Туребаева Ж. К. «Қоғамдық сектордағы қаржылық есеп» пәнінен дәріс жинағы


Тақырып 2. Бюджеттің ақша қаражаттарының және кірістерінің есебі



бет6/32
Дата14.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#57293
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Тақырып 2. Бюджеттің ақша қаражаттарының және кірістерінің есебі.
Дәріс 3
1.Ақша қаражаттары мен олардың баламаларын есепке алу тәртібі.
Мемлекеттік мекемелер шығыс операцияларын жүзеге асыруды ағымдағы қаржы жылына арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспары шегiндегi шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша жүргiзедi.
Бюджет қаражатын пайдалану нысаналы мақсатына сай қатаң жүзеге асырылады. Ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанының аяғына дейін пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулардың қалдықтары жойылады.
- ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Есепті кезеңдегі ақшалай қаражат ағындары туралы ақпарат мемлекеттік мекеменің ақшалай қаражат қозғалысы туралы есепте операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтерінен ағындарға бөле отырып, беріледі.
- ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Ақша қаражатымен және олардың баламаларымен жасалатын операцияларды есепке алу үшін «Ақша қаражаты және олардың баламалары» кіші бөлімінің шоттары пайдаланылады:
1010 «Кассадағы ақша қаражаты»;
1020 «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты»;
1030 «Есеп айырысу шоты»;
1040 «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін ҚБШ»;
1050 «Шетелдік валютадағы шот»;
1060 «Арнайы шот»;
1070 «Өзге де ақша қаражаты»;
1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»;
1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары».
Мемлекеттік мекеменің қолма-қол ақшаны екінші деңгейлі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар (әрі қарай – банк) арқылы алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оның кассалық қызмет көрсету ережесінде анықталған тәртіппен жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет