Туризм әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде. Туризм дамуына әсер етуші факторлар


Орналастыру орындары ұғымын анықтаңыз және орналастыру құралдарының жiктелу дәрежесі атаңыз



бет29/46
Дата21.02.2023
өлшемі182,99 Kb.
#69747
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46
47. Орналастыру орындары ұғымын анықтаңыз және орналастыру құралдарының жiктелу дәрежесі атаңыз. 
Орналастыру – туризмнің ең негізгі элементі. Қонақүй өндірісі-қонақжайлылық жүйесінің негізі болып табылады. Орналасу жүйесі немесе құралы — бұл әртүрлі сервис деңгейін ұсынатын, уақытша клиенттерді қабылдайтын, түнеуге орын беретін әр түрлі типтегі ғимараттар. Қазіргі таңда қонақжайлылық инфроқұрылымы регионның және туристік орталықтың қарқынды даму үстіндегі қуатты жүйесі және туризм экономикасында маңызды құралы. Туристерді ұжымдық орналастыру құралдары мыналарға бөлінеді:
1) қонақ үйлер және туристерді орналастырудың ұқсас құралдары (қонақ үйлер, ұқсас ғимараттар);
2) мамандандырылған мекемелер (сауықтыру мекемелері);
3) өзге де ұжымдық мекемелер.
48. Турагенттiк келiсiмнiң негiзгi ережесiн атаңыз. Туристік жолдамаларды сату ережелері.
Туристік жолдама — туристік қызмет көрсету кешенін алуға құқықты растайтын құжат.
Туристік жолдаманың құрамына туристік қызмет көрсету кіреді. Туристiк қызмет көрсету — туристiк саяхат кезеңiнде және осы саяхатқа байланысты туристiң қажеттіліктерiн қанағаттандыру үшiн маңызы зор қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушылары, гидтер (гид-аудармашылар) көрсететін қызметтер және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер).
Туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығы үшін берілетін лицензия болып табылады. Лицензияның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүреді. Өтінуші лицензия алғаннан кейін лицензия берілген кезден бастап жеті ай ішінде көрсетілетін туристік қызметтерге сертификат алуға міндетті, содан кейін олардың көшірмелерін лицензиарға тапсырады. Лицензия мынандай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:
-туроператорлық;
-турагенттік;
-экскурсиялық;
-туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуі
49. ДТҰ
Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) – бүгінгі күні туристік әлемдегі ең атақты және ең танымал ұйым. ДТҰ туризмді дамыту мақсатында құрылған үкіметаралық сипаттағы халықаралық ұйым болып табылады. Штаб-пәтері Испания астанасы Мадрид қаласында орналасқан.
Ұйым алғашында Ресми туристік ассоциалардың халықаралық конгресі ретінде 1925 жылы Гаага қаласында құрылған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ұйымның атауы Ресми туристік ұйымдардың халықаралық одағы деп өзгертілді және штаб-пәтері Женева қаласына ауыстырылды. Халықаралық одақ құрамында 109 ұлттық ұйым мен 88 ассоциациялық мүшесі бар техникалық үкіметтік емес ұйым болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет