тырысады және туристік саладағы инновациялық қызметтің ерекшелігін түсінетін барлық негізгі бөлімшелердің (заңгерлер, қаржыгерлер, IT, тәуекелдер) мамандар тізбегімен пысықтайды.
«Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесінің корпоративтік мәдениеті мен табыс факторы келесі критерийлерге негізделуі тиіс:

  • «Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесінің сайтында кез келген тұлға туристік саланы дамыту бойынша өз ұсыныстарын бере алады;

  • жаңа технологиялар мен өнімдерді, бизнес-модельдер мен стартаптарды күнделікті бақылау;

  • идеялар мен гипотезаларды үздіксіз тестілеу;

  • қателіктерге жоғары төзімділік (толеранттылық);

  • инновация көзі ретінде әлемдегі ең үздік бенчмарктерге бағдар;

  • бір-бірін толықтыратын шешімдер табу;

  • нарық қажеттілігін есепке алу;

  • құндылық ұсынысын дұрыс қалыптастыру;

  • жоба барысында бизнес-тапсырушының белсенді қатысуы және команданың қолдауы.

Осы нәтижелерді негізге ала отырып, «Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесінің моделін қарастырайық (32-сурет).




Сурет 32 – «Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесінің моделі


Ескерту – Автормен құрастырылған


Бұл 32-суретте берілген ұсынысқа сәйкес, «Tourism Innovation Center» туристік инновациялық экожүйені дамыту бөлімшесінің қатысушылар құрамы келесідей:
1. Туристік саланың дамуын бақылайтын және үйлестіретін жергілікті атқарушы органдар, туризм индустриясының комитеті, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы, «Astana Convention Bureau», сондай-ақ, визит-орталықтар мен осы саладағы қауымдастықтар.
2. Туристік саладағы қосымша құнды қалыптастырудың бүкіл тізбегін құрайтын ірі, орта және шағын кәсіпорындар, оларға орналастыру орындары, мейрамханалар мен тамақтандыру кәсіпорындары, көлік компаниялары, турагенттіктер, туроператорлар кіреді.
3. Ғылым және білім беру мекемелері − жоғары оқу орындары және басқа да ұйымдық құрылымдар жатады, «Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі.
4.Қаржы-кредит ұйымдары − акционерлік банктер, венчурлік капитал, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді мемлекеттік қаржыландыру институттары, «Astana Invest», «QazTech Ventures» АҚ, «Qaz Angels» сияқты венчурлық компаниялар, бизнес-періштелер жатады.
4. Цифрлық туризмді дамытуда үлесі зор аутсорсингтегі мамандар, оларға IT-мамандар, бейнемейкерлер, SMM менеджерлер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет