Батан қайықтың күзу арқылы ұшып өтуі үшін бағыттаушы қызметін атқарады. Сонымен қатар ол бердоның көмегімен ол күзуге енгізілген арқау жіпті өндірілген мата жиегіне соққылайды. Батан қалақшада 2 бекітілген (сурет 66) түзу бұрышты қималы темір бөренесінен тұрады. Батан бөренесінде көлденең саңылау істелген, онда бердоның төменгі бөлігі 3 орналасады. Бердоның жоғарғы бөлігі батан қалақшасына бекітілген көлденең бөрене пазында болады.
Батан қалақшалары шылбырмен 5 басты біліктің 7 иінімен 6 байланысқан. Әдетте алдыңғы күйде батанды орнату барысындағыдай шылбыр ұзындығын да өзгертуге болады.
Басты біліктің айналуы барысында батан шылбыр арқылы тербелмелі қозғалыс алады. Батан мата жиегінен бастап қозғалғанда ашық күзу арқылы арқау жіпті сала отырып қайық ұшып өтеді. Ал мата жиегіне қарай қозғалғанда бердо сол бағытта арқау жіпті орналастырып, мата жиегіне қарай соғады. Қайықтың ұшып өтуі барысында бердо және батан склизі оның бағыттаушысы ретінде қызмет атқарады.
Батан бөренесінің ұшында қайықты тежеуші және оны қорапшада орнатушы жазық серіппе әсерінде болатын қақпақша қайықты қорапша орнатылған. Қайықты қорапша негіздемесі ретінде шойынды склиз, ал жанама қабырғасы ретінде – алдыңғы және артқы жақты болып табылады.
Сурет 66. Батанды механизмінің
сұлбасы
Сурет 67. Батан қозғалысының
сұлбасы
Батанның жұмыс істеуі барысында келесі шарттар қамтамасыз етілуі қажет:
Күзу арқылы қайықтың ұшуы барысындағы батан қозғалысының аса төмен қозғалысы;
Әрбір арқаушаның мата жиегіне баяу және сол уақытта қуатты енгізбесі;
Батанның баяу қозғалысы, яғни, станоктың тұрақтылығына зиянды әсер етуші сілкімесіз:
Станоктың қажетті өнімділігін алу үшін батан соққысының жеткілікті саны.
Батан механизмі өз кезегінде төрт буынды болып табылады: оның бір буыны – батан қалақщасы, екіншісі – батан жүргізбесі, үшіншісі – басты білік иіні және төртіншісі – станок асты. Батан механизміндегі буындар арақатынасын өзгерте отырып, белгілі жағдайда батан қозғалыс сипатын бірнеше шамаға өзгертуге болады.
Басты біліктің айналуы барысында оның иіні 0 нүктесінде (сурет 67) орталық
шеңберлігін сипаттаса, ал батан қалақшасын жүргізбемен байланыстырушы оның саусақшалары АВ доғасы бойынша қозғалады. Батан қозғалысының заңдылығын анықтаушы қисықтарды талдаушылық жолмен немесе графикалық жолмен де алуға болады. Батан қалақшаларының саусақшалары АВ доғасы бойынша емес, керісінше түзу бағытта қозғалды делік. Сонда батанды механизм өз өзін қосиінді – бұлғақты механизм
түрінде қарастырады.
Қабылданған рұқсатнама батан қалақшаларыны ұзындығының үлкендігі және оның кішігірім бұрылу салыстырмалылығы салдарынан жоғары дәлсіздікке алып бармайды.