Туризм географиясы


Баға берудіқ медициналық-биологиялық түрі



бет53/94
Дата30.03.2022
өлшемі0,5 Mb.
#29328
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   94
Байланысты:
лемдік туризм

Баға берудіқ медициналық-биологиялық түрі табиғи факторлардың адам ағзасына тигізетін әсерн көрсетеді. Бұл жағдайда рекреанттың организм үшін комфорттылығы да бағаланады. Медициналық-биологиялық баға бергенде климат басты рол атқарады. Климатологтар мен курортологтар демалыс пен туризм үшін климаттық ресурстарга баға беру әдістері жүйесін ұсынған. Климат дегеніміз белгілі бір аудандарға лайықты ауа райының көп жылдық режимі. Оның адамға әсері нақтылы ауа райы арқылы беріледі.

Климатқа рекреациялық баға бергенде адам организмінің метеорологиялық факторларга байланысын тексеру қажет. Курорто­логтар ауа райының адамға жасайтын физикалық әсерімен бірге оның эмоциялық әсерн де ескереді.

Ұзақ уақыт бойы ауа райының адам ағзасына әсерететін әлементтері мен құбылыстарын елшеу әдістері іздестірілген. Бірақ адам ағзасына бір мезгілде коптеген метеорологиялық әлементтер әсеретеді, сондықтан мұндай іздестірулер нәтижесіз болды. Әдістерді таңдау барысында шартты (эффективті) температураның жүйесі құрастырылған. Осындай шартты температуралар метеорологиялық көрсеткіштердің (ауаның температурасы, оның ылғалдылығы, жел күші мен күн радиациясы мен үзын толқынды сэулелену интенсивтілігі) кешенді әсерн сипаттайды.

Температура мен ылғалдылықтың әсерн сипаттайтын кешенді көрсеткіш эффективті температура (ЭТ) деп аталады. Темпера­тура, ылғалдылық және жел жылдамдығын сипаттайтын кешенді көрсеткіш - эффективті-эквивалентті температура (ЭЭТ). Тем­пература, ылғалдылық, жел күші және күн радиациясын сипаттай­тын   кешенді   корсеткіш  радиацитың-эквивалентті   температуpa(РЭТ) деп аталады. РЭТ есептері күн сэулесінің адам денесін қыздыратынын көрсетеді. 1 минутта адам денесінің 1 шаршы сантиметріне күн энергиясының 0,7 кіші калориясы келіп түрса, адам оны температураның 3° көтерілгеніндей болып сезінеді. Кесте мәліметтеріне сүйенсек, жоғары температураны ауа құрғақ болған кезде оңай шыдауға болатыны анық.

Адам организмі үшін қолайлы температура мен ылғалдылықтың үйлесімді көрсеткіштері 6-кестеде көрсетілген (6-кесте).

6-кесте Адам ағзасына қолайлы температура мен салыстырмалы ылғалдылық үйлесімі [1]

Температура, °С

Салыстырмалы ылғалдылық, %

20

85

25

60

30

44

35

33

Шартты температура жүйесімен «комфорт зонасы» байланысады, көптеген адамдар үшін оның температурасы 17° пен 23°С арасында болады. Белсенді рекреанттар үшін «комфорт зонасы» 12° пен 16° арасындағы эффективті-эквивалентті температурада бола алады. «Комфорт зонасынан» тыс эффективті-эквивалентті температура адам ағзасына қолайсыз. «Комфорт зонасы» адамның денсаулығына және жыл мезгіліне қарай өзгеріп тұрады.

Медициналық-биологиялық баға берудің келесі әдісі - кешенді климатологиялық әдісі. Бұләдіс адам организміне тигізетін метео-рологиялық әлементтер кешенінің әсерн ескереді. Бұләдіс арқылы «тәулікауа райы» мен «бір мезет ауа райын» және ауа райы өзгеруінің жылдамдығын сипаттауға болады. «Тәулікауа райы» түсінігін қолдану себебі адам ағзасының кептеген функцияларының ауа райының тәуліктегі өзгерістеріне байланысты болуы. Алдыңда өткен түн мен келесі күннің метеорологиялық жағдайлары бір-бірімен бай­ланысты, бұл жағдай адамның тәуліктік ритмикасын анықтау үшін «Тәулік ауа райы» ұғымы курорттық аудандар климаттарын зерттеп салыстырған кезде өте пайдалы болды. Ауа райы оның морфологиялық негізінде құрастырылған классификациясы арқылы сипатталады. Бұл жіктелуге ауа райының 16 класы кіреді, оның ішінде аязсыз ауа райы тобы (8 класс), ауа температурасы 0°-тан өтетін ауа райы (2 класс) және аязды ауа райы (6 класс).

Соңғы жылдары ауа райының күрт өзгерісі көрсеткішін бағалау қолдануда. Ауа райының күрт өзгерістерге үшырауы ағзаның физиологиялық функцияларының ойдағыдай өзгерістеріне әкеліп соғады. Мұндай өзгерістер атмосфералық фронттар өткен кез­де және жергілікті циркуляция жағдайында да байқалады. Өзгеріс көрсеткішінің мөлшеріне қарай (пайыз) ауа райының мынадай режимдері: өте тұрақты (25%), тұрақты (25-34%), құбылмалы (35-50%) және өте құблмалы (50%) режим болады. Ауа райының өзгеріс көрсеткіші жоғары болса, ауа райын болжау қиынға түседі.

Климаттық зерттеулермен бірге климаттық факторлар әсерне ұшыраған ағзаның күйін суреттейтін көрсеткіштер іздестірілуде. Кли­мат ерекшеліктері мен ағза күйі арасындағы байланыстарды табудың жиі қолданылатын әдістерінің бірі - сүрапталған топ ішінде олардың субъективті пікірлері жөніндегі сауалнама жасау. Объективті бағалау критерийі ағзаның терморегуляторлық тетіктерінің кернеуі болып табылады. Ол адам денесінің орташа температурасының немесе терлеу көлемінің өзгеруі бойынша анықталады.

Адам терісінің орташа температурасына байланысты жылу сезімін ескеруімен ауа райы түрлері тоғыз категорияларға - өте суықтан өте ыстыққа дейін бөлінеді. Ыстық болған кезде адам терісінің темпе­ратурасы көп өзгермейтіндігінен ыстық ауа райының әсерін бағалау үшін терлеу көрсеткішін қолданған жөн.

Комфорттық жағдай - дене терісінің орташа температурасы 31-33° болған кезде байкалады, бұл жағдайда адам ыстықтамайды да, тоңбайды да. Температураның белгілі бір мөлшерге төмендеуі адам денесінің белгілі бір мөлшерде салқындауына әсеретеді. Көрсетілген әдістерді қолданып, бірқатар қолданбалы мақсаттарды шешуге бола­ды: демалыс, туризм, емдеу үшін климаттың қолайлылығы бойынша географиялық аудандастыруды жүргізуге болады. Адам организмі үшін қолайлы ортаның ұзақтығы - климатқа медициналық-биологиялық баға беру жұмысының негізгі көрсеткіші болып табылады.

Тау аймақтарының климатын бағалау әдістемесі жөнінде атап айту керек. Біріншіден, тау климаты теңіз деңгейінен жергілікті жердің биіктігіне, беткей көлбеуі мен бағытына, жер бедеріне қарай жылдам өзгерістерге ұшырайды. Екіншіден, өзіне тән ерекшеліктерімен бірге, айналасындағы ландшафт сипаттарына да ие болады. Таулы аудандарының климаттық жіктелуі тау курорттарының классификациясында көрініс табады. Бұл классификацияда курорт мамандандырылуы; тау аймағы орналасқан табиғи зонасы; биіктік белдеуі (аласа таулы - 1000 м-ге дейін, орта таулы - 1000-2000 м, биік таулы - 2000 м-ден жоғары); курорт ауданындағы өсімдік көрсетілген.

Негізгі көрсеткіші адам ағзасы үшін қолайлы мезгіл ұзақтығы болып табылатын климаттың медициналық-биологиялық бағалануы әсіресе территориясы үлкен елдер үшін қажет. Осындай жұмыстар шетелдік туризм дамуы үшін де маңызды. Олардың қорытындылары жолнамалар мен жарнамалық буклеттерге енгізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет