Қайталау сурақтары 1. «Бос уақыт» деген не? Қазіргі адамның өмірінде қандай орын алады? Оның функциялары қандай? 2. «Демалыс», «босуаңыт», «рекреация», «туризм», «экскурсия» анықтамаларын беріңіз. 3. Рекреациялықіс-әрекеттіц мезгілдері мен аумақтың белгілері бойынша сипаттамасын беріңіз. 4. Рекреация мен туризм аныңтамаларының қатынасы қандай? § 2 Рекреацияның әлеуметтік-экономикалық мәні және негізгі функциялары Саяхатшылар жолға шыққан кезде алдарына түрлі мақсат қояды. Біреулері қызыктыратын жерлерді тамашалағысы келеді, басқалары - орманның не таудың тамаша таза ауасында демалып рахаттанғысы келеді, үшіншілері спорттық мақсатта туристік жорыққа аттанады. Рекреация мен туризм функциялары негізгі мақсатына карай танымдық, спорттық-сауықтыру және емдік функцияларына бөлінеді. Сонымен қатар, танымдық функциясына барлығы да зор мән береді. Жергілікті қызықтыратын нысандарды тамашалаған кезде адам ақыл-ойын осыған бағыттайды, яғни адам миы психологиялық жүктемесінен босайды.
Танымдық функциясы туристердің табиғатты, мәдени-тарихи орындарды, этнографиялық, шаруашылық және басқа да ауданның көңіл қоятын, көз тартарлық көрікті орындарын білуге тырысуынан туады. Таным - адамның психологиялық күшін қалпына келтірудің ерекше түрі. Табиғи-климаттық орындарының оң қасиеттеріне колайлы климат, желсіз ашық күндер, орман, тау, теңіз, көл, өзендер жатады.
Мәдени-тарихи орындары - бұлсәулет ескерткіштері, мұражай-лар, көркем галереялары, театрлар және басқа да объектілердің жиынтығы. Этнографиялық объектілерге жергілікті халықтың салт-дәстүрі, киімі, аспаздық өнері, фольклор жәнебасқа да халық шығармашылығының қырлары жатады. Шаруашылық объектілеріне белгілі бір аудан шаруашылығының жетістіктері жатады.
Сонымен қатар, белгілі жерге бару себептеріне жергілікті оқиғалар, мысалы, фестивальдар, конгрестер, мэжілістер, жәрмеңкелер, карнавалдар, ауқымды спорт жарыстары жатады.
Туризмдегі тану туризм маршрутына, туризм мүмкіншіліктері мен мүдделеріне байланысты. Бұл жағынан туризмді ғылыми және саяси білімдерді таратудың ең тиімді түрлерімен салыстыруға болады. Туризм қоғамның басты міндеттерінің бірі - адамды тәрбиелеу міндетін орындауға септігін тигізетін болғандықтан, оның танымдық қасиетін арттыру қажет.
Туризм арқылы сауықтыру - адамның физикалық және психо-логиялық шаршауын басу жолы болып саналады. Туризмнің бұл функциясының әлеуметтік-экономикалық түпкі мәні өте жоғары, себебі ол миллиондаған адамдардың денсаулығын шынықтыруға бағытталған, олай болса, ол адамның еңбек қабілетін көтереді.
Туристік жорықтарда адамның психофизиологиялық қасиеттері, дағдысы қалыптасады. Туризмнің ондай қасиетінің практикалық маңызы зор. Туризм ұйымшылдыққа, бір-біріне көмектесуге, қойылған мақсатты орындауға бейімдейді.
Соңғы кездегі туризмнің қарқынды дамуы ғылыми-техникалық революцияға байланысты. Адамның әлеуметтік жағдайының жақсаруы, білім мен мәдени деңгейінің өсуі, бос уақыттың көбеюі туризмнің дамуына қатты әсерн тигізеді.
Қазіргі шақта рекреация іс-әрекеттің таңдаулы түріне жатады, ол адамның күнделікті өмір сүру жағдайына айналып отыр. Қоғамдық көзқарас жағынан оның негізгі мақсаты - қоғамның әрбір мүшесінің физикалық және психологиялық күш-қуатын қалпына келтіру, оның рухани дүниесін жан-жақты дамыту болыптабылады. Рекреация дегеніміз дамыған қоғамның айырылмас бір бөлігі, қазіргі өмір салтының әлементі.
Туризмнің патриотизмді тәрбиелеудегі зор маңызын атап айту қажет. Өз елінде саяхат жасағанда турист өз елінің жетістіктерін, сүлу табиғатын, жұрттың өмірін көріп тамашалайды. Сонымен қатар, туризм табиғатты қорғау санасын тәрбиелейді.
«Рекреация» мен «туризм» ұтымдары баршаға мэлім, бірақ ғалымдардың өздері де осы үтымдардың дәл анықтамаларын бере алмай тұр. Дегенмен, олай болса да, соңғы кездегі «рекреациялық миграцияның» қарқынды дамуына ешқандай кедергі жоқ.
Халықаралық туризм әлемшаруашылығының жетекші салаларының бірі. Оған әлемнің жалпы ішкі өнімінің (ЖЮ) 11%, әлем экспортының 6%, жұмыс орындарының 10,5% келеді. Туризмнің жаһандану ұрдісі өтуде, халықаралық туристік байланыстар әлем халықтары арасындағы қатынастардың географиялық ауқымын кеңеюіне және олардың қарқындылығына себепкер болуда. Қазіргі кезде әлем халқының 10% өз елінен шетелге туристік мақсаттармен аттануда [9].
Туризмнің осындай дамуының бірнеше себептері бар. Оның ішінде ең басты себебі - бұқаралық туризм дамуы кезеңіне сәйкес болған, ғылыми-техникалық революциясы нәтижесінде көрініс тапқан материалдық өндіріс сферасындағы қоғамдық еңбек өнімділігінің қарқынды дамуы. Еңбек өнімділігінің деңгейі еңбекшілердің жеке және қоғамдық қажеттілігінің өтелуін көрсетеді.
Материалдық, оның соңынан мәдени деңгейінің өсуі тұтгну құры-лымына өзгерістерді енгізеді: жұрттың материалдық қажеттіліктері-нен қызметтерге деген сұранысы жылдамырақ өседі. Мұның себебі - адамның қарапайым қажеттіліктерінің (тамақ, киім мен баспана) белгілі шектелуі болады, ал адамның зиялылық, интеллектуалдық сұраныстары оған қарағанда шексіз. Бұрынтек ақсүйектер қолы жеткен артықшылықтар бүгін еңбекшілердің кең қауымы үшін асқар таудай емес.
Жоғары экономикалық көрсеткіштер бүгін адам қажеттіліктерін өтеу сайманы, өмір деңгейін жоғарылату құралы болып табылады.
Материалдық өндіріс аясындағы еңбек өнімділігінің өсуі нәтижесінде қоғамдық өнім шығаруға бұрынғыға қарағанда аз уақыт жұмсалады. Бір жыл шамамен 9000 сағатқа тең. 1850 жылы осы уақыт былай жұмсалған: 5000 сағат - жұмыс уақыты, 3000 сағат - үйқыға, 1000 сағат - жұмыстан тыс уақыт (үйқы уақытынсыз). 200 жыл өткен соң: 3000, 3000 және 3000 сағат [1]. Сөйтіп, жұмыс уақытының қысқартылуы мен бос уакьптың көбеюі ушін экономикалық алғышарттар туды, яғни рекреациялық іс-әрекеттің дамуы факторларының бірі - еңбекшілер бос уақытының көбеюі болды. Жұмыстан бос уақыт мөлшері жұмыс уақытынан асып кетуі күтілуде. Әрине, онда да өндіріс және адамның еңбекке деген ықыласы адам өмірінің мәні болып қала бермек.
Рекреацияға көпшілік қатысуының тағы бір алғышарты - көліктегі прогресс болды. Бүның себебі тек жылдамдықтың өсуі ғана емес: көлік тарифтерінің төмендеуі, қоғамдық көлік құралдары санының өсуі және жекеменшікті колік құралдарының пайда болуы. Әлемде миллиардтан астам жеке көлік құралдары бар. Әрине, колік сферасы жақсы дамыған көлік инфрақұрылымын қажет етеді. О л бүгін шартараптың ең алыс аудандарын, мемлекеттердегі елді мекендерін бір-бірімен байланыстыратын колік жүйесіне айналуда. Көлік жылдамдығы арқасында жолда болған уақыт қысқарады және де рекреациялық аудан немесе орталықта өткізген уақыт мелшері өседі, сөйтіп, өз қонысынан оте алыс орналасқан жерге баруға мүмкін болады. Бүгін Еуропадан Жердің кез келген ауданына ұшақпен сағат ішінде жетуге болады. Тарифтердің томендеуі арқасында туризмге қаражаты темен жұртта қолы жететін болды. Көлік түрлері арасындағы ұлттықжәне халықаралық ауқымдағы үйлестіру шарала-ры туризм үшін оте маңызды.
Рекреациялық миграциялардың тағы бір факторы - халықтың ірі индустриялық орталықтарда шоғырлануының кері салдарла-ры. Механикаландыру мен автоматтандыру нәтижесінде физикалық ауыртпалық томендейді. Бұл, әрине, жеңілдік, бірақ жұмыстан тыс уақытта да физикалық ауыртпалықтың болмауы гиподинамияға, яғни қозғалыстың жетіспеуіне әкеліп соғады. Осыған орай қозғалыстың жетіспеуін толықтыратын белсенді рекреациялық іс-әрекеттердің рөлі артады.
Гиподинамиямен бірге эмоциялық, яғни сезімдік шаршау қоса жүреді. Оның себебі - қазіргі өндірістің күрделілігі, омірдің қиын жайлары және жұмыстан тыс ортаның кейбір ерекшеліктері, атап айтсақ, корініс пен дыбыс тітіркендіргіштердің тез ауысып түруы, ауаның ластануы, ақпараттың ағыл-тегіл келуі, жылу қолайсыздығы (жаздағы ыстық, қысты күнгі аяз). Рекреациялық іс-әрекет осылардан аз да болса күтқарады.
Бұлар капиталистік не дамушы елдерге тән рекреациялық «жа-рылыстың» басты себептері.
Елдер арасындағы туристік байланыстардың үлғаюына саяси тыныштық та әсеретеді.
Қазіргі таңда ішкі және халықаралық туризм тек маңызды құбылыс кана емес: бұлқұблыс қоғам алдыңда бұрынғыдай тек эмпирикалық әдістермен шешілмейтін күрделі міндеттерді арттырады. Туризм негіз салушы және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қажет етеді.
Шынында да, рекреациялық миграциялар саны ондаған, тіпті жүздеген миллиондарға жетті. Қазірдің өзінде жыл сайын келетін туристер саны елдің халық санынан асып кететін мемлекеттер бар. Мысалы, 7,8 млн халқы бар Австрияға 9 млн. турист келеді, 6,9 миллиондық Швейцарияға - 7 млн., 250 мың ғана халқы бар Бағам аралдарына- 1,5 млн.
Рекреацияның қарқындылығы мен ауқымдылығы осы әлеуметтік-экономикалық құблыс мағынасы мен негізгі функциялары жоніндегі мәселені қойып тұр.
Қазіргі әдебиет көздері адамның түратын орнынан уақытша сапарға аттануын әртүрлі себептермен (түрткілермен) түсіндіреді. Себептер мен түрткілер саны оңай, еркін түрде біресе көбейеді, біресе азаяды, дегенмен оларды әлеуметтік маңызы тең емес бірнеше дербес топтарға бөлуге болады.
Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша инстинкттерге негізделген миграция түрткісі бірінші орын алады. Олар саяхат-құмарлық барлық адамдарға тән қасиет деп есептеуде. Мүлда адам қылықтарының биологизациясы байқалады, қажеттілік пен инстинкт ұғымдары шатастырылады және қажеттілік орнына инстинкт қойылады.
Тагы да басқа зерттеушілер инстинкт ұғымына қарсы қажеттілік ұғымын енгізеді. Осы ұғым негізінде адам қылықтарының мотивациясы жөніндегі ілім инстинкт негізіндегі ілімге қарағанда жаңа жолға қойылады. Қашан да болсын инстинкт адам дүниеге келгенімен бірге пайда болады. Ал қажеттілік болса, ол инстинкттен әлдеқайда күрделі жәнеәлеуметтік жайларға негізделген. Сөйтіп, адам мәні оның әлеуметтік жағдайға негізделген қылықтарында тұрады. Өндіріс күштерінің заманауи деңгейі мен белгілі қоғамдық қатынастар адам өмірінің негізінде жатыр, олар рекреацияның өсу қарқындылығы мен оның бұқаралық сипатына, мазмүлына себепкер болып тұр.
Кейбір авторлар осы түрткілерді «еңбек қабілетін қалпына келтіру түрткілері», яғни белгілі өндірістік қатынастар жағдайларында өмір сүретін адамның физикалық және психикалық күштерін қалпына келтіру деп біріктіреді. Сондықтан рекреация демалу мен еңбек қабілетін қалпына келтірумен теңестіріледі, адамдардың күшін қалпына келтіру қажеттілігі бұқаралық қоғамдық құблысқа айналғандығынан рекреация қоғамдық қажеттілік болып кетті.
Рекреация қазір адам өмірінің қажетті шартына, кернеулерді тыю құралына, еңбек қабілетін қалпына келтіру сайманына және өндірістің өзін одан әрі жалғастыру шартына айналды. Қоғам мүддесі жағынан рекреацияның негізгі мақсаты - қоғамның әрбір мүшесінің физикалық және психикалық күштерін қалпына келтіру мен дамыту, оның рухани дүниесінің жан-жақты дамуы болып табылады. Ал, ең алдымен, қанагаттандыруға жататын ең жоғары қажеттілік - адамның рухани дүниесінің, шығармашылық қабілетін дамыту деп айткан жөн. Рекреация дегеніміз дамыған қоғамның мызғымас бөлігі, қазіргі өмір салтының әлементі.
Рекреацияның қоғамдық функциялары бес негізгі топқа бөлінеді: 1) медициналық-биологиялық; 2) мәдени-әлеуметтік; 3) экономикалық; 4) саяси; 5) экологиялық.
Медициналық-биологиялық функциясы санаторлық-курорттық емделу мен сауықтандыруда байқалады. Туризм арқылы сауықтыру -адамның өндіріс және өндірістен тыс уақыттағы психологиялық шаршауын басу жолы болып отыр. Әрине, бұл жалғыз әдісемес. Мысалы, ғалымдар адамның қала жағдайларында адам мен қоршаған ортасы арасындағы өзара әрекеттесуін реттейтін болашақтағы қалалардың үтымды аумақтық жоспарлануын ойластыруда.
Мәдени-әлеуметтік функциясы - бұл рекреацияның ең басты, жетекші функциясы. Мәдени қажеттіліктер - бұл қоршаған ортаны, дүниені біліп-түсіну. Туризм еліміздегі ғана емес, бүкіл әлемдегі табиғаттың, тарихи-мәдени және әлеуметтік байлықтарымен адамның рухани түрде танысуына үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Рекреацияның экономикалық функциясының ішіндегі бастысы - жұмыс күшін қарапайым және кеңейтілген түрде толықтыру. Рекреация қоғамға қажетті уақытты сақтап қалып үнемдейді. Саяси экономия бойынша демалыс пен туризм аясындағы еңбек әуелі жинақталады да, одан кейін материалдық өндіріс қызметкерлері арқылы затқа айналады. Рекреацияның арқасында адамның еңбек қабілеті артады, толыққанды еңбек қабілеті сақталатын мерзімі өседі, ал оның арқасында аурулардың азаюы мен өмір пшрақтығы арқылы еңбек уақыты да ұзарады. Бұл жағынан рекреациялық эффект арқылы, мысалы, аурулар санының төмендеуі арқылы үнемделген адам-сағат санының үнемделуі жөніндегі есептер қызық болуы мүмкін.
Экономикалық көзқарастан рекреацияның тауарлар мен қызметтердің тұтгнушылық сұранысының жаңа формасы ретіндегі рөлі маңызды. Рекреация арқылы өнеркәсіппен ауыл шаруашылығы өнімдерінің ассортименты кеңейтетін тұтас бір шаруашылық аясы қалыптасады.
Тауар-ақша қатынасында рекреация басқа да экономикалық функцияларды атқарады. Мысалы: 1) елдің белгілі бір бөлігінің шаруашылық құрылымын қарқынды дамыту; 2) еңбек сферасын үлғайту, яғни рекреациялық қызмет көрсету арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз ету; 3) рекреациялық аудандардың пайдасын көздеп, халықтың ақша кірісі мен шығын балансының құрылымына үлкен әсерін тигізу; 4) шетелдік валютаны anyкөзі болатын шетелдік туризмді дамыту.
Туризм еңбекшілердің саяси-идеялық тәрбиесінің маңызды құралы болып есептеледі. Ішкі туризм басынан бастап патриоттық қозғалыспен байланысты болған. Туризм жұртты табиғатты, тарихи ескерткіштерді, оқиғалар орындарын тамашалау арқылы туған жерін аялау сезімін тәрбиелейді.
Туризм халықаралық байланысты күшейтеді, адамдарды бір-бірімен жақындатады, сондықтан оның интернационалдық тәрбиедегі рөлі жоғары. Халықаралық туризм бейбітшілікті нығайту мен халықтар ынтымақтастығын бекітуде маңызды рөл атқарады.
Туризмнің экологиялық функциясы халықтың денсаулығын сақтау мен жақсартуға байланысты. Демалыс пен туризм халықтың денсаулығы мен өмір сапасына әсерн тигізетін қоршаған табиғи ортаны қорғау және оны қалпына келтіру үшін өте кджет. Рекреациялықсұраныстың арқасында курорттар, демалыс зоналары және туризм желілеріұйымдастырылып, туризм жүйесіреттеледі.Олүшінтабиғаты шамалы өзгерген аумақтары бөлінеді, мелиоративтік, орманшылықжұмыстар жүргізіледі, табиғи орман саябақтары жабдықталады, су ресурстары мен ауа алабын қорғау шаралары өткізіледі, осы шаралар өмір сүру ортасын жақсартады. Табиғи рекреациялық аумақ қоры адам мен табиғи ортасы арасындағы өзара динамикалықәрекеттесуін урбанизация, индустриализация, жаңа жер игеру жағдайларында өңдеуге септігін тигізеді.
Басқа жағынан қарасақ, туризмнің жылдам дамуы, курорттық-туристік аудандарда туристердің тым көп шоғырлануы рекреациялықтабиғатты оңтайлы пайдалануды жәнетабиғи кешендерге түсетін салмақты реттеуді керек етеді. Туристердің табиғатты пайдалануы табиғатты қорғаудың түрлерін дамытады, ресурстық әлеуетті үтымды пайдалану шарттарын қалыптастырады. Осы мақсатта рекреациялық игеру жобалары мен жоспарларын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу, курорттар мен туристік орталықтарды табиғи кешендер тұрақтылығын ескерумен дамыту қажет.
Қоғам сұранысының өсуі мен оның құрылымының өзгеруі нәтижесінде қорғалатын аумақтардың жаңа түрі - ұлттық саябақтар ұйымдастырылады. Мемлекеттік табиғи ұлттық саябақтар кұнды
табиғи және мәдени ландшафтарды қорғау мен демалысты ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырылады.