3.Бухгалтерлік есепті және қаржылық есептілікті жасаудың қағидаттары. Қызметтің есептелуі мен үздіксіздігі бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасаудың қағидаттары болып табылады.
Есептеу қағидаты төлем уақытына қарамай, оларды жасау фактісі бойынша операция қорытындыларын танумен қамтамасыз етіледі.
Қызметтің үздіксіздігі қағидаты мемлекеттік мекеме болашақта жұмыс істеуге ниетті екендігін, қызметті жою қажеттілігі немесе қызмет ауқымын анағұрлым қысқартуға болмайтынын білдіреді.
Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 12.10.2013 № 481 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары түсініктілік, орындылық, сеніміділік пен салыстырмалық болып табылады.
Операциялар мен оқиғалар есепке алу құжаттамасында тіркеледі және олар жататын кезеңдердің қаржылық есептіліктерінде танылады.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Активтер, міндеттемелер және капитал қаржылық есептіліктің қаржы ережесін бағалауға байланысты элементтері болып табылады.
Кірістер мен шығыстар қаржылық қызмет нәтижелері туралы есепте қызмет нәтижелерін тікелей өлшеуге байланысты элементтер болып табылады.
Активтерге өткен оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік мекеменің бақылауындағы ресурстар жатқызылады, олардан болашақта экономикалық пайда немесе сервистік әлеует күтіледі.
Активке негізделген болашақ экономикалық пайдалар түрлі жолдармен түсуі мүмкін. Актив жеке немесе басқа активтермен үйлесімділікте тауарларды өндірген және қызметтер көрсеткен кезде басқа активтерге айырбастала, міндеттемені өтеуге қолданыла алады. Тауарларды өндіру және қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын, бірақ ақша қаражатының таза түсімін тікелей қамтамасыз етпейтін активтер сервистік әлеуетті білдіреді.
Актив мынадай өлшемдердің кез келгеніне сәйкес келген жағдайда айналымды (қысқа мерзімді) ретінде жіктеледі:
оны сату немесе іске асыру ұйғарылады немесе ол қалыпты операциялық цикл барысында қолдануға арналған;
ол негізінен сауда мақсаттарына арналған;
есепті кезеңнен кейін 12 ай ішінде оны сату ұйғарылады; немесе есепті кезеңнен кейін кем дегенде 12 айға міндеттеме бойынша есептеу үшін айырбастау немесе қолдану рұқсат етілсе – бұл ақша қаражаты немесе ақшалай баламалар.
Барлық өзге активтер ұзақ мерзімді (айналымнан тыс) ретінде жіктеледі.
Мемлекеттік мекеменің реттелуі экономикалық пайданы немесе сервистік әлеуетті қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соқтыратын өткен оқиғалардан туындайтын елеулі міндеті міндеттеме болып табылады.
Бар міндеттенді реттеу екінші тараптың талаптарын қанағаттандыру үшін әдетте мемлекеттік мекемеден экономикалық пайдасы бар ресурстардың ағып кетуіне байланысты. Бар міндеттемені реттеу ақша қаражатын төлеумен басқа активтерді берумен, қызмет көрсетумен не бір міндеттемені басқасымен айырбастаумен жүзеге асырыла алады.
Міндеттеме сондай-ақ кредит берушінің өз құқықтарынан бас тарту немесе оны жоғалту сияқты басқа құралдармен өтелуі мүмкін.
Міндеттеме мынадай кез келген талаптарды қанағаттандырғанда қысқа мерзімді ретінде жіктеледі:
оны өтеуді қалыпты операциялық цикл шегінде жүргізу ұйғарылады;
ол негізінен сауда мақсаттарына арналған;
ол есепті кезеңнен кейін 12 ай ішінде өтелуі тиіс; немесе есепті кезеңінен кейін кем дегенде 12 айға субъект міндеттемені өтеуге мерзімін өткізіп алуға шарттсыз құқығы болмағанда.
Барлық өзге активтер ұзақ мерзімді ретінде жіктеледі.
Барлық міндеттемелерді алып тастағаннан кейін қалатын активтердегі үлес таза активтер/капитал болып табылады.
Чистые активы/капитал отражают величину остатка в отчете о финансовом положении (активы минус обязательства) и могут быть положительными или отрицательными.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Қаржылық есептiлiк элементiнiң анықтамасына жауап беретiн бап, егер:
1) баппен байланысты кез келген болашақ экономикалық пайданы немесе сервистік әлеуетті субъект алады деген ықтималдық бар;
2) объектіні сатып алуға немесе құнына іс жүзіндегі шығындар сенімді өлшенгенде танылуы тиіс.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Қаржылық есептілік элементтерінің арасындағы өзара байланыс нақты элемент, мәселен актив үшін тану анықтамасына және өлшемдеріне жауап беретін бап автоматты түрде екінші бір элементті, мәселен табыс немесе міндеттемені тануды талап етеді дегенді білдіреді.
Қаржы жылы жылдық қаржылық есептілік үшін есепті кезең болып табылады. Қайта құрылған мемлекеттік мекеме үшін бірінші есепті жыл оның мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап сол жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы кезеңде басталады.
Қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беріледі.
Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілікті жасауы және беруі бекітілген нысандарға және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 шілдедегі № 325 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6352 болып тіркелген) Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 42-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 12.10.2013 № 481 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).