Туризм әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде. Туризм дамуына әсер етуші факторлар


Туроператор және Турагент ұғымдарына анықтама берiңiз. Олардың айырмашылығына сипаттама. Туристiк оператор



бет28/46
Дата21.02.2023
өлшемі182,99 Kb.
#69747
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46
Байланысты:
AMRINA RK EKhT

45. Туроператор және Турагент ұғымдарына анықтама берiңiз. Олардың айырмашылығына сипаттама.
Туристiк оператор – коммерциялық мақсаттағы туристiк өнiмдi жоспарлауға, өндiруге, жүзеге асыруға, Өткiзуге қатысатын туристiк нарықтың белсендi субъектiсi;
Туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалардың (бұдан әрi – туроператорлар) өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну және туристiк агенттер туристерге өткiзу жөнiндегi қызметi;
Туристiк агент – туроператор мен тұтынушының арасындағы делдал фирма;
Туристiк агенттiк қызмет (турагенттiк қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрi – турагент) туристiк өнiмдi ұсыну және өткiзу жөнiндегi қызметi;
46. Туризмді басқару обьектісі ретіндегі ерекшелігі мен сипаты? ҚРдағы туристік кешенді басқару деңгейі және әрқайсысындағы негізгі шешілетін тапсырмалар.
Қазақстан Республикасының теңдесі жоқ табиғи және мәдени әлеуетіне негізделген қазіргі заманғы туристік индустрия туризмнің туристік қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы жүйесіне оралымды кірігуінің табиғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпінді дамушы және өзінің капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөнінен тиімді
салалардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің туризм саласындағы белгілеген барынша маңызды міндеттерінің бірі – Қазақстанды орталық азиялық өңірдегі туризм орталығына айналдыру. Туризмді дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында бес жылдың ішінде халықты жұмыспен қамту үшін, сыртқы және ішкі туризм көлемінің артуы есебінен кірістің тұрақты өсімі үшін, сонымен қатар Қазақстанды 2011 жылы Ортаазиялық аймақтың туризм орталығына айналдыру үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру қарастырылған. Аталмыш бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 59 млрд. Теңгеден астам сома көлемінде қаржы бөлу жоспарланып отыр. Басқаратын жүйе деп, ретке келтіру мақсатында басқару ықпалын жүргізуге арналған объектіні, яғнb белгіленген жүйеге жетуге мүмкіндік беретін даму нышанын айтады. Оның өзі өндірістің алуан саласындағы процесті жүзеге асырады. Басқарушылық ықпалдар бағытталған басқару объектісіне тәуелді қоғамның, мемлекеттің, экономиканың, әлеуметтік үрдістердің, ұйымдардың, өндірістік ұжымдардың, үй шаруашылықтарының және т.б. басқарылуын айыруға болады. Осы объекттердің барлығы әлеуметтік — экономикалық жүйелер болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет