Байланысты: Ануар - диссертация откорректированная
17. «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету. Аталған мемлекеттік қызметті көрсету Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы минстрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 18 қарашадағы № 661 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 432 «Қазақстан Республикасында пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу сынақтары мен мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Бұйрығы (2009 жылғы 20 желтоқсанда № 5971 құжатпен ҚР Әділет министрлігінде тіркелген) негізінде жүзеге асырылады.
Пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу кезінде өтініш берушілер мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының оң сараптамалық қорытындыларын ұсынуы тиіс.
Уәкілетті органның (Ауыл щаруашылығы министрлігінің) пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу рәсімі өзіне негізінен ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді және тіркеу куәлігін ресімдеуді қамтиды.
Рәсімнің қарапайымдылығын және қосымша тексерулер мен сараптама-лардың жоқтығын ескере отырып, қызмет көрсету мерзімін 10-нан 5 жұмыс күніне дейін қысқартуға болады.
18. «Карантиндік сертификат беру» және «Фитосанитарлық сертификат беру» бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету. Аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету «Өсімдіктердің карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344 Заңы негізінде жүзеге асырылады.
Бұл қызметтерді көрсету рәсімдері бірдей, бірақ көрсету мерзімдерінің айырмашылығы бар. Осы қызметтер көрсету мерзімін 3 жұмыс күнімен шектеу керек.
19. «Ветеринарлық-санитарлық қорытынды беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету. Аталған мемлекеттік қызмет көрсету «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңы және Қазақстан Республи-касы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 761 «Мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау объектілеріне ветеринарлық құжаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Бұйрығы (2010 жылғы 1 ақпандағы № 6029 құжатпен ҚР Әділет министрлігінде тіркелген) негізінде жүзеге асырылады.
Ветеринарлық-санитарлық қорытындыны мемлекеттік ветериналық- санитарлық бақылаудың нәтижелері бойынша немесе сараптама актінің негізінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың ветеринарлық- санитарлық инспекторы мен оның орынбасары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ветеринарлық-санитарлық инспекторы береді және оның пайдаланылу режимін анықтайды.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ветеринарлық- санитарлық бас инспекторы мен оның орынбасары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ветеринарлық-санитарлық инспекторы ветеринарлық-санитарлық қорытындыны ресімдеу құқығы берілген мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордың тізімін бекітеді.
Осы ретте тіркеуге жауапты мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордың функциялары қорытындыны (ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын тексеру) ресімдеуге міндетті мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордың функцияларын қайталайды, бұған 2 жұмыс күні кетеді.
Тіркеуге жауапты мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектор ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын тексеруді стандартқа сәйкес 30 минутта жүзеге асырады, ал мемлекеттік органдарда қолданылатын тәртіпке сәйкес бұған 2 жұмыс күні жұмсалуы тиіс.
Осыған байланысты, жоғарыда айтылған қайталау алып тасталса, бұл қызмет көрсетудің мерзімін 5-тен 3 жұмыс күніне дейін қысқартуға болады.
20. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер қызметінаттестаттау» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету. Аталған қызметті көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қыркүйектегі № 1061 «Асыл тұқымды зауыт, асыл тұқымды шаруашылық, асыл тұқымды орталық және дистрибьютерлік орталық мәртебесін беру, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер қызметінаттестаттауды (қайта аттестаттауды) жүргізу қағида-ларын бекіту туралы» қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Мал өсіру қызметін көрсетуге асыл тұқымды зауыт, асыл тұқымды шаруашылық, асыл тұқымды орталық және дистрибьютерлік орталық мәртебесі жеке және заңды тұлғаларға ведомствоаралық сараптама комиссия-сының қорытындысы негізінде облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен беріледі.
Комиссия ұсынылған құжаттарды өтініш берілген күннен бастап үш айдан аспайтын мерзім ішінде қарайды. Ұсынылған құжаттарға талдау жасау негізінде комиссия өтініш білдірушіге тиісті мәртебе беруге болатындығы жөнінде қорытынды әзірлеп, оны барлық қажетті құжаттармен бірге тиісті шешім қабылдау үшін жергілікті атқарушы органға жібереді.
Комиссия қарайтын құжаттарда асыл тұқымды зауыт немесе асыл тұқымды шауашылық мәртебесіне үміткер жеке және заңды тұлғаларға қойылатын талаптарға олардың сай келетінін растайтын деректердің алдын ала қамтылғанын ескере отырып, комиссияның қорытынды әзірлеу мерзімін 1 айға дейін қысқартқан жөн.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде мемлекеттік қызметтерді ойдағыдай стандарттауға кедергі жасайтын және соның салдарынан тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасының төмендеуіне негіз болып отырған себептер туралы мынадай тұжырымдар жасауға болады:
1) Қызмет көрсету процестерінің тым артық бюрократтандырылып кеткендігі, бұл әсіресе қажетті құжаттардың көлемінің көбеюі мен қызмет көрсету мерзімдерінің негізсіз созылуынан көрініс табады.
2) Қолданыстағы ақпараттық-коммуникациялық жүйелердің мүмкіндіктерінің нашар пайдаланылуы.
3) Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігінің жеткіліксіздігі, олар мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын өз жұмыссының сапасын жақсарту құралы ретінде қолданбайды.
4) Жоғарыда тізбеленген кемшіліктердің туындауына мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттау процесіне және оның сапасының сақталуына қойылатын сыртқы қоғамдық бақылау тетігінің жоқтығы себеп болып отыр.
Стандарттау процесінің мықты және әлсіз жақтары туралы тұжырымдар жинақталған түрде төменде келтірілген мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттау процесіне жасалған SWОT-талдау матрицасында ұсынылып отыр.
2-кесте. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттау процесіне жасалған SWОT-талдау матрицасы