Қайталау сұрақтары 1. Аумщтың туристік аудандастырылуы не үшін қажет? Аудандастырудың басқа түрлерімен оның қандай байланысы бар? 2. «Рекреациялық аудан» мен «туристік аудан» анықтамаларының айырмашылығын түсіндіріп беріңіз. 3. «Туристік аймсщ» (аудан) деген не? Аныңтамасын беріңіз. С.Лишевскийдің «туристік кеңістік» ұғымынан оның қандай айырмашылыгы бар? 4. Туристік аудандастырудаш экүйе цалыптастыруты және аймац қалыптастырушы факторлары деген не? 5. Туристік ауданның негізгі сипаттамаларын беріңіз. 6. Туристік аудандар шекараларын анықтау (делимитация) мәселелері жөнінде айтып беріңіз. 7. Батыс елдерінде салалықжәне интегралдың аудандастыру мәселелерімен неге айналыспай цойган? 8. Туристік-рекреациялықаудандастыру таксономиясы жөніндегі кеңес ғалым-дары еңбектері туралы әңгімелеп беріңіз. 4 - mapay ТУРИЗМ - ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢСАЛАСЫ § 1 Туризм - қоғамдық-шаруашылық жүйе Туризм дегеніміз әзірше толығымен зерттелмеген және сандық көрсеткіштерімен бағалануы қиынғатүсетін күрделі қоғамдық құбылыс. Сондықтан, коп ғасырлық тарихына ие болғандығына қарамастан, туризмнің біркелкі анықтамасы жоқ. Тар салалар ауқымымен шектелген анықтамалар бұл күрделі ұғымның барлық ішкі және сыртқы байланыстарын біріктіре алмайды. Сондықтан туризмнің түжырымдамалық, толық жәнемәнді анықтамасын тауып дәлелдеу қажет болып тұр.
Кеңес Одағы кезіндегі география ғылымында территориялық рекреациялық жүйесінің (ТРЖ) моделі жасалынған. Атап айтсақ, бұлмәселені XXғасырдың 70-ші жылдарының орта шенінде B.C. Преображенский (1975) басқарған ғалымдар тобы қарастырған, кейін Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебов (1981) бұл жұмысты одан әрі дамыткан. Батыс елдерінде 1983 жылы Г. Гуибилатомен жасалынған, кейін 1988 жылы Г. Ваккерманмен толықтырылған туризмнің концептуалдық моделі пайда болды. Жоғарыда аталған ғалымдардың теориясы бойынша туризм жүйесі екі шағын жүйеден тұрады (13-сурет): «туристік іс-әрекет субъектісі» (туристер) және «туристік іс-әрекет объектісі» (туристік ресурстар, туристік мекемелер мен ұйымдар).
Бұл жүйе шеңберінде туристер сұранушы немесе сатып алушы, ал туристік қызмет корсетушілер - сатушылар болады. Осылай болғанда, туристік іс-әрекет субъектісіне, яғни туриске - жүйеде қарсы түратынтуристік іс-әрекет объектісі, яғни «туристік шаруашылық» болмақ. Туристік шаруашылық туристер тулынатын тауар мен қызметтерді өндіреді. Туристік шаруашылық екі бөлікке бөлінеді: туристік ресурстар мен туристік инфрақұрылым. Туристік инфрақұрылымға туристік мекемелер, ұйымдар жәнекәсіпорындар кіреді. Туристік ресурстар өндіріс құралы және еңбек заты, яғни туристік қызметтерді өндіру негізі болып табылады. Инфрақұрылым болса, ол осы қызметтерді нақты өндірушісі болады.
Туристік шаруашылық туристерге қызмет көрсететін басқа да халық шаруашылық салаларымен қосылып, «туризм индустриясын» құрайды. Басқаша айтсақ туризм индустриясы дегеніміз туристік өнімді өндіретін кешенді жүйе. Ал туристік өнім болса, бұл туристік кәсіпорындардың халыққа (туристерге) көрсететін қызметтердің кешені.
Туристік индустрияның құрамына «туристік мекемелер» кіреді. Туристік мекеме дегеніміз барлық керекті өндірістік құралдарды біріктіріп (жерді, ресурстарды, еңбек күшін, қара-жатты және т. б.), туристерге қызмет көрсететін мекемелер.
Туристік мекемелер өз қызметтерін үхынып, халықтың туристік қажеттілігін өтейді.
Туристік мекемелердің біреулері клиенттерге тек қана туристік қызмет көрсетіп тұрса, басқалары үшін туризм олардың коммерциялық іс-әрекетінің бір ғана тармағы болады.
XXғасырдың 50-ші жылдардан бастап қарқынды дамып келе жатқан бұқаралық туризм туристік қызметтердің стандартталуын, алдыңала дайындалған, жоспарланған және есебі жасалған «қызметтер пакетін» қажет етті. Қызметтердің осындай жиынтығы бір бағамен туристік фирма каталогында тұтынушылардың назарына ұсынылады. Бұрын туристің өзі ойластырған заттардың барлығын: маршрутты, орналасуды, тамақгануды, тур бағдарламасын күні бұрын жоспарлауын - мұның барлығын қазір туристік фирманың өзі әзірлейді. Қазір ұйымдастырылған туризм деп «туристік саяхатты» құратын туристік қызметтердің стандартталған толық пакеттерінің ұсынысын айтамыз.
Туристік қызметтер халық тұтынатын қызметтердің елеулі бөлігі болып табылады.
Туристік қызметтер негізгі, қосымша және қосалқы қызметтер болып бөлінеді.
Негізгі қызметтер туристік жолдамадағы келісімшартпен шектеледі. Ондайларға орналастыру, тамақтандыру, көлік қызметтері, экскурсия қызметтері жатады.
Қосымша қызметтер туризмнің инфракурылымы дамыған жағдайда жалпы кірістің 50%-ын атқарады. Оларға негізгі қызметтерге кірмейтін қызметтерді, сауықтыру қызметін, медицина қызметін, мәдени, ойын-сауық шараларын және т.б. жатқызуға болады.
Қосалқы қызметтерге сувенир өнімдерімен, туристік символика-мен қамтамасыз ету, сауда, валюта-кредит, жеке сейф ұсыну, ақпарат және баска да қызметтер жатады.
Қосымша және қосалқы көрсетілетін қызметтердің арасында анық айырмашылық жоқ. Жоғары дәрежедегі қонақ үйлерінде қосымша қызметтердің саны 500-ге жетуі мүмкін.
Туристік мекемелер «туроператорлар» және «турагенттер» болып жіктеледі. Туроператор дегеніміз - өзінің және басқа мекемелердің қызметтерін біріктіріп өзінің жаңа туристік өнім жасайтьш туристік мекеме. Туроператор өз атынан клиентке кешенді тур ұсынады. Осындай жаңа өнімді паушалъді (кешенді) тур деп атайды. Паушальді тур - бұл бірнеше қызметтерден тұратын пакет. Сонымен қатар паушальді турға туроператор әртүрлі мекемелер шығарған қосымша қызметтерді де кіргізеді. Мұндай өнімге кеңес беру мен сату бойынша делдалдың қызметі де кіреді [39].
Туроператорлардың және туристік қызметтердің дербес өндіру-шілерінің өнімдері турагенттер (туристік деддалдар) арқылы таратылады. Турагенттіктің туроператордан айырмашылығы мынадай: турагенттік туроператорлардың бағдарламалық пакеттерін бөлшектеп сатуында және бөлек туристік кәсіпорындардың (қонакүйлерінің, әуе компанияларының және т. б.) қызметтерін сатуында деддал болып қызмет көрсетеді. Туристік өнімді сатумен бірге турагенттіктің (әдетте бұл саяхат бюросы) тағы бір маңызды функциясы - клиентке акдарат жеткізу, турды ұйымдастыру бойынша кеңес беру жәнетх.с. Әдетте саяхат бюросы түгынушы (турист) мен туристік қызмет өндіруші кәсіпорын арасындағы байланыс орната-тын мекеме рөлін ойнайды.
Теорияда туроператор мен турбюро (турагент) арасындағы айыр-машылықтары ап-анық болып көрінсе, тәжірибеде туристік кәсіп-орындарының осы екі формасы араласып кетеді де біртүтас болып көрінеді. Саяхаттар бюросы қызметтерді сатумен бірге өз қызмет пакеттерін ұсынады. Ірі туроператорлардың өзінің тарату желісі, яғни саяхат бюросы болады (14-сурет).
Туризм жүйесінде «туристік ұйымдар» маңызды орын алады. Әртүрлі дерекнамаларда туристік ұйымдар өзгеше аталады жәнетуризм маркетингі мен менеджментінің әралуан функцияларын орындайды. Бір жағынан туристік ұйымды туристік аймақтағы үйлестіру функциясын орындайтын басқару құрылымының ерекше түрі деп атауға болады. Кәсіпорындардың және бүкіл туристік ауданның функциялары арнайы ұйымдастырылған құрылымдармен басқарылуы менеджмент үшін өте маңызды. Ал басқа жағынан қарасақ, туристік ұйымдар делдал жұмысын атқарады, яғни осындай туристік ұйымдар маркетинг функцияларын орындауы қажет. Олар кооперациялық си-патына ие жәнежұмысын мемлекеттік деңгейде де, дербес түрде де жұмысын орындауға қабілетті болуы керек.
Қандай да болсын, туристік ұйымдар туристік саясатты қалып-тастырады, яғни олар туризм үшін жағдай жасап, оның дамуы-на септігін тигізуі міндетті. Осындай ұйымдастырушылық құрылымдарға жекеменшікті (бірлестіктер) немесе мемлекеттік (басқармалар) құрылымдар түріндегі туристік ұйымдар жатады. Туристік ұйымның ерекшетүрі-өзжұмысын ұлттық, облыстықжәнеқалалық (коммуналдық) үш деңгейінде орындайтын жарнамалық орталық болып табылады.
Сөйтіп, туристік ұйымдар туристік басқару жұмысын орындауы қажет, олар мемлекеттік және жеке құрылымдарды аймақтық, ұлттықжәне халықаралық деңгейде қамтиды. Туристік ұйымдар туризмді аймақтар мен елдердегі дамуын жоспарлау және басқару, туристік өнімді сату жұмысын үйқас қылу үшін қажет. Жеке туристік ұйымдарды мемлекеттік емес құрылымдар (бірлестіктер мен одақтар) қалыптастырады және қаржыландырады. Мемлекеттік және жекеменшікті кәсіпорындар бірігіп жұмыс істеген жағдайда туристік ұйымдар ең жоғары жетістіктерге жете алады.
Өз қаражатын жүмсаған кезде турист инфрақұрылымның одан әрі дамуына «өз дауысын бергендей» болады. Қандай да болсын кәсіпорын сияқты, туристік кәсіпорын туристік өнімді шығару үшін ресурстарды қажет етеді. Ең алдымен бұл жер. Жер туристік қызметтерді өндірудің ең басты факторларының бірі және туристік кәсіпорындарын орналастырудың кеңістік базисі болып табылады. Аумақтың табиғи жәнемәдени компоненттерінің жиынтығынатуристік іс-әрекетформалары мен түрлері байланысты. Еңбек ресурстарының да маңызы өте жоғары. Туристерге қызмет көрсету саласы жергілікті және сырттан келген жұртты еңбекпен қамтиды. Сонымен қатар, туристік кәсіпорындар капиталдық салымдарды, ягни инвес-тицияларды қажет етеді.
Жаңа рекреациялық аумақтарды игеру, туристік іс-әрекетті кеңейту, туристік инфрақұрылымның жаңа объектілерін салу үлкен инвестициялық салымды керек етеді. Ірі жобаларды мемлекет, ұлттықжәне шетелдік жеке қаржы мекемелері, біріккен мекемелер, халықаралық ұйымдар мен басқа да заңды және жеке тұлғалар қаржыландырады.
Туристік сұраныстың көбеюі капитал салымының өсіруін және туристік қызметтің мөлшерін көтеруді қажет етеді. Бұл территорияның экономикалық іс-әрекетін жаңартуға әкеліп, кірісті көбейтеді. Түскен кірістің бір бөлігі мемлекетке салық арқылы түседі. Сонымен катар, мемлекет қазынасы кеден салымдары арқылы толықтырылады. Осылай жиналған табыс қайтадан жаңа туристік жобаларды қаржыландыруға, табысы томен халық топтарының демалы-сын ұйымдастыру үшін материалдық жәрдемақыға, туристік маман-дарды даярлауга және т.е.с жұмсалады.
Туристік нысандардың құрылысы мен кайта құрылуына қаржысын жүмсаған мемлекет пен басқа инвесторлар, әрине, несие беруден өз пайдасын іздейді. Олар салынған капиталын қайтарып және оның өскен пайызын тауып өз қызметкерлеріне еңбекақысын төлеуге үміттенеді. Өз пайдасын іздеген инвесторлар несие берудің ең үтымды шарттарын тапқысы келеді. Сондықтан олар шетелдік туристік нарыққа шығып, капитал экспортерлеріне айналады және халықаралық корпорациялар торының буындары рөлін ойнай бастайды. Осының барлығын ескере түра біз туризм жүйесін (сферасын) нарық жүйесі деп атай аламыз.
Экономикалық, әлеуметтік, технологиялық, саяси және экологиялық макроорталармен бірге туристік жүйе күрделі құрылым болып табылады. Сыртқы орта туризм жүйесіне қатты әсерн тигізеді, оның әсер екі түрлі болуы мүмкін: бір жағдайда туристік іс-әрекеттің дамуына мүмкіндіктер туғызса, басқа бір жағдайда керісінше, тіптен жойылып кетуіне қауіп туғызады. Жойылып кетпей нәтижелі жұмысістеу үшін туризм жүйесі қоршаған ортаның сыртқы өзгерістеріне бейімделіп тұру қажет.
Туризм еліміздің белгілі бір территориясының халық шаруашылық салаларының дамуына оң әсерн тигізеді, инфрақұрылым құрып, дамуын жылдамдатады, өндіріс күштерін дамыған аудандармен бірге артта қалған өлкелерде де орналастыруға, яғни жергілікті жұрттың еңбекпен қамтылуына әсерн тигізеді.
Туризм аймақтардың экономикалық белсенділігінің маңызды факторы болып табылады. Туристерге тікелей қызмет көрсететін субъектілерімен бірге, туризм халық шаруашылық-тың басқа да салаларының катализаторы болып есептеледі. Алайда туризм дамуы өз бетімен өтпеу керек. Тек жоспарланған түрде жүргізілген туристік қызмет туристерге дұрыс демалыс жағдайын туғызып, туристік кәсіпорындарға пайда әкеле тұра, табиғи ортаның тепе-теңдігі мен тұрақтылығын сақтауы мүмкін.
Аумақтың туристік игерілуі (дамуы) дегеніміз кеңістікті туристік қозғалыс мақсатына лайықты қылу болып табылады. Аумақтың туристік игерілуіне мынадай іс-әрекеттер жатады:
- туристік-рекреациялық ресурстарды сақтап қалу және жаңа ресурстарды қалыптастыру;
- көлік қол жетерлігін қамтамасыз ету;
- аумақты туристік инфрақұрылымның қажетті нысандарыменжабдықтау.
Осындай міндеттерді орындауға бағытталған багдарламаларды аумақтың туристік игерілуі (дамуы) бағдарламалары деп атайды. Осындай жоспарланған түрде туризмді дамытып келе жатқан елдер қатарына мынадай елдер кіреді: Франция, АҚШ, Испания, Италия, Польша, Грекия, Болгария, Тунис, Түркия, Израиль, Таиланд, Малайзия, Мексика, Куба.
Аумақтың туристік игерілу (даму) жоспарлары екі түріне бөлінеді:
- кешенді жоспарлар (белгілі аумақтағы белгілі уақыттағы туристік құбылыстардың толық кешенін қамтиды);
- арнайы жоспарлар - туризм дамуының нақты бір мәселелерін шешуге арналған жоспарлар (О. Рогалевский, 1974).
Табиғи жағдайы мен инфрақұрылымы туризмді дамытуға қолайлы барлық аумақтар үшін осындай жоспарлар құрастырылса дұрыс болар еді. Және де тәуелсіз еңбек болса да, олар аумақтың игерілу жо-спарларымен үйлестірілуі қажет. Аумақтың шаруашылық игерілуі жоспарлары уақыт мерзімі бойынша былай бөлінеді:
- кезеңдік жоспарлар (әдетте 5 жылға дейін);
- перспективалық жоспарлар (15-25 жыл);
- бағыттаушы жоспарлар (25 жылдан астам). Қарастырылатын аумағы бойынша:
- жергілікті;
- аймақтық (аймақ немесе оның бөлігі үшін);
- ұлттық (бүкіл ел аумағы үшін) жоспарлар болып топтастырылады.
Туризм елдер мен аймақтардың қоғамдық-шаруашылық өмірінде маңызды орын алады. Экономикалық функциясымен бірге әлеуметтік, білім беру, тәрбиелік, экологиялық және саяси функцияларын орындайды.
Туристік тұтыну төрт кезеңнен тұрады:
- саяхатқа дайындалу;
- туристік дестинация орнына жету;
- туристік дестинация орнында болу;
- үйіне қайту (С. Водейко, 1997).
Дайындалу кезеңі турист түратын жерінде өтеді. Туристердің шығуы әдетте өз аймағы үшін экономика жағынан пайдалы емес. Екінші (жету), үшінші және төртінші (қайту) кезеңдер туристерді қабылдайтын аймақтар үшін пайдалы. С. Водейко бесінші кезеңді (қорытынды жасау) де бөлу қажет, дейді. Бұл кезде турист өз саяха-тына баға беріп, болашақта осындай саяхатқа бару-бармауын шешеді [40].
Туристік тұтынудың осы кезеңдері шаруашылық дамуында маңызды рол ойнайды (12-кесте).