Туризм географиясы


§ 5 Туризм географиясының мақсаттары мен міндеттері, зерттеу нысаны мен пәні



бет26/94
Дата30.03.2022
өлшемі0,5 Mb.
#29328
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   94
§ 5 Туризм географиясының мақсаттары мен міндеттері, зерттеу нысаны мен пәні

Табиғи ортамен, қоғаммен және оның әлеуметтік-шаруашылық іс-әрекеттерімен тығыз байланысты болғандығынан туризм географ-зерттеушілерді ертеден-ақ қызықтыра бастаған.

Алғашқы туризм зерттеулері қолданбалы сипатына ие болып, әртүрлі географиялық пәндердің, әсіресе халық және көлік географиясы шеңберіне кірген еді. Тек қана екінші дүниежүзілік соғыстан кейін туристік қозғалыстың қарқынды дамуы осындай зерттеу жұмыстарын едәуір жылдамдатып, олардың теориялық жәнеәдістемелік негіздерін құрай бастады.Бұл үрдіс география ғылымының жаңа пәні - туризм географиясының бөлініп шығуына әсерн тигізді.

Туризм мен рекреация ұғымдарының бірдей еместігін ескерсек, туризм географиясын коғамдық-географиялық пәнретінде қарастыру   қажет, оның оқу объектісі - туризм болып табылады. Рекреациялық география демалыс пен туризм мәселелерін ғылыми географиялық негізінде түсіндіретін қоғамдық географиялық пәндердің ішіндегі жаңа бағыт болып саналады, ол XX ғасырдың 60-шы жылдарының аяғында - 70-ші жылдарының басында ғана география ғылымынан туындаған. Бұрынғы КСРО-да география ғылымында оның негізін қалаушы профессор B.C. Преображенский болды. Кеңістікте болатын туристік құбылыстардың түрлері мен қатынастарына және соған байланысты кеңістікті өзгертетін үрдістеріне талдау жасау туризм географиясының оқу пәнінқұрайды. Туризм, халықшаруашылығының баска да салалары сияқты бірнеше шағын салалардан тұрады: емдеу, сауықтыру-спорттық, танымдық; сондай-ақ ішкі және халықаралық туризмге бөлінеді. Бірнеше басқару органдарының болуы да осыған байланысты. Бұрынғы КСРО-да басқару шағын салаларға - курорттарды басқару бойынша орталық кеңес,туризм және экскурсия бойынша орталық кеңес, «Спутник» халықаралық жастар туризмінің бюросы, «Интурист» бүкілодақтық акционерліқ қоғамы және басқалары жатты. Осындай шағын салалардың әрқайсысы өзінің мекемелерімен, басқару органымен, жоспарлау бөлімімен, материалдық-техникалық базасымен біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеп тұрды. Бірақ, олардың мекемелері ортақ табиғи ресурстарын, бірыңғай технологиялық жәнеәлеуметтік инфрақұрылымын қолданды, сонымен қатар халық шаруашылығының өзге салаларына бірдей әсеретті. Сондықтан жоғарыда айтылған шағын салаларды тұтгнушылар бір-бірін толықтыратын жуйе ретінде қарастырды. Сондықтан жалпы туризм саласына талдау жасап, оның дамуын жоспарлап түру қажет. Осындай жұмыстармен туризм географиясы айналысады. Туризм географиясы жаратылыс, техникалық, экономикалық жәнеәлеуметтік мәселелерді қамтитын, кешенді зерттеулерге сүйенетін конструктивті ғылым бо­лып табылады.

Демек, туризм географиясының зерттеу мақсаты - туристік қоз-ғалыстың табиғи, экономикалық, әлеуметтік және басқа да аспектілерін ескере отырып, туризмді басқарудың теориялық негіздерін құрастыру. Туристік-географиялық зерттеулер туристік функциялары қалыптасып үлгерген аумақтарымен бірге туристік-рекреациялық ресурстары бар болғанымен туристік қозғалыс әзірше ойдағыдай дамымаган жерлерді де қамтиды.

Сонымен, туризм географиясы туризмнің түрі мен мезгілдігін ескере отырып, туризмді дамытуға аумақтың жарамдылығын; аумаққа және оның шаруашылық кешенінің калыптасуына туризмнің әсерн; туризмнің дамуынан туындайтын және қоғамның шаруашылық іс-әрекетіне әсерететін аумақта болатын құблыстар мен үрдістерді қарастырады. Міне, осыған байланысты, туризм географиясыньщ алдыңда біртүтас маңызды міндеттер қойылады. Солардың ішінен ең маңыздысын, біздің қөзқарасымызша, 1971ж. Б.Б. Родоман дәл тауып айтқан: «Географтардың мақсаты - басқа мамандармен қатар рекреациялық ресурстарды анықтау, бағалау және картаға түсіру бойынша әдістемелерді жасау, аумақты үнемдеп пайдалану, табигатты қорғау және ландшафтардың рекреация үшін сүлулығын сақтау жөнінде ұсыныстар беру, сонымен қатар демалыс аудандардың типтік модельдерін жасау, негізгі түсініктер мен ережелерді құрастыру, рекреациялық география зонасын табу». Рекреациялық жәнетуристік ресурстар үллмдары тектес, бірақ біріншісі екіншісінен кеңдеу және туристік ресурстар рекреациялық ресурстарының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Туризм ресурстарына керемет көп нысандар: сулар, таулар мен ормандардан бастап сәулет өнері мен өндірістік-шаруашылық нысандарына дейін - кіреді.

Табиғи ресурстарының жарамдылығы, демалыс пен туризм мақсатында аумақтарды таңдау және қорғау ел аумагын пайдалану аудандарына дұрыс бөлінуімен, яғни халық шаруашылығының ұтымды құрылысын анықтаумен тығыз байланысты. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің ұлғаюына және осыған байланысты табиғи ортаның өзгерістеріне, урбандану үрдісі салдарынан халықтың рекреациялық белсенділігінің өсуіне байланысты, бұлмәселе ерекше маңызға ие бо­лып тұр.

Рекреациялық баға тек қана табиғи ресурстарына емес, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық ресурстарына да (тарихи-мәдениобъектілер мен құблыстар, қаражат, материалдық, еңбек және т. б. ресурстар) берілуі қажет. Туристік тартымдылық жагынан олар табиғи қасиеттерін толықтыруы мүмкін, сонымен қатар, материалдық немесе рухани мәдениет аясының нысандары ретінде өздері де туристік қозғалыс мақсаты болуы мүмкін.

Әртүрлі дәрежедегі ТРЖ-ді олардың мамандандырылуы мен шоғырлануын негіздеу,құрамындағы жүйелер  арасындағы  өзаратәуелділіктерін анықтау мақсатында жүргізілетін зерттеулерінің де маңызы жоғары.

Жоспарлап реттеудің тәжірибесі жағынан туризм географиясының маңызды мәселелерінің біреуіне оның болжам жасау функциясы жатады. Туризмді дамыту облысында түрлі модельдерді қолданып туристік қозғалысқа болжам жасау қажет. Халық табысы деңгейінің өсуі, көліктің дамуы,урбандану үрдісі, бос уақыттың көбеюі туристік қозғалыстың құрылымына қатты әсерн тигізеді.

Туристік қозғалысты басқарудың факторы - туристік шаруашылықты дамыту саясаты болып табылады. Осындай саясат туризмнің экономикалық жәнеәлеуметтік аспектілерін, табиғат қорғау шараларын ескеруі қажет. Бұл саясаттың мағынасы-рекреация мен туризмдегі тұтыну категориясы ретіндегі қажеттіліктерді шаруашылық әрекет көрсеткіші ретіндегі туристік қызметтер ұсынысымен үйлестіру бо­лып табылады, жәнебұлсаясат табиғи орта әулетіне сәйкес болуы керек.

Табиғи ортаның қасиеттері мен туристік козғалыс, оның ішінде халықаралық туризм жасайтын экономикалық эффект арасындағы үтымды пропорцияларын анықтап орындау өте маңызды мәселе екені түсінікті. Осындай тәуелділікті анықтау үшін қызмет көрсету аясындағы еңбекпен қамтылу, халықтың туризмнен түсетін табысы, туризм дамуынан болатын шаруашылық құрылымындағы өзгерістер, материалдық игіліктің өсуі, туризмнін халық шаруашылығындағы орны сияқты мәселелерін зерттеу қажет.

Туризм географиясы жас ғылым болғандықтан, оның теориялық зерттеулерінде атау сөздер мен негізгі түсініктеріне көп орын бөлінген.

Сонымен, туризм географиясының алдыңда бірқатар міндет қойылады, олардың ішіндегі ең бастылары - гносеологиялық (танымдық) және конструктивтік (өзгерістер енгізуші). Аумақтың туризммен айналысуға жарамдылығын, оның формалары мен маусымдық сипатын, туризмнің аумаққа тигізетін әсерн ескере тура географиялық зерттеу, туристік өнімдердің кеңістікте топтастырылған туристік сұраныс пен ұсынысты зерттеу үлкен маңызға ие. Туристік аумақтардың тұрақты және қауіпсіз дамуы стратегияларын негіздеуде, туризмнің кешенді ұйымдастырылған жүйелерін басқару негіздерін орнатуда олардың дамуын болжауда географтардың релі маңызды болмақ.

Туризм географиясының тағы да бір міндеті туризмнің аумақты жүйелерін жобалау. Оның басты мақсаты - табиғаттың, халықтың және шаруашылықтың өзара әрекеттесуіне негізделетін туризмнің кеңістіктегі ұйымдастырылуын жетілдіру болып табылады. Туризмнің кеңістіктегі ұйымдастырылуы адам мүдделерін қанағаттандыру, өмір деңгейі мен сапасын арттыру, оның ішінде туристік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында іске асырылады. Туризм географиясының құрастырушы рөлі мен әртүрлі ғылыми әдістері мен тәсілдерін біріктіру негізінде жүргізілетін қолданбалы туристік-рекреациялық зерттеулердің стратегиялық бағыты осындай.

Әлеуметтік-экономикалық (қоғамдық) географияның бөлігі ре-тінде туризм географиясы мәдени-ағартушылық, тәрбие, білім беру міндеттерін орындайды. Сонымен қатар, туризм географиясының ерекше маңызды функциясы халықты аумақтардың туристік-әлеуметтік жөнінде хабардар қылу болып табылады. Туризм географи­ясы туризмнің түрлері мен формалары, табиғат, мәдениет, тарих объектілері, өз елінде және шет елде орналасқан туризм индустриясының кәсіпорындары жөнінде ақпарат жеткізеді.

Сөйтіп, туризм географиясы потенциалды саяхатшылардың қолданыстағы немесе жаңадан қалыптасып жатқан туристік орталықтарына деген қызығушылығын туғызады.

Туризм географиясының білім беру жүйесіндегі орны маңызды. Туризм географиясы болашақтағы туризм мамандарына туризмнің аумақтық жүйелері жөніндегі білім беріп, осы білімін өндірісте, ғылымда, аудандық жоспарлауда қолдануына мүмкіндік туғызады.



Қайталау сұрақтары

1.  Туризм географиясының зерттеу нысаны мен пәні ұғымдарына сипаттама беріңіз.

2.  Туризм географиясы зерттеулерінің мақсаттары жөнінде айтып беріңіз.

3.  Туризм географиясының зерттеу облыстарына:- аумақтыңтуризм дамуына жарамдылығы;

- туризмнің аумацтың шаруашылық кешенінің цалыптасуына тигізетін әсері;

- туризм дамуына байланысты пайда болғанжәне шаруашылықіс-әрекетіне әсерететін цүбылыстар мен үрдістер - сипаттама беріңіз.

4.  Туризм географиясының алдыңа қойылатын міндеттер қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет