Туризм географиясы



бет43/94
Дата30.03.2022
өлшемі0,5 Mb.
#29328
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   94
Байланысты:
лемдік туризм

Діни туризм бүгінгі күні айтарлықтай ауқымды көлемге жетіп отыр. Оған мінажат ету сапарлары, дін мен діни мәдениет тарихын білу мақсатындағы саяхаттар, діни қызметшілердің саяхаттары жатады [31]. Олардың ішінде ең алдымен мінажат ету сапарларын атау керек. Бұл қасиетті діни орталықтарына бару болып табылады. Ең ірі үш монотеистік дін мінажат етушілері үшін қасиетті жер - Иерусалим. Еврейлер мұнда Інжіл жерлерін, жылау қабырғасын, Ғибадатханалық тауын көру үшін келеді. Христиандар Иеруалимді Исаның жердегі баспанасы ретінде мойындайды және Құдай Бейітіне тізе бүгу үшін келеді. Мүсылмандардың осындағы қасиетті орындары - Омар, аль-Акса мешіттері және т.б. Алайда мұсылмандардың ең басты қасиетті «хадж» (қажылық) орталығы - Мухаммед пайғамбар туған Сауд Арабиясындағы Мекке қаласы. Қүдайға табынушы като-ликтер Рим папасына Ватиканға барады. Туристік діни маршруттар-ды анықтайтын әр елде өзінің ұлттық діни орталықтары бар.

Мәденитуризмі. Мәдениет пен туризм бір-бірімен өте тығыз байланысты. Туризм мәдениет объектілерін қорғайды,байытады және насихаттайды, мәдениет болса туризм дамуына өз септігін тигізеді. Мәденитуризм - бұл ойдағыдай мәдени қүндылықтарына ие орында­рын: мәдениет, тарих пен сәулет өнері ескерткіштерін; археологиялық ескерткіштер мен қазбаларды; атақты тұлғалармен байланысты орындарды; мұражайларды, көрмелерді және т. б. көріп шығу Мәденитуризмі ең жақсы дамыған елдер - еуропалық мемлекеттер. Басқа елдер арасынан Израиль, Үндістан, Қытай, Мексика, Жапония сияқты елдерді бөліп атауға болады [18].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет