Жан Жак Руссо алғашқы өнеркәсіп революциясының қарсаңында ғалымдар мен саясатшылар адамзаттың болашағы үшін жауапты екендігін, адамның табиғатты игеруге байланысты іс-әрекеттеріне бақылау орнату қажеттігін мәлімдеген болатын. Бірақ, өкінішке орай, бұл мәлімдемелер мүлде ескерілмей, бұл дәуірдегі еуропалықтардың басқыншылық әрекеттері кездейсоқтық сипатынан айрылып, саналы түрде жүзеге асырыла бастады. Мысалы, АКДП-тың шығысында Еуропадан қоныс аударғандар жергілікті халықты ата-қонысынан ығыстырып, жаңа жерлерді зорлықпен басып алды. Африка, Азия құрылықтарының бірқатар мемлекеттері де жыртқыштықпен тоналды. Британ өкіметі шалғайда орналасқан «бесінші континентті»(Австралия) қылмыскерлердің жазаларын өтеу орталығына айналдырды. Ал Еуропалық мемлекетгердің өз араларындағы әскери қақтығыстарға келетін болсақ, мұнда жағдай мүлде басқаша болды. Олар соғыс жағдайында бір-бірін тең деп санады, тіпті шиеленіскен сәттердің өзінде де тиісті келісімдерге келіп отырды (жеңіске жеткен мемлекет тұтқындарды құлға айналдыра алмады, соғыс қимылдарына тек арнайы әскерлер ғана қатыстырылды және т.б.). Бірақ Франция, Англия, Португалия, Испания сияқты Еуропа мемлекеттері еуропалық емес немесе «христиандық дүниеге» жатпайтын елдер үшін ешбір заң да, ешбір норма да есепке алынбады. Олар «түземдіктермен» саудаласып не болмаса бәтуаға келіп жатудың ешбір қажетгігі жоқ, шама келгенше оларды бағындырып қана қоймай, қырып-жоя беру керек деп санады.
Қорытынды
Жаңа дәуір философиясы құбылыстар арасындағы байланыстардың себеп-салдарын түсіндіруді ғана іздеумен шектелмей, жаңа ғылми фактілерге сүйеніп түзілген дүниенің тұтас бейнесін жасауға ұмтылды. Байланыс пен өзара әсерді қарастыруға талпыну заңды түрде рацональды ізденуді қалыптастырады. 17-ғасыр – рацонализмның пайда болу және қалыптасуы ғасыры. Эмирикалық болсын, рациональдық болсын таным ғылымның тұтастық ретінде дамуына әкеледі. Бұл екеуі де жаңа дәуірде қалыптасқан философияның бағытына құба-құп келді. Эмпиризм және рационализм жаңа дәуір философиясының белгілері. Эмпиризмнің негізін Ф.Бэкон қалады, ал рационализмнің негізін Р.Декарт қалады. Ф.Бэкон “Білім - күш” деп, ғылыми таным, білім арқылы табиғатты игеретін инструментті көре білді. Табиғаттың заңдарын танып, олармен сәйкестікте әрекет жасап, табиғаттың беретін ырысын игеруге болады деп ұқты. Рационализм нағыз білімді тәжірибеден алу мүмкін емес деп есептейді. Декарт адамның ойлау қызметінің конструктивті мүмкіндіктерін ашты. “Рацио” сөзін аударғанда ойлау дегенді білдіреді. Декарттың философиясының орталығында адам, “Я”, “Мен”, “ойлай алатын зат” тұрды. Бұл зат күмәнданады, терістейді, аз да, көп те біледі, сезінеді. Декарт өзінің философиясының бастамасын ойлау деп жариялады, сөйтіп жаңа дәуірді бастады. Декарт алдымен күмәндану керек дейді. Оның күмәндануы абсолютті скептицизмнен аулақ еді. Ал егер күмәндану универсалды болса, онда метафизиканың жаңа ғимаратын құруға негізді қайдан алуға болады? Бұл мәселені Декарт тең құқылы екі субстанцияны енгізу арқылы шешеді: ойлау және созылмалылық.