Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К


Негіз жіптерді сабақтау барысындағы ақаулар және қалдықтар



бет20/56
Дата11.10.2024
өлшемі5,69 Mb.
#147790
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

Негіз жіптерді сабақтау барысындағы ақаулар және қалдықтар


Сабақтау барысында пайда болатын негізгі ақаулар төмендегіше болады:


Негіз жіптерін басқа ремизка көзшесіне сабақтау, нәтижесінде өрім суреттемесі бұзылып, матаның барлық ұзындығы бойынша бойлық сызықты жолақ пайда болады. осы ақау түрін жою үшін станоктағы сабақтауды дұрыстау немесе негізді қиып алып, оны қайтадан сабақтау бөлімінде сабақтау қажет.
Бердоға дұрыс сабақтамау, мұнда да матада бойлық бағытта жолақтың пайда болуына алып келеді. Осы кемшілікті бердоға желіжіпті қайта сабақтау (қателік кеткен жерден бастап) арқылы жояды.
Сабақтау барысында тоқыма станогында бірінші қатысқан желі жіптер (негіз жіптері) тоқымашының жұмысын қиындатып және матаның сапасын төмендететін созылулар мен әлсіздіктер сияқты мата кемшіліктерін құра отырып ламельде шатасады.
Технологиялық процесстерді дұрыс ұйымдастыру барысында сабақтау барысындағы ақаулар көлемі мардымсыз болуы мүмкін. Егер шлихталаушы бөлімнен келетін негіз жіптерінің ұштары шатасқан, ширатылған және т.б. кемшіліктермен келген болса, онда оларды қиып алуға тура келеді. Мұндай жағдайда ақаулар көлемі жоғарылайды.

Бақылау сұрақтары:



  1. Негізгі жіптерді сабақтау кезеңінің маңызы?

  2. Сабақтау өз кезегінде орындалуына байланысты қандай түрлерге бөлінеді?

  3. Түйіндегіш машиналары минутына қанша түйінді түйіндейді?

  4. Сабақтау түрлері қандай?

  5. Қатарлы сабақтау қалай орындалады?

  6. Төгілмелі сабақтау жүзеге асырылуы?

  7. Қайтымды сабақтау?

  8. Сабақтауды суреттеудің қанша әдісі болады?

  9. Сабақтау барысында пайда болатын негізгі ақауларды атаңыз?

  10. Сабақтау кезеңіндегі ақаулардың пайда болу себептері?

  11. Сабақтау ақауларының жою жолдары қандай?

  1. БӨЛІМ. Тоқымаға арқау иірім жібін дайындау


Тоқыма станогына келетін арқау иірім жібі алдын ала дайындықтан, яғни, қайта орау, ылғалдандыру немесе эмульсиялаумен негізделетін бөлімдерден өтеді. Кейде арқаулы иірім жіптер тоқыма станогына алдын ала өңдемелі дайындықсыз да түсе береді.


Арқаулы иірім жіпті қайта орау көбінесе мына жағдайда, яғни, иіршік өлшемі щөлнек өлшеміне тура келмеген жағдайда, сонымен қатар орама құрылымы тоқыма станогында иіршікті өндіруге қиындық туғызған сәтте қолданылады. Қайта орау барысында жіпті тазалау, жуандықты кетіру және басқада ақауларды жою әске асады, сонымен қатар орама тығыздығы мейлінше болатын собық алынады. Тоқыма станогында өндіру үшін қолайлы болатын арқаулы иірім жіпті иіршікте қайта орау үшін өз кезегінде арқаулы – ораушы автоматын қолданады.
Арқау жіптерін ылғалдандыру және эмульсиялау олардың үзілгіштіктерін төмендету үшін қолданылады. Арқаулы иірім жіп ылғалдылығының жоғарылауымен собықтағы жеке талшықтардың бір бірімен байланысу деңгейі жоғарылап, иірім жіптің қатаңдығы төмендейді. Сонымен қатар жіптердің шалулары төмендеп, арқау жіптерінің қашуы төмендейді.



Сурет 20. УА-300-3 арқаулы – орау автоматының
технологиялық сұлбасы

Бұл өз кезегінде иірім жіпті эмульсиялау немесе ылғалдандыру салдарынан иірім жіптің ішкі кернеулілігі тепе-теңдік күйге келеді, өйткені оның беріктілік негізі жойылып, ал босаңсуы жеделдетіледі. Бәрімізге белгілі, яғни, беріктілік реттілігі сәйкесінше кернеулікті өзгерту барысында серпілісінің кешігу құбылысы деп аталатынын білеміз. Берік реттілік салдарынан серпіліс біршама уақыттан кейін тұрақты түрде өсе береді.

Иірім жіптегі талшық кернеулілілігі, сонымен қатар беріктілік реттілігі және босаңсуы оны, яғни, иірім жіпті дайындағаннан кейін ақ оның құрамының өзгерісіне алып келеді. Иірім жіптегі талшықтың беріктілік реттілігі нәтижесінде өз күйін біршама өзгертеді, ширату барысында талшықта пайда болатын кернеулік босаңсуы салдарынан төмендейді. Сондықтан да керілісті босату барысында иірім жіпте ілгектер, ширатпалар және т.б. пайда болады.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет