Собықта жіп ұзындығын жоғарылату үшін сызықтық тығыздығы жоғары болатын иірім жіпті құбыршалы собыққа арналған УМПА-1 арқаулы орау автоматында қайта орайды. Осы автоматта алынған собықтар үлкен өлшемді болғандықтан ұршықта қапсырмасыз тікелей оралады. Тоқыма станогында құбыршалы собықтар ішінен төгіледі.
Жоғарыда аталған УМПА-1 арқаулы орау автоматы әрбірі 10 бастиектен тұратын жеке секциядан тұрады және екі жақты болып келеді. Автоматта ұршықтардың айналу жиілігі 1400, 1600, және 1800айн/мин.
Жоғарыда қарастырылғандай, арқау жіптерін кей кезде қосымша түрде өңдеуден өткізеді, яғни ылғалдандырады немесе эмульсиялайды.
Арқау иірім жіптерін ылғалдандырудың әдістер қатары бар. Камералы әдіс барысында иірім жіпті арнайы камераларда немесе салыстырмалы ылғалдылығы жоғары болатын жер төледе ұстайды. Сонымен қатар иірім жіпті булау әдісі де қолданылады, яғни, оны бумен немесе қыздырылған ылғалдандырылған ауамен өңдейді.
Суландырғыштарды немесе майлы заттарды қолдана отырып ылғалдандыруды эмульсиялау деп атайды. Әдетте аталған әдіс арнайы аппараттарда қолданылады. Онда иірім жіпті суландырғыштары ерітілген (контактпен және т.б.) салқын сумен өңдейді. Эмульсия өз кезегінде собықты иірім жіп ішіне лезде сыңып кетуі, ондағы иірім жіптің иілімділігін шақырта отырып іске асады.
Эмульсиялау нәтижесінде иірім жіп салмағының жоғарылауынан шамамен 3% құрады.
Тәжірибе жүзінде жүннен жасалған иірім жіпті әдетте булау процессімен өңдесе, ал мақта маталы немесе зығырлы иірім жіптерді ылғалдандыру немесе эмульсиялау процесстерімен өңдейді.
Бақылау сұрақтары?
Тоқыма станогына келетін арқау иірім жібі дайындау кезеңдері?
Арқаулы иірім жіпті қайта орау қалай жүзеге асырылады?
Арқау жіптерін ылғалдандыру және эмульсиялау процесінің маңызы?
Ылғалдандырудың қандай әдістері бар?
Эмульсияның құрамында не болады?
УА-300-3 арқаулы -орау автоматының құрылысы мен жұмысы?
Қайта орау кезеңінің маңызы?
Орау автоматтарының орау жылдамдығы?
Құбыршалы орау автоматтарының айналу жиілігі қандай?