Жазушының жұбайының есімі – Клара Жұмабаева. Екеуі орта мектепте бірге оқыған. Бір күні жазда мектеп оқушыларының аудандық байқауы өтеді. Әбіш Кекілбаев та тамашалау үшін концертке барған. Сахнада ән айтып тұрған ақ көйлек киген қызға жазушының көзі түседі. Сол жылы күзде Әбіш әлгі қызды қайта көреді. Сөйтіп танысады. Оқу орнын бітірген соң екеуі үйленеді.
Клараның мамандығы – дәрігер. Ерлі-зайыпты төрт бала – Әулет пен Дәулет есімді екі ұл, Зәузат пен Сәулет есімді екі қыз тәрбиелеп өсірді.
«Әбіш — қыры мол ірі дарын. Ол сыншы, жазушы, публицист, тарихшы, саясаткер, мемлекет және қоғам қайраткері, сонымен қатар орыс, қазақ тілінде көсіле сөйлейтін өзгеше шешен адам. Бұлардың әрқайсысы жеке-жеке бір-бір азаматтың абыройын асырар қасиеттер ғой. Ал, бір Әбіштің бойында тоқайласуы арқылы оны жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысындағы қазақ топырағындағы ірі тұлғаға айналдырды» Марал Ысқақбаев.
Достарыңызбен бөлісу: |