Туризм әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде. Туризм дамуына әсер етуші факторлар.
Туризм — туристтердің қажеттілігін материалдық және материалдық емес түрде қанағаттандырушы экономиканың өндірістік емес сферасы. Туризм өнімі — бұл өзінде транспорттық, қонақ үй шаруашылығы, сауда, экскурсиялық, спорттық, комуникабельді, сауықтыру қызметтерін біріктіруші қызметтер жыйынтығы болып табылады.
Мамандар туризмнің дамуы тікелей елдің экономикасының және әлеуметінің дамуына тәуелді деген қорытындыға келді. Жақсылап зейін қойып қарасақ, туризм саласының дамуына әсер етуші бірнеше факторларды бөліп қарастыруға болады.
Саяси факторлар. Мемлекеттегі тұрақты саяси жағдай- туризмнің дамуының алғышарттарының ең бастысы деп айтса болады. Сонымен қатар, туризмнің дамуына осы мемлекеттің басқа мемлекеттермен орнатқан байланыстары мен қатынастарыда әсер етеді.
Экономикалық фактор. Дамыған елдердегі өмірдің жоғары деңгейі сол ел азаматтарына туристік саяхаттарға көп қаржы бөлуге мүмкіндік береді.
Туризмге сыртқы экономикалық іс-шаралар, әлем экономикасындағы интеграциялық және жаһандану үрдістері қатты әсер етеді. Осындай үрдістер аймақтың іскерлік белсенділігіне әкеледі, соған сәйкес бизнес туризмнің дамуына әкеледі.
Әлеуметтік-демократиялық фактор. Туризмнің дамуына халық санының өсуі әсерін тигізеді, әсіресе қалалық жерде. Қаладағы өмір ағыны ауылдағыдан қарағанда өте бетесті болып келеді. Осыған байланысты қалалық тұрғындар үшін туризм жан-дүние тепе-теңдігін әкелуі мүмкін.
Мәдени фактор. Бұл факторға адамдардың басқа елдің мәдениетінғ тарихын, өмірін зерттеу кезінде пайда болатын мәдени, білім, эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруды жатқызамыз.
Ғылыми-техникалық прогресс. Қазір ғылыми-техникалық прогрестің арқасында жоғарғы екпінмен алыс арақашықтықты аз уақытта жүріп өту; қызмет көрсету деңгейінің жоғарылауын байқаймыз. Транспорттарда туристтердің жайлылығы үшін жағдайлар жасалуда.
Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның ілгері дамуын назардан тыс қалдыруға ьолмайды. Дамыған технологиялардың арқасында турист туристік өнімді онлайн түрде сатып ала алады, әртүрлі тарифтерді ала алады. Алдағы дамуды жаңа технологиялардың көмегінсіз елестету мүмкін емес.
Туризмнің дамуы бұқаралық-ақпараттың құралдар дамуымен тығыз байланысты. Аумақтың ақпаратпен қамтамасыз етілуі адамдардың кай жерге барып демалуға болатындығы туралы ақпараттандырады және туристтер санын көбейтеді. Бұқаралық-ақпараттық құралдар нақты бір жердің туризмі емес, жалпы туризмді жарнамалауға көмектеседі.
Жалпы әлемде туризм жақын он жылдықта елдің ең жұмыс орны көп қайнар көз болып қала береді. Зерттеушілер үрдісті жалғастырып, туристік өнімді әртүрлі қажеттіліктерге байланысты бөлуді жоспарлайды.