«Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары» пәні 10 дәріс



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата25.05.2023
өлшемі0,74 Mb.
#97324
  1   2   3   4   5   6


«Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары» пәні
10 дәріс. 
Әлемнің жаратылыс-ғылыми көрінісі: әлемнің механикалық 
көрінісі (ӘКМ). 
А. Эйнштейннің салыстырмалылық теориясындағы кеңістік пен 
уақыт. Үлкен жарылыс моделі. 


Дәріс жоспары
1
Классикалық және классикалық емес жаратылыстану.
2 Әлемнің жаратылыс-ғылыми көрінісі: әлемнің механикалық көрінісі (МКМ).
3 А. Эйнштейннің салыстырмалылық теориясындағы кеңістік пен уақыт.
4 Үлкен жарылыс моделі. Кеңейетін ғаламның моделі.
5 Хаббл заңы.
6 Фридман бойынша ғаламның моделі, әлемнің релятивистік моделі (Эйнштейн әлемі)


Қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымының негізгі мақсаты - үлкен жаңалықтар мен
зерттеулердің нәтижесінде Әлемнің жаратылысты-ғылыми бейнесін жасау.
Әлемнің жаратылысты-ғылыми бейнесін (картинасын) тікелей жасайтын ғылымдар -
астрономия, космология, космогония және физика.
Классикалық 
Классикалық емес
• табиғатта болып жатқан құбылыстардың барлығы
заңды.
• Зерттелетін жүйені толық тануға болады.

Рационалды классикалық ойлау: жүйенің барлық
қасиеттері сыртқы бақылаушыға белгілі.
• Зерттеу нәтижесінде өлшенетін шамалардың орташа
мәндері есептеледі.
• Ньютонның механикалық теориясы, Максвеллдің
электрмагниттік
теориясы,
Эйнштейннің
салыстырмалылық
теориясы,
Менделеевтің
химиялық
элементтердің
периодтық
кестесі,
Дарвиннің табиғи сұрыптау теориясы
• кездейсоқтық ықтималдылықпен сипатталады.
• Табиғат құбылыстары стохастикалық сипатқа (реттелмеген) ие.
• Сыртқы ортаның объектіге әсерін принципті түрде бақылау
мүмкін емес. Мұндай әсерлер флуктуацияларға, яяғни кездейсоқ
объект сипатамаларының орташа мәнінен ауытқуларға алып
келеді.
• Объектінің күйі әрдайым қоршаған ортамен әсерлесу кезінде
өзгеріп отырады.
• Гейзенберг, Борн, Шредингердің кванттық механикасы,
Дирактың кванттық электродинамикасы, Эйнштейн және
Гиббстің статистикалық термодинамикасы, гендік және
молекулалық биология.
әр түрлі ойлау типтерін қарастырғанмен дүниені танып білуде бірін бірі толықтырады




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет