Тауарлы білікшеге мата оралуы барысында негіз шығынын өтемдеу үшін негіз жіпті тізбеораушысынан төгілуі қажет. Негіздің төгілу ұзындығын немесе тізбеораушысынан негізді беруді реттеуші механизмдерді негізгі реттегіштер деп атайды. Тізбеораушысының айналмалы қозғалысын тежей отырып, негіз жіптерге қажетті керілісті құратын негізгі тежегіштерден негізгі реттегіштердің айырмашылығы, аталған негізгі реттегіште тізбеораушысының айналуымен негіз жіптерінің қажетті керілісі және арнайы механизмдердің бірлесе әрекеті іске асады.
Негізгі реттегіштерді қолдану барысында тізбеораушысынан негіз жіптерін беру немесе босату негіз жіптерінің керілісіне байланысты немесе аталған қажетті керіліске байланыссыз да іске асырыла береді. Осыған сәйкес негіз жіптеріне байланысты және байланысты емес негізгі реттегіштер деп ажыратады.
Пневматикалық станоктың негізгі тежегіштері. Матаны тоқу процессінде негіз орамасы диаметрінің өзгерісіне тәуелді емес негіз жібінің керілісін тұрақты ұстап отыру үшін пневматикалық станокта міндетті түрде негізгі тежегіш қолданылады. Жоғарыда аталған тежегіш тербелмелі қозғалыстағы скаладан жұмыс істеп, өз кезегінде негіздің біртекті берілуін қамтамасыз етеді.
Оқтайша қысымы 1 қосиықты тұтқыш 3 арқылы серіппелермен 2 құрылады, сонымен қатар қосиықты тұтқыштың 3 төменгі иығы тежегіш тегершіктің 5 тұтқышына 4 әсер етеді. Тежегіш тегершікті беріліс арқылы тізбеораушысымен 6 байланысқан. Негіздің қажетті сабақталушы керілісін бұрамданың көмегімен, яғни, оң және сол жағымен бірдей деңгейде және оқтайшаның ауытқушылығы болмайтынындай етіп орнатады.
Мұндай құралдарға өз кезегінде оқтауша, шпарутка және төстемір қатысты болып келеді. Оқтауша негіз жіптерінің қозғалыс бағыттарын өзгерту үшін қызмет атқарады. Сонымен қатар көбінесе оқтауша күзу шалу процессі барысында негіз жіптерінің керілісін реттеп отыру үшін де қызмет атқарады. Мұндай жағдайда оқтаушаға ремизкаға қарай бағыт бойынша бірнеше шамада оқтаушаның күзу ашылу барысында орын ауыстыру үшін міндетті түрде қозғалмалы етіп жасайды, ал бұл өз кезегінде негіз жіптерінің керілісін біршама төмендетеді.
Шпарутка соққылау зонасында матаның ендігі тұрақты болуды ұстап отыру үшін
қызмет атқарады. Аталған шпарутка станоктың екі жағында орналасады, өйткені матаны ұстап, оның ендік бойынша қысқартылуына жол бермейді.
Тоқыма станоктарында түрлі шпаруткалар қолданылады. Ауыр маталарды тоқу барысында негізінен сақиналы шпаруткалар (Сурет 72) қолданылады. Сақиналы шпарутка көлбеулі эксцентрикті шайбалары кигізілген темір шыбықтан тұрады. Әрбір шайбада ойылған жерлер болады, онда радиалды инелері болатын қола сақиналар кигізіледі.
-
Сурет 72. Шпарутка
|
Стерженнің ұшында конустәріздес шайба болады. Мата жиегі сақина бетіне салынып, жоғары жағынан қақпақпен қысылады. Сақина инесі мата бойымен өте отырып, оны соққы
зонасында апшудан ұстап отырады.
|
Шпарутка өз кезегінде бердоға жақын орналасуы үшін (бірақ, сол уақытта бердоға да батан шетіне де жанаспауын қадағалау қажет) дұрыс орнатылуы қажет.
Төстемір дайын матаны вальянға бағыттауы үшін, сонымен қатар матаны батан склизі және оқтаушаға қатысты тұрақты деңгейде ұстап отыру үшін қызмет атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |