Туризм әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде. Туризм дамуына әсер етуші факторлар


Туризм бойынша декларация. Осака декларациясы



бет24/46
Дата21.02.2023
өлшемі182,99 Kb.
#69747
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46
Байланысты:
AMRINA RK EKhT

38.Туризм бойынша декларация. Осака декларациясы.
Әлемнің барлық елдерінің жеке және мемлекеттік туристік секторларының көшбасшылары, 2001 жылдың 1 қазанында Жапонияның Осако қаласында өткен ДТҰ ассамблеясының мыңдылжық туристік конференциясына қатысушылар төмендегі декларацияны қабылдады.

  1. Халықаралық туристік нарық

Кейбір мемлекеттерде жұмыс демалыстарының уақыты қысқара бастады. Басқа жағынан кейбір елдерде жұмыс уақытының ұзаққа созылуы мен еңбек демалысының аздығы туризмнің дамуына кедергі болуда. Осындай мәселелері бар елдердегі билік пен жеке секторлар бұл мәселерге мән беріп тез арада шешу керек.

  1. Туризм негізінде табиғи және мәдени мұраларды сақтау

Туризмнің даму негізіне табиғат пен мәдени ресурстарды қорғайтын сонымен қоса келушілердің талаптарын қанағаттандыратын принциптер енуі керек. Бұл жағдайда құндылықтарды сақтай отырып, ресурстарды одан әрі дамыта білу керек.

  1. Туризм және ақпараттық технология

Бұл мақсатта нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті дамыту үшін маңызды инвестиция қажет. Аймақтық және мемлекеттік секторларда ашық инфрақұрылым ретінде ұйымдар ашу маңызды орын алу керек.
39. Экологиялық туризм бойынша Квебек декларациясы
БҰҰ Халықаралық Экотуризм Жылы деп жариялаған 2000 жылы жұртшылықтың, жеке меншік жəне мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерінен тұратын 132 елден келген мыңнан астам қатысушылар «Tоurisme Quebec» жəне Қоршаған орта бойынша БҰҰ-ның Бағдарламасы аясында Туризм бойынша Канада комиссиясы (UNEP) жəне Дүниежүзілік Туристік Ұйым (WTO) ұйымдастырған Дүниежүзілік Саммитінде бас қосты. Саммит Канадада Квебек қаласында 2002 жылдың 19-22 мамыр аралығында өтті.
Экотуризм бойынша Дүниежүзілік Саммитінің қатысушылары берілген кеңес беру үрдісінің шектеуліктерін түсіне отырып, мүдделі жақтардың кең тобының, əсіресе үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) мен тұрғылықты жəне жергілікті қоғамдастықтардың үлесін одақтастыру үшін келесіні мойындайды:
экотуризм ұғымы туризмнің экономикалық, əлеуметтік жəне экологиялық əсеріне қатысты
тұрақты туризм қағидаларынан тұрады. Ол сонымен қатар тұрақты туризмнің жалпы
тұжырымдамасынан ерекшелендіретін келесі арнайы ұстанымдарды қамтиды:
− табиғи жəне мəдени мұраны сақтауға белсенді үлес қосу;
− жергілікті қоғамдастықтардың экотуризмді ұйымдастыру бойынша іс-əрекетті
жоспарлау, дамыту үрдісіне қатысуы жəне осыдан пайда алуы;
− туристер арасында олар демалуға баратын жерлердің табиғи жəне мəдени
құндылығына байланысты мəселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;
− шағын ұйымдастырылған топтар мен өз бетімен саяхаттайтын туристерден тұратын
кішігірім туристер ағымдарына бағытталу.
Бүкіләлемдік экологиялық саммитте 2002 жылғы мамыр айында қабылданған Квебек декларациясының ұсыныстарын іске асыруды қамтамасыз ету қажет: 

  • экотуризмді дамытудың ұлттық, өңірлік және жергілікті саясатын табиғатты, жергілікті мәдениетті қорғауды және жергілікті халықпен, жеке сектормен, үкіметтік емес ұйымдармен серіктестікте ұлттық дәстүрлер мен генетикалық ресурстарды сақтауды есепке ала отырып әзірлеу; 

  • табиғи ортаға кері әсер етудің алдын алу үшін қажетті реттегіш және мониторингтік тетіктерді әзірлеу;

  • шағын және орта бизнес өкілдері үшін техникалық, қаржы және адам ресурстарын дамытуға қолдау жасауды қамтамасыз ету;

  •  қоршаған ортаны қорғауға жауап беретін үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру. 

Аталған ұсынымдарды орындау мен қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық туризмнің ерекше қажеттіліктерін қамтамасыз ету, халықтың өзіндік мәдениеті және дәстүрлерімен үйлесімділікте сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді сақтау, сондай-ақ турлардың географиясын үнемі кеңейтіп тұру Қазақстандағы туризмнің осы түрінің табысты дамуын батыл болжамдауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет