Туризм әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде. Туризм дамуына әсер етуші факторлар



бет20/46
Дата21.02.2023
өлшемі182,99 Kb.
#69747
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46
Байланысты:
AMRINA RK EKhT

31. Туризмдегі қауіпсіздік
Қауіп – зардап, жарақат немесе басқа зиян әкелетін материал немесе жағдай.
31. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шараларға саяхаттары, жарыстарды ұйымдастыру, даярлау және өткізу шаралары жатады: қатысушылар мен жетекшілердің көп қырлы дайындығы, маршруттарды, жарыс, жаттығу орындарын дайындау, туристік топтардың материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыздануы, туристік консультацияларды, тексеру мен бақылауды ұйымдастыру, жәрдем беру, іздеу-құтқару жұмыстарын өткізу.
Қауіп-қатер себептері шартты түрде төрт топқа бөлінеді:
1 топ: табиғи қауіп-қатерлер;
2 топ: материалдық-техникалық қамтамасызданудың қателіктері мен жетіспеулігі;
3 топ: саяхатты дұрыс ұйымдастырмау;
4 топ: медициналық сауатсыздық, тәжірибе мен тактикалық-техникалық дайындықтың жетіспеуі, тәртіпсіздік.
Табиғи қауіп-қатерлері:

32. Туристік кәсіпорындағы ақпараттық технологиялар
Туристік фирма жұмысын ұйымдастыру кезінде маркетинг ақпарат ең маңызды болып табылады.  Ақпарат – маркетинг зерттеулері барысында жиналған мәліметтердің жиынтығы. Жақсы ақпарат келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

  1. бәсекеде басымдылықты алу;

  2. шығын қаражатының қауіп-қатерін төмендету;

  3. ішкі және сыртқы ортаны бақылау;

  4. стратегияны дұрыстау;

  5. нарық жағдайын бағалау;

  6. тұтынушылардың жарнамаға деген сенімін арттыру;

  7. тиімділікті көбейту;

  8. фирманың өз жұмысын дұрыс бағалау.

Маркетинг шараларды орындауға керек ететін барлық ақпарат жиынтығынмаркетингтік ақпараттық жүйе деп атайды. Маркетингтік ақпарат жүйесі – туристік мекеменің ішкі және сыртқы жағдайын сипаттайтын мәліметтерді жинау, жүйелеу, бағалау және оларды қолдануды қамтамасыз етеді. Ол мынадай шағын жүйелерден тұрады:

  • ішкі ақпарат;

  • сыртқы ақпарат;

  • алғашқы ақпаратты жинау;

  • ақпаратты талдау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет