2.Бухгалтерлердің атқаратын функционалды міндеттері мен ұйымдастырушылық құрылымы. Мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есепті оның дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылатын мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік қызметі немесе бас бухгалтер басқаратын орталықтандырылған бухгалтериясы жүзеге асырады.
Бухгалтерлік қызметі жоқ мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп пен есептілікті мекеме басшысының жазбаша өкімімен тағайындалған тиісті маман жүзеге асырады.
Орталықтандырылған бухгалтерия қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелердің басшыларына осы мемлекеттік мекемелер басшыларының келісімімен орталықтандырылған бухгалтерияның бас бухгалтері белгілеген мерзімде қаржы есептілігінұсынады.
Мемлекеттік мекеменің бас бухгалтері лауазымына басшы тағайындайды және босатады және мемлекеттік мекеменің басшысына тікелей бағынады.
Мемлекеттік мекеменің бас бухгалтері барлық жүзеге асырылатын шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есеп шотында көрінуі мен бақылануын, шұғыл операцияның ұсынылуын, қаржы есептілігінің белгіленген мерзімде жасалуын қамтамасызетеді.
Бас бухгалтер мемлекеттік мекеме басшысымен бірлесіп банк құжаттарына және материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын қабылдау мен беруге негіз болатын құжаттарға, сондай-ақ қаржы міндеттемелері мен мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қол қояды. Мемлекеттік мекеменің басшысы бас бухгалтердің ұсынымы бойынша банк құжаттары мен бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығын уәкілетті тұлғаларға бере алады. Осы өкілеттіктер мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтары негізінде жүргізіледі. Бас бухгалтердің немесе оны алмастыратын тұлғаның қолтаңбасыз құжаттар жарамсыз болып есептеледі және орындалуға қабылданбайды.
Бас бухгалтер атқаратын лауазымынан босатылған (жұмыстан шығарылған, басқа жұмысқа тағайындалған, ауыстырылған) кезде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалған бас бухгалтерге, ал соңғысы болмаған кезде мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен тағайындалған қызметкерге істерді тапсыру жүргізіледі.