«Туризм: экотуризм», «Әлемдегі ерлер мен



бет1/2
Дата14.02.2023
өлшемі33,61 Kb.
#67760
  1   2
Байланысты:
1 СОР 3тоқ11кл


«Туризм: экотуризм», «Әлемдегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен теңдігі» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Оқушының аты-жөні__________________________
Сыныбы___________



Тапсырма







Мәтінді тыңдап, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.

  1. мәтін

Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметтеріне қарағанда, мемлекеттер қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы экотуризмнің еншісіне тиесілі екен. Туризмнен түскен кіріс дүниежүзі бойынша әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік сатудан кейінгі үшінші орынды иеленіп келеді. Экологиялық туризмнің басқа туризм түрлерінен айырмашылығы – табиғатта туристердің белгіленген тәртіпке бағынуы, табиғи ландшафттарды шамадан тыс ластаудан қорғау және индустриялық туризм дамуының басты шарты болып табылатын табиғи ресурстардың құлдырауын болдырмау.
Экотуризмнің дамуы республикадағы барлық табиғи шаруашылық кешендерінің сәтті ілгерілеуіне ықпал етеді. Сонымен қатар қоғамның тұрақты дамуы мен халықтың салауатты өмір салтын сақтауға бейімделуін жолға қояды. Қоғамның табиғи ортаға және экожүйеге көңіл аударуы жоғарылай бастады.

  1. мәтін

Қазақстан экологиялық туризмді дамыту үшiн елеулi әлеуетке ие. Бұған ерекше географиялық аймақта орналасқан, еліміздің адам аяғы баспаған табиғаттың ғажайып бұрыштары, ландшафттар, тарихи ескерткiштер мен археологиялық орындары үлкен мүмкiндiк туғызады. Археология, тарих және сәулет ескерткіштерінің көлемі бойынша Қазақстан нағыз «ашық аспан астындағы мұражай» болып саналады. Табиғаты бүлінбеген түрде сақталған аумақтың саны мен әртүрлілігі экологиялық туризм әуесқойларын ерекше қызықтырады.
Еліміздегі экотуризмді дамытуда туристік фирмалар мемлекет мүддесі үшін қызмет етпейді. Көпшілік туристік фирмалар шетелдіктер үшін еліміздің табиғаты көз тартатын жерлеріне саяхат түрлерін ұйымдастырғаннан гөрі, қазақстандықтарды шетелге саяхатқа жіберумен айналысқанды жөн көреді. Ол ел экономикасына кері әсерін тигізеді, өйткені шетелге шыққан қазақстандық туристер мемлекеттің қаржысын барған мемлекеттің экономикасына құяды. Сол арқылы шетелде жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал
етеді.

  1. Мәтіндерде көтерілген ортақ мәселені анықтаңыз.




  1. Кестені пайдаланып, екі мәтін ақпаратын салыстырыңыз. Жауаптарға мәтіннен дәлел келтіріңіз.



Салыстыру

1-мәтін

2-мәтін

Мәтін тақырыбы







Мәтіндегі автор идеясы







Мәтіндердің көздеген
аудиториясы









  1. Жұптық жұмыс. Өзара төмендегі тақырыптарда сөйлесіңіз. Сөйлеу кезінде сөйлеу мәнеріңізге, интонация, ой екпініне назар аударыңыз.

    1. Қазақстандағы туризм және экотуризм

    2. Экотуризм дегеніміз не?

    3. Қазақстанда экотуризмді қалай дамытамыз?








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет