Әбіш Кекілбаевтың алғашқы өлеңдер жинағы "Алтын шуақ" деп аталады. Ол 1962 жылы жарық көрді. Ал "Бір шөкім бұлт" 1965 жылы баспадан шықты.
1982 жылы "Шыңырау" повестер жинағы қалың оқырманға жол тартты. Жазушының "Үркер" (1981), "Елең-алаң" (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.
"Аңыздың ақыры", "Елең-алаң", "Үркер", "Шыңырау" – қайталанбас туындылар. Классик қаламгер қара сөздің құдіреті арқылы елдің намысын оятып, рухын көтерді.
2009 жылы "Сыр десте" деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің бес томдық жинағы жарыққа шықты.
Жазушының бірқатар шығармасы әлемнің бірнеше тіліне аударылды. Г.Мопассанның "Пьер мен Жан", "Өмір" романдарын, Шыңғыс Айтматовтың "Ерте қайтқан тырналар" повесін қазақ тіліне аударды. Лев Толстойдың "Соғыс және бейбітшілік" роман-эпопеясын, Буниннің бірқатар шығармаларын тәржімалауға қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |