Діни туризмбүгінгі күні айтарлықтай ауқымды көлемге жетіп отыр. Оған мінажат ету сапарлары, дін мен діни мәдениет тарихын білу мақсатындағы саяхаттар, діни қызметшілердің саяхаттары жатады [31]. Олардың ішінде ең алдымен мінажат ету сапарларын атау керек. Бұл қасиетті діни орталықтарына бару болып табылады. Ең ірі үш монотеистік дін мінажат етушілері үшін қасиетті жер - Иерусалим. Еврейлер мұнда Інжіл жерлерін, жылау қабырғасын, Ғибадатханалық тауын көру үшін келеді. Христиандар Иеруалимді Исаның жердегі баспанасы ретінде мойындайды және Құдай Бейітіне тізе бүгу үшін келеді. Мүсылмандардың осындағы қасиетті орындары - Омар, аль-Акса мешіттері және т.б. Алайда мұсылмандардың ең басты қасиетті «хадж» (қажылық) орталығы - Мухаммед пайғамбар туған Сауд Арабиясындағы Мекке қаласы. Қүдайға табынушы като-ликтер Рим папасына Ватиканға барады. Туристік діни маршруттар-ды анықтайтын әр елде өзінің ұлттық діни орталықтары бар.
Мәденитуризмі.Мәдениет пен туризм бір-бірімен өте тығыз байланысты. Туризм мәдениет объектілерін қорғайды,байытады және насихаттайды, мәдениет болса туризм дамуына өз септігін тигізеді. Мәденитуризм - бұл ойдағыдай мәдени қүндылықтарына ие орындарын: мәдениет, тарих пен сәулет өнері ескерткіштерін; археологиялық ескерткіштер мен қазбаларды; атақты тұлғалармен байланысты орындарды; мұражайларды, көрмелерді және т. б. көріп шығу Мәденитуризмі ең жақсы дамыған елдер - еуропалық мемлекеттер. Басқа елдер арасынан Израиль, Үндістан, Қытай, Мексика, Жапония сияқты елдерді бөліп атауға болады [18].
Уикэнд туризмі (мерекелік туризм).Бұл туризмнің ең сүйікті түрлерінің бірі. Жұмыс орны мен түратын жерінен тыс, бірақ онша алыс емес жерде демалу қажеттілігінен туындайды. Уикэнд туризмі ұйымдастырылған (топтық) немесе жеке уикэнд туризмі болуы мумкін. Туристер әртүрлі көлік құралдарын, ең алдымен меншікті автомобильдерін пайдаланады. Туризмнің бұл түрі өте жиі «екінші баспанаға» бару түрінде өтеді.
Сонымен, туризм классификациясының ғылыми және прак-тикалық маңызы бар, ол білгеніңді реттеуге және дүниежүзілік туризм қозғалысын терең біліп-түсінуге әсерн тигізеді. Туристік қызметтердің сапасы мен көлеміне қойылатын қосымшаталаптарының және қызмет көрсетудің жаңа түрлері мен формаларының, сондай-ақ туризмнің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты туризм клас-сификациясы жетілдіріледі және толығымен мәреге жетті деп оны есептеуге болмайды.