Біріншіден, туризмнің тереңге енуі (құблыс ретінде - адам қайда тұрса, туризм де сонда болады) және оның әлементтерінің өзара байланысының күрделілігі. Туристік мекемелердің көбісі шағын ме-кемелер болып табылады. Ірі мекемелер халқы көп жерлерде ғана құрылады; олар туризм индустриясына сәйкес, бірақ бір-бірінен ерекшеленеді. Туристік индустрияда көптеген өндіріс, мекеме және ұйымдар бар, олар қалай болғанда да бір аймақтық басқару жүйесінде жұмыс істеуі керек, оларға қойылған міндеттер - туристік қызмет көрсету нарығында ұзақ уақыт жұмыс істей білу және бэсекелестікке қабілетті болуы керек. Туристік ұйым аймақтың туристік ұсынысында ұйқастыру рөлін ойнайды және де бүкіл аймақтың туристік қызметіне жауапты болады. Ал осындай қос жауапкершілікті ақтау үшін туристік ұйым бүкіл туристік аймақты бақылап, талдау жасап тұру қажет. Осындай жағдайда менеджменттің көмегімен барлық аймақтың, сондай-ақ жеке туристік ұйымдардың даму стратегиясы қалыптасуы қажет.
Басқарудың объектісі ретінде туризмнің екінші ерекшелігіне өлшеуі қиын және толығымен айқындалмаған мақсаттарды жатқызуға болады. Жеке меншікті туристік мекемелер (турфирма, қонақ үйі, тамақтандыру орны) табыс алуға бағытталған. Олардың менеджментінде нақты өлшемі бар мақсат болуы шарт, яғни қүндылығын ұлғайту, ақшаны үнемі айналымға жіберу, табыс табу жәнебасқа мақсаттар. Рентабелді болмаса, туристік ұйым табыс іздей алмайды. Ал енді ұйымтабыс тауып отырса да, бү_л қаражат бүкіл аймақтың қаражаты болғандықтан оны пайдалана алмайды. Туристік ұйым- бұл басқару ұйымы, ол табыс алуға бағытталмаған. Туристік ұйымның өлшеуге көнетін мақсаттары болмағандықтан, оның өнімділігі мен сәттілігіне нақтылы баға беруге мүмкіндік жоқ.
Туризм менеджментінің үшінші ерекшелігі - оның аймаққа тигізетін әсернің шектеулілігі. Жеке меншікті туристік мекеменің басқару мамандары жарғыда көрсетілгенуәкілділік бойынша өздерінің шаруашылық іс-әрекеттеріне байланысты барлық жұмыстарға тиісті шешім қабылдай береді. Туристік ұйымның менеджментінің ондай уәкілділігі жоқ. Туристік ұйым мемлекет қаржысын пайдаланып, мемлекеттік шаруашылықпен айналысады, сондықтан оларға мемлекет саясатының ықпалы басым. Нәтижесінде ұйым еркіндігі шектелген. Менеджмент өз аймағындағы саяси күштерге көңіл аударуға мэжбүр, себебі оның мамандарына төленетін еңбек ақысы үкімет бюджетінен алынады. Дербес қызмет көрсетушілер тәуелсіз кәсіпорындар болғандықтан аймақ деңгейінде туризм менеджментінің әсер шамалы.
Туризмнің төртінші ерекшелігі - мүдделі клиенттердің тигізетін әсер. Туристік мекеме және ұйым көптеген мүдделі адамдар мен клиенттермен жұмыс істейді, олардың қызығу себептері де әртүрлі және олар қатты әсеретуі мүмкін. Сонымен қатар, мүдделі топтар ішінде де мүдделері бірдей емес. Туристік ұйымдар мен туристік кәсіпорындар кредиторлармен,саяси құрылымдармен, қала басшы-ларымен, туристермен, өндірушілермен бірігіп жұмыс істеп тұрады. Олардың барлығы біркелкі жұмыс істей алмайды, себебі қонақ үйдің иесі мен туристердің немесе жергілікті халықтың арасында қайшылық болып қалуы мүмкін. Ал туристік ұйым олардың арасындағы қарым-қатынасты тез арада теңестіре алады. Себебі туристік ұйымнормативті құжаттарды қолданады, сондықтан нормативті менеджментке көп назар аударылады.
Басқару объектісі ретінде туризмнің ең маңызды бесінші ерекшелігі - туристік өнімнің спецификасы. Туристік өнім қызмет түрінде көрсетілген болғандықтан, клиенттің (туристің) болуы - оның негізгі шарты, себебі туристік өнімді (қызмет көрсетуді) қоймада сақтау немесе көлікпен, поштамен басқа бір жерге жіберу мүмкін емес. Туристік өнімді іске асыру кезінде тұлғалық аспект күшейетін болғандықтан, туристік қызмет көрсету процесі тауар өндіру процесіне қарағанда нақты автоматтандырылмайды. Себебі тауар өндіру процесінде машиналарды қолданамыз, ал туристік қызмет көрсету процесіне адамдар қатысады. Клиент жүріс-тұрысы объективті де, субъективті де факторлар мен жағдайларға тәуелді, сондықтан клиенттің қылықтарын болжау өте қиын.Сол себептен де туризм менеджментінде қызметшілерді басқару процесіне, тұлғааралық қатынастарға көп көңіл бөлінеді.
Туризмнің алтыншы ерекшелігіне туристік өнімнің сыртқы әсерн (эффектісін), яғни саяхат кезінде туристердің басқа саяхатшылар және жергілікті тұрғындар арасындағы қарым-қатынастарын жатқызуға болады. Туристің олармен қатынас жасау әдісі мен түрткілері оның жұмыс істеу, өмір сүру әдеттеріне, бос уақытын ұйымдыстыру мүмкіншіліктеріне тәуелді.Зерттеушілердің айтуынша, келген қонақтың (туристің) жүріс-түрысы қабылдаушылардың және басқа туристердің оған деген көзкдрасына үлкен әсерн тигізеді. Егер келген туристің тәртібі нашар болса, оның жергілікті жұрт арасындағы абыройы жоғалып, демалысы да бұзылады. Туризм адам өмірінің әр түрлі аясына - экономикаға, экологияға, саясатқа әсерн тигізеді, олар өз кезегімен туризмге де әсеретеді. Туристік аймақ келген туристер-ден табыс түсіріп, жергілікті экономиканы көтереді. Егер түскен та-быстан ландшафты сақтауға, қорғауға ақша бөлінсе, туризм аймақтың экологиясы үшін өте пайдалы. Бірақ кейбір кезде туризм жергілікті тұрғындардың қарсылығын туғызуы мүмкін, онда осындай аймақта туризмді дамыту киын болады. Бұлдай жағдайда туризмді жоспарлау және қалыптастыру үшін мүдделі адамдарды тарту керек. Мұндай про-цеске географтар, экономистер мен экологтар және т.б. қатыскдны жөн. Туризмнің жетінші ерекшелігі - бұл туристік сұраныстың спецификасы. Туристік сұраныс үш себептен біркелкі емес. Бірінші себебі - туристік өнімді не сезінуге, не сақтауға мүмкін еместігі. Келісімшарт жасаған кезде көрсетілетін туристік қызметті не көре алмайсың, не дэмін тата алмайсың. Сондықтан туристік фирма менеджерінің жұмысы - өз қызметін сатып алуға тұтынушыны сендіру: туристік өнім сапасы бірдей емес және өндірушіге, ұсыныс орны мен уақытына байланысты болады. Екінші себебі - туристік қызмет тұтынушыларының әртүрлілігі. Әртүрлі категориядағы тури-стер сапар мақсатымен, туристік қызметке қоятын талабымен, төлем бағасымен бір-бірінен айырмашылықта болады. Туристердің әрбір түріне сәйкес туристік нарықтың түрі керек, сондықтан туристік қызметтің өндірушілері демалушылардың белгілі бір, яғни табысты мол әкелетін түрлеріне бейімделуі жөн. Үшінші себебі - қоғамдық факторлар мәнінің жоғарылылығы - елдегі экономикалық жағдай, экология, әлеуметтік факторлар жәнебасқалар.
Туризмнің сегізінші ерекшелігі - басқару объектісі ретінде туристік қызметтердің кешенді түрде көрсетілуі. Туристік қызмет дегеніміз - бұл саяхат кезінде және демалатын орындарда туристке ұсынылатын қызмет. Мұнда жеке туристік қызметтер бір-бірін толықтырып тұрады. Туризм менеджменті үшін ең маңыздысы -«толықтырушы» деген түсінік. Мысалы, турист демалысқа шыққанда, егер де баратын жерінде түнейтін орын мен тамақтанатын жері бол-маса, онда ол саяхатқа шықпайды да. Шаңғышы баратын қонақ үйдің қасында шаңғы тебуге мүмкіндік болмаса, турист қонақ үйдегі орынға тапсырыс бермейді. Бұлтуризм сферасындағы жеке қызметтердің өзара тығыз байланыстылығын көрсетеді. Қосымша қызметтер оларды ұсынатын әртүрлі фирмалармен орындалады, сондықтан бұл кәсіпорындар бір-бірімен тығыз байланыста. Осындай мәселелер тек кооперация жағдайында шешілуі мүмкін. Кооперация горизонталдық және вертикалдық деңгейлерде іске асырылады. Горизонталдық кооперация дегеніміз мүдделері ұқсас туристік кәсіпорындардың орналастыру, көлік, қызмет көрсету, сауықтыру аяларындағы бірігіп жұмыс істеуі. Кәсіпорындардың горизонталдық бірлестіктерінің мысалы-қонақ үйлер жүйелері (топтары). Соңғы кезде дамып келе жатқан кооперация түрі - франчайзинг жүйесі. Вертикалдық кооперация дегеніміз нарыққа ие болып және басқа мекемелерден тәуелділігін төмендеткісі келетін кәсіпорындар мен ұйымдардың бірлестігі. Әдетте бұл демалыс орындарын жабдықтайтын және туристерді орналастыратын ұлттық, аймақтық және жергілікті мемлекеттік туристік ұйымдары ретінде қалыптастырылған бірлестіктер. Сонымен қатар, бұлар қонақ үйлер торына ие болатын әуе көлігі компаниялары сиякты саяхат пен орналастыру кәсіпорындарының бірлестіктері.
Туризмнің тогызыншы ерекшелігі - оның маусымдық сипаты не-месе туристік қызмет мөлшерінің табиғи-климат жағдайына байланысты болуы. Туризм менеджменті мүлдай құблыстарды міндетті түрде ескеру қажет, өйткені туристік сұраныстың өзгеріп түруы туризм индустриясының жұмыс жағдайын нашарлатып жіберуі мүмкін.
Жоғарыда айтылған туристік саланың басқару объектісі ретіндегі ерекшеліктері туристік бизнестің менеджерлері келесі мәселелерді жақсы түсінуі керек екенін көрсетеді:бұл сала басқа салаларга ұқсамайды, сондықтан басқару моделін басқа бір еңбек сферасынан туризм сферасына аудара салу мүмкін емес. Мысалға, тәжірибеде жиі қолданып, өнеркәсіпкәсіпорнын басқару моделі өзін ақтап жақсы көрсеткіштерге жеткізсе, дәл осындай моделді туристік салада қолдануы осы саланың тоқырауына әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан туристік мекемені басқару үшін қажетті ерекшеліктерін атап айту қажет:
1) туристік қызметті (шаруашылықты) жоспарлағанда ең алдымен туристердің қажеттіліктері мен тілектерін ойластыру керек. Осыған орай кез келген туристік кәсіпорынның еңбек сферасы анықталады.Туристік кәсіпорынның орналасуы (тұтынушыға жақын орналасуды қалайды) бір жағынан туристік өнім тұтгнушыларының орналасуына байланысты, екіншіден, туристік салада мұның негізі болып табылатын туристік-рекреациялық ресурстардың орналасуына тәуелді;
2) туристік қызмет алғашқы қажеттіліктер қатарына жатпайды. Туристік енім тіршілік үшін ең қажетті зат емес және жақын арада ондай болуы да мүмкін емес. Мүны былайша түсінуге болады: қазіргі әлемде сауықтыру құралы ретінде туризмнің маңызы зор болғанымен, ол экономика, экология, саясат жағдайынатәуелді. Халықтың сатып алу қабілетінің өзгерістері басқа төлемді қызметтерге қарағанда, туристік қызметке одан үлкен әсертигізеді;
3) туристік салада маркетингтің маңызы едәуір жоғары. Оның себебі, туристік қызметті сатушы өз тауарының үлгісін туриске көрсете алмайды, сондықтан да ол өзінің тауары (қызметі) туралы дәлелтабу керек. Ол үшін жақсы ұйымдастырылған маркетинг жүйесі болуы қажет. Қызмет корсету сапасының бірқалыпты болмауы, оны бағалауындағы субъек-тивизм үнемі бақылауды қажет етеді;
4) туристік қызмет қайталанбайтын сипаттарға ие, яғни басқаларға ұқсамайды. Тіптен бір маршрутпен өтетін фирманың екі бірдей туры бір-біріне ұқсамайды (мысалы сапар маршруты, көрсетілетін қызметі, көлік құралдары, барған еліндегі оқиғалар және т. б. әртүрлі болуы мүмкін).
Туристік фирманың құрылу ережелерін оның алдыңа қойылған мақсаттары мен стратегиясы анықтайды. Туристік мекемелердің мақсаттары экономикалық, фирмалық жәнеәлеуметтік кластарғабөлінеді.
Экономикалық мақсаттарға болашақтағы табыстың өсуі, клиенттердің жаңа сегменттерінің пайда болуы, тауарды сату ісін жетілдіру, туристік онім мен оны тарату жүйесін оңтайлы қылу, кейбір қызметтердің ескіріп кетуіне жол бермеу, бәсекелестіктегі позициясын нығайту және т. б. кіреді. Фирмалық мақсаттарға фирманың(аймақтың, елдің) атағын шығару, имиджін котеру кіреді. Әлеуметтік мақсаттар табысы томен адамдар үшін туристік онімдер ондірісін да-мытуды міндет етеді.
Ұйымның мақсатқа жетуі үш басты факторларға: таңдалған стратегиясына, ұйымдастыру құрылымына және осы құрылымның функциясын орындау әдістеріне байланысты. Стратегия дегеніміз мақсатқа жету әдістері, мақсатқа ең жақсы нәтижемен жету үшін ресурстарды пайдалану әдістерінің тұжырымдамасын анықтау қажет. Мақсатқа жету үшін бірқатар стратегиялық, әкімшілік, оперативтік мәселелерді шешу керек. Біріншілеріне ондірілуі қажет болатын тауарды таңдап алу және осы өнімді сату үшін нарықтар мен тұтгнушыларды таңдау кіреді. Екіншілеріне - фирманы ұйымдастыру, басшылар арасында өкілділік пен жауапкершілікті тағайындап тарату, жұмыс колемі мен кезегін анықтау, акпарат бағыты мен есеп беру ретін анықтау жата-ды. Оперативті міндеттерге ондірістік операциялардың агымдағы жо-спарлануы, бағаларды қалыптастыру, жарнама жобалары мен зерттеу жұмыстарын іске асыру жатады.
Туристік ұйымның ең басты әлементі оның құрылымы болып табылады, құрылымы - ол ұйымәлементтері арасындағы тұрақты байланыстар, ұйымның қаңқасы деп те айтса болады. Менеджмент теориясы мен тәжірибесі ұйымдастыру құрылымының бірнеше түрлерін ұсынады. Олардың барлығының артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Соңғы кезеңде инновациялық, яғни жаңа нәрселерге багытталған құрылымдар ең перспективалы болып көрінеді. Бұл ұйымдастыру сүлбаларының ең жаңа формасы. Оның ерекшелігі - екі топты: ағымдағы ондіріс және іздестіру топтарын атап болуінде. Іздестіру тобына жаңа қызмет пен технологияларды әзірлеу міндеті тапсырылады, жобаның коммерциялық іске асырылу мүмкіндігі анықталғанша бұл топ жоба үшін жауап береді. Жаңа онім тәжірибелік ондірісте сынаудан отіп оның тиімді (рентабелді) екені анықталған соң жоба ағымдағы ондіріс тобына өткізіледі. Осындай схема бойынша алдыңғы қатардағы туристік фирмалар жұмысын атқарады.
Инновациялық технологиялардың қазіргі менеджменттегі болашағы зор. Басқарудың осындай түрі қызметкерлердің шығармашылық жәнеұйымдастырушылық белсенділігін көтереді, еңбектің жоғары өнімділігі мен сапасын қамтамасыз етеді, адам ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.