Туребаева Ж. К. «Қоғамдық сектордағы қаржылық есеп» пәнінен дәріс жинағы


Мемлекеттік мекемелерде жалдау бойынша операцияларды есепке алу



бет29/32
Дата14.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#57293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
2.Мемлекеттік мекемелерде жалдау бойынша операцияларды есепке алу.
Мемлекеттік мекеменің жалдау бойынша операцияларды есепке алуы үшін мынадай шоттар алынған:
1270 «Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек»;
2220 «Жал бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек»;
3260 «Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;
4120 «Жал бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешек».
 Жалға алушы осы операцияны мынадай корреспонденциямен көрсетеді: «Негізгі құралдар», «Инвестициялық жылжымайтын мүлік», «Биологиялық активтер» немесе «Материалдық емес активтер», 4120 «Жал бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті.
Мемлекеттік мекеме тану сәтінде, сондай-ақ есепті жылдың аяғында жалдау бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігін бөліп береді: 4120 «Жал бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» шотының дебеті және 3260 «Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті.
Қаржылық жалдауға байланысты жалдаушы жүзеге асырған қызметке тікелей жатқызылатын ретінде анықталған шығындар актив ретінде танылған сомаға қосылады.
Активтер мен міндеттемелер бастапқы жалдау күніне анықталған соманың ішіндегі ең төмен сомада танылады:
жалға берілген мүліктің әділ құны; және
ең төменгі жалдау төлемдерінің дисконтталған құны.
Активті жалға алушы амортизациялайды. Жалға алынатын активтің амортизацияланатын құны өзінің жеке амортизацияланатын активтері үшін жалға алушы қабылдайтын амортизация саясатына сәйкес қолдануды күтетін мерзім бойы әр есеп кезеңіне бөлінеді: 7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар» шотының дебеті және жиналған амортизацияны көрсету бойынша тиісті қосалқы шоттың кредиті.
Мемлекеттік мекеме жалданатын активтердің баланстық құнын осы Ереженің «Активтердің құнсыздануы» бөлімінің ережелеріне сәйкес құнсыздану тұрғысынан мерзімді қайта қарастыруы тиіс.
Жалдау бойынша сыйақы есептеуді мемлекетік мекеме 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3250 «Төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» шотының кредиті бойынша көрсетеді.
Жалдау міндеттемесін өтеу 3250 «Төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар» және 3260 «Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоттарының дебеті және «Ақша қаражаты және олардың баламалары» тиісті қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.
Жалға беруші жалдау мерзімінің басында баланста қаржылық жалдау шеңберінде алынатын жалдау төлемдеріне тең дебиторлық берешекті таниды.
Активті жалдауға беру мынадай жазбамен көрсетіледі: 2220 «Жал бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» шотының дебеті және қаржылық жалдауға берілген активтің тиісті қосалқы шотының кредиті.
Жалдау бойынша сыйақы есептеу 1250 «Алынуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» шотының дебеті және 6210 «Сыйақылар бойынша кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі. Жалдаудан сыйақылар бойынша кірістер бюджет кірістері болып табылады (активтерді басқарудан түсетін кірістерді бюджетке аудару тәртібі «Дебиторлық және кредиторлық берешектер» бөлімінде қарастырылған).
Есепті кезеңнің аяғында мемлекеттік мекеме жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешектің ағымдағы бөлігін мынадай жазбамен көрсетеді: 1270 «Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының дебеті және 2220 «Жал бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» шотының кредиті.
- ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Операциялық жалдауды есепке алу кезінде жалға алушы операциялық жалдау кезінде жалдау төлемдерін (жүйелі шығыс төлемге байланысты емес) өзге жүйелі негіз қолданушының пайда алудың уақытша кестесінің артық көрсетуін қамтамасыз еткен жағдайдан басқа жағдайларда жалдау мерзімі ішінде тура сызықты негізде бөлінген шығыстар ретінде көрсетеді.
Жалдау төлемдері (жалдау бойынша шығыстар) 7130 «Жал бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3260 «Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Жалға алушы енгізген алдын-ала төлеу сомасы «Өзге активтер мен міндеттемелер» бөліміне сәйкес ескеріледі.
Операциялық жалдауға алынған активтерді жалға алушы 01 «Жалға алынған активтер» баланстан тыс шотында ескереді.
Жалға берушілер баланста осындай активтердің сипатына қарай операциялық жалдау шартындағы активтерді ұсынады.
Операциялық жалдан жалдау кірісі (сақтандыру және қызмет көрсету сияқты ұсынылған қызметтер үшін түсімдерді қоспағанда) өзге жүйелі негіз жалдауға алынған активтен пайданың азаю уақытша кестесін артық ұсынуды қамтамасыз еткен жағдайларды қоспағанда, кірістер құрамында жалдау мерзімі бойы тура сызықты негізде танылады.
Операциялық жалдаудан түсетін кіріс былайша көрсетіледі: 1270 «Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының дебеті және 6220 «Активтерді басқарудан алынатын өзге де кірістер» шотының кредиті. Жалдаудан сыйақылар бойынша кірістер бюджеттің кірістері болып табылады (активтерді басқарудан түсетін кірістерді аудару «Дебиторлық және кредиторлық берешектер» бөлімінде қарастырылған).
Шығындар, оның ішінде жалдау кірісін алу кезінде тартқан шығындар шығыстар құрамында танылады, бұл кезде мынадай тізбек жүзеге асырылады: 7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар» шотының дебеті және 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының кредиті.
- ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Жалдауды құжаттамалық ресімдеу жалға беруші мен жалға алушы арасында жасалған жалдау шартын жасаудан басталады.
Жалға берілген активтерді талдамалы есепке алуды жалға берушілер бойынша активтердің әр объектісі бойынша (жалға берушінің түгендеу нөмірлері бойынша) Нысандар альбомының 296-а нысанды карточкаларында жүргізіледі. «Операцияның мазмұны» бағанында шалдау шартының нөмірі мен күнін, жалға берушінің атауын көрсету қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет