Туребаева Ж. К. «Қоғамдық сектордағы қаржылық есеп» пәнінен дәріс жинағы


Орталықтандырылған жабдықтау бойынша түрлі бюджеттерде тұрған тапсырыс беруші мен жүк алушы арасында туындайтын операцияны есепке алу тәртібі



бет19/32
Дата14.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#57293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32

2.Орталықтандырылған жабдықтау бойынша түрлі бюджеттерде тұрған тапсырыс беруші мен жүк алушы арасында туындайтын операцияны есепке алу тәртібі.


Қорлар үшін өнім берушімен есеп айырысуларды тапсырыс беруші мемлекеттік мекемелердің орталықтандырылған жабдықтау тәртібінде 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотында ескереді. Өнім берушінің шотын төлеу кезінде тапсырыс беруші 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотын дебеттейді және 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотын кредиттейді.
Жүкті алушыға жіберілген құндылықтарға өнім берушіден алынған, ақталу құжаттары (шоттар, жүкқұжаттар және басқа құжаттар) негізінде тапсырыс беруші осы құндылықтардың сомасына 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотының дебетіне және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредитіне жазба жүргізеді. Бір мезгілде 02 «Жауаптылықпен сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған жабдықтау бойынша төленген қорлар» баланстан тыс шоты бойынша жүк алушы мемлекеттік мекемелер бойынша бойынша Нысандар альбомының 322 нысанды журналында жазба жүргізіледі. Бұл ретте тапсырыс беруші жүкті алушының бухгалтерлік қызметіне тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі белгіленген нысан бойынша хабарлама хат жібереді. Хабарлама хатқа жіберілген құндылықтарға өнім беруші шотының көшірмесі қоса беріледі.
Жүкті алушының бухгалтерлік қызметі өнім берушінің жіберілген материалды құндылықтарына хабарлама хат пен шоттар көшірмесін алғаннан кейін жүкті алушының мекен-жайына мынадай жазбаларды жүргізеді:
ұзақ мерзімді активтердің құрамына кіретін, түскен жабдықтаудың немесе басқа заттардың сомасына Шоттар жоспарының ұзақ мерзімді активтерінің тиісті қосалқы шотын/шотын дебеттейді және 5011 «Күрделі салымдарды бюджет есебінен қаржыландыру» қосалқы шотын кредиттейді;
түскен материалдардың немесе қайтарылатын ыдыстар, іш киім, төсек орын, киім мен аяқ-киім сомасына 1310 «Материалдар» шотының тиісті қосалқы шотын дебеттейді және 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер» шотын кредиттейді;
өнім беруші жүк алушының мекен-жайына жіберген, бірақ хабарлама хат алған сәтке дейін түспеген құндылықтардың сомасына 1350 «Жолдағы қорлар» шотын дебеттейді және 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер» шотын кредиттейді.
Бұл құндылықтарды алғаннан кейін түскен материалдардың немесе қайтарылатын ыдыстың сомасына 1310 «Материалдар» шотының тиісті қосалқы шоттары дебеттеледі және 1350 «Жолдағы қорлар» шоты кредиттеледі.
Жүкті алушының бухгалтерлік қызметі активтерді қабылданған соң тапсырыс берушіге жедел жабдықтаудың орталықтандырылған тәртібінде келіп түскен құндылықтарды есепке алу туралы жауап хабарлама хат жіберуге міндетті.
Тапсырыс беруші жүкті алушының бухгалтерлік қызметінен жауап хабарлама хатты, сондай-ақ құндылықтарды қабылдаған кезде анықталған жетіспеушілікке және құндылықтардың бүлінуіне немесе заттардың жетпеген жиынтығына актілер алған соң мынадай жазбаларды жүргізеді:
қабылданған материалдық құндылықтардың сомасына 02 «Жауаптылықпен сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған жабдықтау бойынша төленген қорлар» баланстан тыс шотынан есептен шығаруды жүргізеді;
құндылықтарды қабылдаған кезде анықталған жетіспеушілік пен құндылықтарды бүліну немесе заттардың жетпеген жиынтығы сомасына 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотын дебеттейді (өнім берушінің немесе көліктік мемлекеттік мекеменің) және 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотын кредиттейді. Бір мезгілде 02 «Жауаптылықпен сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған жабдықтау бойынша төленген қорлар» баланстан тыс шотынан есептен шығаруды жүргізеді.
Өнім берушіге қайтарылатын ыдысты жөнелткен кезде жүк алушының бухгалтерлік қызметі тапсырыс берушіге өнім берушілермен есеп айырысу үшін оның санын, бағасын және құнын көрсете отырып ыдыстың жіберілуін растайтын барлық құжаттарды салып жібереді және бұл операциялар бойынша 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының дебетіне және 1319 «Өзге материалдар» қосалқы шотының кредитіне жазба жүргізеді.
Тапсырыс беруші есепке алуда бұл операциялар бойынша мынадай жазба жүргізеді:
жүк алушының бухгалтерлік қызметінен жіберілген қайтарылатын ыдысқа құжаттарды алғанда және ол үшін өнім берушіге шоттар көрсеткенде 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотын дебеттейді және 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотын кредиттейді;
өнім берушіден бос ыдыс үшін ақша алған кезде 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотын дебеттейді және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотын кредиттейді. Қайтарылатын ыдыс былтыр сатылып алынған жағдайда, тапсырыс беруші бұл соманы ол қаржыландырылатын бюджет кірісіне енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет