Туризм және спорт факультеті



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата07.04.2023
өлшемі264 Kb.
#80308
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Рекреацияның типтері. Рекреация жаңаны танудан басқа, стресс, шаршағандыққа 
реакция болып келеді. Адамның өмірінде стресстік жағдай, шаршағандық көп болған 
сайын, рекреацияда қажеттілігі күшейеді. Бұл заңдылық ең белсенді рекреанттар 
болып басым ірі, үлкен қалалардың түрғындары болады. Адам шаршағанын тәуліктік, 
апталық, квартальдық және жылдық циклдер есебінен қайта қалпына келтіріледі. 
Кеңістік көз қарасынан рекреацияның екі стандарты – белсенді және пассивті түрлері 
ажыратылады. Мекен жайынан жақын жерде, немесе мекен жайының шегінде 
демалуды «пассивтік рекреация» деп түсінеді. «Белсенді рекреация» негізгі мекен 
жайынан алыс қашықтаған жерде демалу. Рекреациялық әрекеттің қайталану 
критериялары негізінде рекреацияның 5 түрін ажыратуға болады: 
1) Тәуліктік демалу – 24 сағаттық цикл. Демалуға ажыратылған уақыт шамамен 8 
сағат, бұл – ұйқы. 


2) Апаталық демалу – 7 күндік цикл. Демалуға ажыратылған уақыт шартты түрде 6 – 8 
сағат. Бұл демалыс мекен жайынан жақын орналасқан демалу орындарына бару, 
мысалы, саябақтар, зообақ т.с.с., сонымен қатар табиғатта шығып демалу. 
3) Квартальдық демалу – 65 – 90 тәуліктік цикл. Орташа есеппен тікелей демалуға 
арналған уақыт көлемі 8 сағат. Демалудың квартальдық циклі басым біркүндік, мекен 
жайынан алыс емес жерге барып демалуды түсінеді. Бірақ сонымен қатар түрақты 
мекен жайынан алысқа кету шарт емес. 
4) Жылдық демалу – 365 тәуліктік цикл. Демалуға арналған тікелей уақыт 10 – 14 
тәулік деп белгілеуге болады. Демалудың жылдық циклі әр түрлі мақсатпен түрақты 
мекен жайынан алыс жерде (оқу, діни, курорт, спорттық демалу т.с.с.) болғанын 
түсінеді. Бірақ мекен жайымен шектелуге де болады, квартальдық демалу циклінен 
өзінің ұзақтылығымен сипатталады. 
5) Өмірлік демалу – В.Б. Николаенко бойынша [15] – шамамен 10 – 15 жылды 
қамтиды. Бұл циклде мекен жайынан аса ұзақ орындарға бару, мұндай циклдер 
барлық адамдарда болмайды, оның себептері тосаттан болады. 
Рекреацияның тәуліктік және апталық циклдері адамның іс-әрекеті процесіндегі 
биологиялық еркешеліктерімен анықталған. Тәуліктік рекреацияның себептері – 
күндізгі шаршағандық, адам белгілі бір уақыт бойы ұйықтау, жұмыс орнынан тыс болу 
қажет. Апталық рекреацияның себептері жоғардағыдай, адамның ден саулығы 
аптаның аяғына қарай демалуды талап етеді. Шамамен апта бойы 40 – 50 сағат 
жұмыстан кейінгі демалу. Тәуліктік және апталық рекреациялар: «шаршаған жерден» 
«демалу жері» арасындағы қашықытық маңызды емес. Квартальдық рекреация 
күрделі құбылыс болғандықтан оның себептері әр түрлі болады, соның ішінде ең 
маңызды себеп, бір орында ұзақ уақыт бойы болудан шаршау, сондықта квартальдық 
рекреацияда мекен жайынан белгілі бір қашықтықта кетуі байқалады. 
Кеңістікті жылдық белсенді демалу типтері – кеңістікті игеру жоғарғы деңгейінің 
туындысы. Олар әлуеметтік мәдени эволюцияның белгілі кезеңдеріне сәйкес келеді. 
Бір қатар факторлар тәуелді бұл цикл әр түрлі формада және жиілігімен сипатталады. 
Демалу деген жақсы жағдайға ауысудан басқа мекен жайынан басқа бір әр түрлілікті 
іздеу болып табылады. Әр түрлілікке мекен жайынан алысқа кетпей де жетуге 
болады. Кеңістік көз қарасынан бұл пассивтік демалу, бірақ өізінің функциларын 
орындауда белсенді демалудан айырмашылығы жоғары емес. Жылдық демалуда 
мекен жайынан алысқа кетуі шарт емес. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет