Байланысты: Ануар - диссертация откорректированная
11. «Бала туғанда берілетін және баланы күтуге арналған жәрдемақыларды тағайындау» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету. Аталған мемлекеттік қызмет көрсету «Балалары бар отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Балалары бар отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2005 жылғы 2 қарашадағы №1092 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Бұл қызметті көрсету 15 күндік мерзімде жүзеге асрылады. Құжаттардың схема бойынша жүргізілуі көрсеткендей, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық, қалалық бөлімшесінің қызметкері тиісті құжаттарды тіркеп, шешімдердің жобасын әзірлеуге 5 жұмыс күнін жұмсайды.
Сөйтіп, шешімдер қабылдау жөніндегі негізгі рәсім осы кезеңде жүзеге асырылады. Алайда сол схема бойынша Уәкілетті органның жәрдемақыларды тағайындау немесе оларды тағайындау туралы шешім қабылдау рәсіміне тағы 10 жұмыс күні кетеді.
Сондықтан жоғарыда көрсетілген рәсімді оңайлатып, Уәкілетті органның қызметкеріне қабылданған шешімнің дұрыстығын тексеруге 5 жұмыс күніне дейін ғана мерзім берілуін дұрыс болар еді деп есептейміз. Сонымен, аталған рәсімдердің қайталануын жойғанда қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 15 күннен 10 күнге дейін қысқарады.
12. «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету. Аталған мемлекеттік қызмет көрсету «Балалары бар отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Балалары бар отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2005 жылғы 2 қарашадағы №1092 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Жұмыспен қамту бөлімдері мен әлеуметтік бағдарламалар болмаған жағдайда құжаттарды қабылдау мен азаматтардың дербес істерін қалыптастыруды ауылдық (селолық) округтың Әкімі жүзеге асырады. Ауылдық (селолық) әкімдіктердің аппараты жанында Учаскелік комиссия жұмыс істейді, ол 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы шешім шығару кезінде әрібір отбасының материалдық жағдайын ескереді.
Ауылдық (селолық) әкімнің аппараты, бұл рәсімдерге 20 күн жұмсап, жиналған дербес істерді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырады, ол 10 күннің ішінде жәрдемақы тағайындау туралы түпкілікті шешім қабылдайды. Сонымен, аталған қызмет көрсетудің мерзімі 30 күнді құрайды.
Отбасының материалдық жағдайын тексеру азаматтардың алғашқы рет өтініш жасаған кезінде және отбасының табыстары туралы деректер өзгерген жағдайда ғана керек болады. Аталған жәрдемақы тоқсан сайын расталып отыруды қажет етеді, сондықтан ауылдық (селолық) әкімдердің аппаратына отбасыларының материалдық жағдайын тексеруге берілетін мерзімді 5 күнге дейін қысқартқан жөн.
Аталған рәсімді оңтайландырған жағдайда қызмет көрсету мерзімі 30 күннен 15 күнге дейін, яғни екі есеге қысқарады.
13. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді тағайындау» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету. Аталған мемлекеттік қызмет көрсету «Балалары бар отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Балалары бар отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2005 жылғы 2 қарашадағы №1092 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Жұмыспен қамту бөлімдері мен әлеуметтік бағдарламалар болмаған жағдайда құжаттарды қабылдау мен азаматтардың дербес істерін қалыптастыруды ауылдық (селолық) округтың Әкімі жүзеге асырады. Ауылдық (селолық) әкімдіктердің аппараты жанында Учаскелік комиссия жұмыс істейді, ол 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы шешім шығару кезінде әрібір отбасының материалдық жағдайын ескереді.
Ауылдық (селолық) әкімнің аппараты, бұл рәсімдерге 20 күн жұмсап, жиналған дербес істерді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырады, ол 10 күннің ішінде жәрдемақы тағайындау туралы түпкілікті шешім қабылдайды. Сонымен, аталған қызмет көрсетудің мерзімі 30 күнді құрайды.
Отбасының материалдық жағдайын тексеру азаматтардың алғашқы рет өтініш жасаған кезінде және отбасының табыстары туралы деректер өзгерген жағдайда ғана қажет болады. Аталған жәрдемақы тоқсан сайын расталып отыруды талап етеді, сондықтан ауылдық (селолық) әкімдердің аппаратына отбасыларының материалдық жағдайын тексеруге берілетін мерзімді 5 күнге дейін қысқарту қажет.
Аталған рәсімді оңтайландырған жағдайда қызмет көрсету мерзімі 30 күннен 15 күнге дейін қысқарады.
14. «Жүріп-тұруды қиынсынатын бірінші топ мүгедегі үшін жеке көмекші белгілеу және саңырау болып қалған бірінші топ мүгедегі үшін ымдап сөйлесетін маман тағайындау бойынша көмек көрсету жөніндегі құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерге арнайы орындық-жеңіл арба (коляска-кресло) беру жөніндегі құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерге санаториялық-курорттық емделуін қамтамасыз ету жөніндегі құжаттарды ресімдеу», «Үйлерінде оқып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету жөніндегі құжаттарды ресімду» бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету. Аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысы негізінде жүзеге асырылады. Осы қызметтерді көрсету мерзімі 30 күнді құрайды, олардың көрсетілу рәсімі бірдей. Уәкілетті органның қызметкері құжаттардың толық және дұрыс толтырылуын тексеріп, оларды журналға тіркейді. Содан кейін уәкілетті орган 10 жұмыс күні ішінде құжаттардың ресімделгені туралы ескерту қағазын береді.
Аталған қызметтерді көрсету бойынша уәкілетті органға өтініш жсаған жағдайда – 3 жұмыс күнін, ал ХҚКО арқылы жүгінген жағдайда – 5 жұмыс күнін белгілеген жөн деп есептейміз.
15. «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет тұтынуға құжаттар ресімдеу» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету. Аталған мемлекеттік қызметті көрсету «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының «Әлеуметтік қызмет көрсетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2005 жылғы 23 желтоқсандағы №306-б Бұйрығы (2005 жылғы 23 желтоқсандағы №3985 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне тіркелген) негізінде жүзеге асырылады.
Бұл қызмет көрсетудің мерзімі 14 жұмыс күнін құрайды, атап айтқанда:
1) Аудандардың, қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі дербес істерді жинақтайды, оларды бағалалап, қызмет көрсетуге қажеттілікті анықтайды және 10 жұмыс күні ішінде қорытынды әзірлейді.
2) Құжаттардың жинақталған пакеті 1 жұмыс күні ішінде әлеуметтік қызмет тұтынуға жіберу қағазын беру үшін Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынылады, онда бұл құжаттар 2 күн ішінде қаралады.
3) Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы берген қызмет тұтынуға жіберу қағазы негізінде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі құжаттарды ресімдеу тралы шешім шығарады.
Негізгі жұмыстың бірінші кезеңде жүргізілгенін ескере отырып, аталған мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін 14-тен 10 жұмыс күніне дейін қысқартқан жөн деп есептейміз.
16. Тұрақты түрде күтім мен көмек көрсетілуге мұқтаж жалғыз қалған, жалғыз тұратын қарттарға, мүгедектер мен мүгедек балаларға үйінде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» бойынша қызмет көрсету. Аталған мемлекеттік қызметті көрсету «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының «Әлеуметтік қызмет көрсетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2005 жылғы 23 желтоқсандағы №306-б Бұйрығы (2005 жылғы 23 желтоқсандағы №3985 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне тіркелген) негізінде жүзеге асырылады.
Бұл қызмет көрсетудің мерзімі 13 жұмыс күнін құрайды, атап айтқанда:
1) Аудандардың, қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі дербес істерді жинақтайды, оларды бағалалап, қызмет көрсетуге қажеттілікті анықтайды және 10 жұмыс күні ішінде қорытынды әзірлейді.
2) Аудандардың, қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 3 жұмыс күні ішінде дербес істерді қарап, құжаттарды ресімдеу тралы шешім шығарады.
Негізгі жұмыстың бірінші кезеңде жүргізілгенін ескере отырып, аталған мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін 13-тен 10 жұмыс күніне дейін қысқартқан жөн деп есептейміз.