Туребаева Ж. К. «Қоғамдық сектордағы қаржылық есеп» пәнінен дәріс жинағы



бет18/32
Дата14.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#57293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32
Тақырып 4. Бюджеттер арасындағы есеп айырысулар есебі.

Дәріс 7-8

1.Орталықтандырылған жабдықтау бойынша бір бюджетте тұрған
тапсырыс беруші мен жүк алушы арасында туындайтын
орталықтандырылған жабдықтау жөніндегі операцияларды
есепке алу тәртібі.

2. Орталықтандырылған жабдықтау бойынша түрлі бюджеттерде тұрған тапсырыс беруші мен жүк алушы арасында туындайтын операцияны есепке алу тәртібі.

3. Концессия шарттары бойынша активтер мен міндеттемелерді есепке алу тәртібі.

4.Концессионер құрған активті қабылдап алу-беру мен талдамалық есебі.




1.Орталықтандырылған жабдықтау бойынша бір бюджетте тұрған
тапсырыс беруші мен жүк алушы арасында туындайтын
орталықтандырылған жабдықтау жөніндегі операцияларды
есепке алу тәртібі.


Активтер үшін өнім берушімен есеп айырысуларды тапсырыс беруші мемлекеттік мекемелерді орталықтандырылған жабдықтау ретінде 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотында ескереді. Өнім берушінің шотын төлегенде тапсырыс беруші 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотын дебеттейді және 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотын кредиттейді.


Жүкті алушыға жіберілген құндылықтарға өнім берушіден алынған, ұсынылған құжаттар (шоттар, жүкқұжаттар және басқа құжаттар) негізінде тапсырыс беруші осы құндылықтардың сомасына 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотының дебеті және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті бойынша жазба жүргізеді. Осымен бір мезгілде тапсырыс беруші жүкті алушы мемлекеттік мекемеге немесе орталықтандырылған бухгалтерияға хабарлама хат жібереді. Хабарлама хатқа жүкті алушының мекен-жайына жіберілген материалды құндылықтарға жеткізуші шотының көшірмесі ұсынылады.
Жүкті алушының бухгалтериясы өнім берушінің жіберілген материалды құндылықтарына хабарлама мен шоттар көшірмесін алғаннан кейін жүкті алушының мекен-жайына мынадай жазбаларды жүргізеді:
ұзақ мерзімді активтердің құрамына кіретін, түскен жабдықтың немесе басқа заттардың сомасына Шоттар жоспарының ұзақ мерзімді активтерінің тиісті қосалқы шотын/шотын дебеттейді және 5011 «Күрделі салымдарды бюджет есебінен қаржыландыру» қосалқы шотын кредиттейді;
түскен материалдардың немесе қайтарылатын бос ыдыстар, сондай-ақ киім-кешек, төсек орын, киім мен аяқ-киім сомасына 1310 «Материалдар» шотының тиісті қосалқы шоттарын дебеттейді және 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер» шотын кредиттейді;
өнім беруші жіберген, бірақ хабарлама хат алған сәтке дейін түспеген құндылықтардың сомасына 1350 «Жолдағы қорлар» шотын дебеттейді және 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер» шотын кредиттейді. Бұл құндылықтарды алғаннан кейін 1310 «Материалдар» шотының тиісті қосалқы шоты дебеттеледі және 1350 «Жолдағы қорлар» шоты кредиттеледі.
Тапсырыс беруші жүкті алушы қабылдаған кезде анықталған жетіспеушілік пен құндылықтардың бүліну сомасына немесе заттардың жиынтығы жетпеген сомаға жүкті алушыдан келіп түскен дұрыс ресімделген актілер негізінде 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» (өнім беруші немесе көліктік мемлекеттік мекеме) шотының дебеті және 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотының кредиті бойынша жазба жүргізеді.
Өнім берушіге қайтарылатын ыдысты жіберген кезде жүк алушының бухгалтерлік қызметі тапсырыс берушіге жеткізушімен есеп айырысу үшін санын, бағасын және құнын көрсету арқылы ыдыстың жіберілуін растайтын барлық құжаттарды салып жібереді. Бұл операциялар бойынша жүкті алушы 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының дебеті және қайтарылатын ыдыс сомасына 1319 «Өзге материалдар» қосалқы шотының кредиті бойынша жазбалар жүргізеді.
Тапсырыс беруші бұл операциялар бойынша мынадай жазбаларды жүргізеді:
жүкті алушыдан жіберілген қайтарылатын ыдысқа құжаттарды алғанда және ол үшін өнім берушіге шоттар көрсеткенде (бос ыдысты сатып алу бағасы бойынша) ұсынылған шот сомасына 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотын дебеттейді және 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шоты кредиттейді, бос ыдысты сатып алу бағасы мен өнім берушіге ыдыс қайтарылған баға арасындағы сома айырмасына 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотын дебеттейді және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотын кредиттейді;
қайтарылған ыдыс үшін ақша алғанда 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотын дебеттейді және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотын кредиттейді. Егер қайтарылатын ыдыс былтыр сатылып алынса, тапсырыс беруші бұл соманы ол қаржыландырылатын бюджет кірісіне енгізеді.
Жүкті алушы мемлекеттік мекеме бюджеттік бағдарламалар әкішісіне (тапсырыс берушіге) тікелей бағынбаған жағдайларда, соңғысы осы мемлекеттік мекеменің материалдық құндылықтарымен орталықтандырылған жабдықтау бойынша операцияны есепке алуды мемлекеттік мекеме арқылы жүргізеді.
Бюджеттік бағдарламалар әкішісі (тапсырыс беруші) бұл операциялар бойынша мемлекеттік мекемеге орталықтандырылған жабдықтау тәртібімен оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеменің құндылықтарын жіберуге хабарлама хаттың көшірмесін жібереді, бір мезгілде жіберілген құндылықтар құнының сомасын мемлекеттік мекемемен қаржыландыру бойынша есеп айырысуларға 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотының дебетіне және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредитіне жатқызады.
Мемлекеттік мекеме есепте төлеу туралы хабарлама хатының көшірмесін алғанда тікелей оған бағынатын мемлекеттік мекемелерге тиеп қойылған активтердің орталықтандырылған тәртібінде активте 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының дебеті (ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру бойынша есеп айырысулар) және пассивте 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотының кредиті бойынша (қаржыландыру бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен есеп айырысулар) көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет