§ 3 Туристік-рекреациялық ресурстар Туристік-рекреациялық ресурстар ұғымын түсіну үшін ең алды-мен географиялық, табиғи, антропогендік (қоршаған) орта ұғымының мағынасын анықтау қажет.
Терминологиялық талқылауға үңілмей-ақ айтсақ, табиғи орта жеті әлементтердің жиынтығы болып табылады. Бұл жеті әлементтер мынадай: белгілі бір кеңістікте орын тапқан үш биотикалық (өсімдік, жануарлар, топырақ) және төрт абиотикалық әлементтер (геологиялық құрылым, жер бедерінің құрылымы, сулар, климат). Табиғи ортада тұратын адам, оны өзгертіп антропогендік ортаны қалыптастырады. Қорыта айтсақ, географиялық ортаны сегіз әлемент құрады: физикалық және биотикалық ортамен бірге адам қалыптастыратын орта, яғни бұл ауылдар, қалалар, фабрикалар, су бөгендері және т. б. сияқты антропогендік әлементтері кіретін өзгертілген табиғи орта [32].
Географиялық ортаның осындай барлық әлементтері туристік-рекреациялық ресурстар бола алады. Бірақ олар туристердің қызығушылығын туғызғанда ғана туристік-рекреациялық ресурстарға айналады. Мысалға, геологиялық құрылым немесе топырақ туристерді қызықтыра ала ма деген сұрақ қоюға болады. Бұрын ондай болмаған, ал қазір болса, осындай туристік іс-әрекет дамып келе жатыр [32].
Сулардың (теңіздер, өзендер, көлдер, бөгендер), жер бедерінің (таулар, қыраттар және т.б.), климаттың (температура, күн сэулесі, қар, мұз), өсімдік пен жануарлар әлемінің туризмге әсерететіндігі сөзсіз. Туристерді белгілі бір жерге (аудан, жергілікті жер, маршрут) туристік-рекреациялық ресурстардың жиынтығы (географиялық ортаның бірнеше әлементтерінің үйлесуі) тартады.
Я. Варшиньска мен А. Яцковски [33] айтуынша туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз - туристерді қызықтыратьш табиғи немесе антропогендік әлементтердің (бірге немесе әрбіреуі бөлек) жиьштығы.
Экономикалық әдебиетте туристік-рекреациялық ресурстар та-биғи және антропогендік шығу тегі бойынша жіктелетін игілік (қор) ретінде анықталады. Алайда, туристік-рекреациялық ресурстарды жіктеу үшін әдетте шығу тегі критерийінің орнына олардың функциялары қолданылады, мысалға, ресурстарды демалысқа, тануға арналған және мамандандырылған ресурстар деп бөледі (4-кесте). Со-нымен бірге бұл функциялар туристің ең басты үш түрткісі (мотиві) болып табылады.
Туризмді дамыту мақсатында аумақтардың қулдылығын анықтау үшін туристік-рекреациялық ресурстарды зерттеу қажет.
Туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз туристік-экскурсиялық қызметте пайдаланатын қоғамдық қажеттіліктеріне сәйкес технологиялық дәрежеге жетілдірілген белгілі бір мөлшерде өзгертілген табиғижәне антропогендік ландшафтардың жиынтығы. Барлық туристік-рекреациялық ресурстардың жинағын үлкен екі топқа: табиғи жәнеәлеуметтік-экономикалық (мәдени-тарихи) ресурстарға бөлуге болады.
4-кесте