Механикалық тоқыма станоктарында өңделген арқаулы шөлмектерді алмастыру аса жоғары еңбек өнімділігін қажет етеді, өйткені әрбір станокта тоқымашы бір сағатта 25 тен 200 собықты алмастырады. Аталған құрылғыны қолмен алмастыру экономикалық түрде тиімсіз болып табылады, өйткені осы операцияларды орындауға кететін көп уақыт шығынымен байланысты қызмет етуші станоктар санын қысқартады, ал бұл өз кезегінде еңбек өнімділігін төмендетеді. Арқауды автоматты алмастыру барысында еңбек өнімділігі шамамен 2 – 2,5 есеге жоғары болады.
Тоқыма станогында арқауды автоматты түрде алмастыру арқау жібінің үзілуі немесе қайта өңдеу барысында шөлмекті немесе шөлмегі бар қайықты алмастыру жолымен іске асырады. Бірінші жағдайда қайықтағы ескі шөлмек жаңасымен алмастырылады, ал екінші жағдайда ескі шөлнегі бар қайық өз кезегінде ішінде жаңа шөлнегі бар қайықпен автоматты түрде алмасытырады.
Осылардың ішінде кең таралғандары ретінде бірінші әдіс болып табылды. Мұнда қайықтағы шөлмек келесі механизмдердің біріге әрекеттесуі барысында алмасады:
Шөлмекті алмастырушы өзіндік механизм, ол арқаудың шығып кетуі немесе үзілуі барысында қайықтағы ескі шөлмекті жаңасымен алмастырады;
Қайықты қайықты қорапшаға дұрыс орнатпауы барысында (дұрыс ұшпауы немесе кері қарай шегінуі нәтижесінде) шөлмектің алмастыру мүмкіндігін ескертіп отыраты ескертуші;
Дабылдаушы механизмдер және шөлмектің алмастырылуын іске қосушы механизмдер Сақтандырғыш қайықты қорапшада қайық дұрыс күйде болмаған жағдайда орауышты алмастырғыш механизмді істен шығарады. Мұндай жағдайда батанның жүрісі барысында қайық сақтандырғышты сағат тілі бойынша бұра отырып, оның ұшын қысады. Нәтижесінде сақтандырғыш 8 саусақшасы соққылаушы әрекеті сызығынан қабылдағышты 6 төмен қарай ауытқытады, осының салдарынан орауыштың ауысымдылығы қалыс қалады, ал бұл өз кезегінде қайықтың, орауыш немесе тіктірменің сынуын алдын алады. Егер, қайық қалыпты қонса, онда сақтандырғыш өз жолында қайықты кездестірмей отырып, шеткі алдыңғы күйге келеді, соққылаушы 5 қабылдағышқа 6 әсер етіп және шығарып тастаушы шөлмектердің
ауысуын іске асырады.
Маталардың ақаулығының қалыптасуын алдын алу үшін қайшылар арқау жіптерінің ұштарын қиып отырады. Ал автоматты станоктарда жіпжүргізгіш қайшысы және шпарарқаулы қайшыларға ие болып табылады.
Жіпжүргізгіш қайшысы өңделген орауыштан келе жатқан жіп ұштары ауысуы мезетінде қырқып, мата жиегіне кетіп бара жатқан жіп ұштарын керілген күйде тұрақтандырып отырады. олар тек қана шуплодан шөлмектердің ауысу дабылдың іске
қосылуы барысында ғана қолданылады. Егер дабыл арқаулы айыршамен іске асырылатын болса, онда ауысуы барысында арқау жіптері орауыштан толық төгіледі, сондықтан да мұндай жағдайда қайшының қажеті болмайды.
Шпаруткаулы қайшылар мата жиегінің оң жағында орналасқан арқау жіптерінің ұштарын кеседі. Олар сонымен қатар арқаудің ұштарының матаға кетуін алдын алып, мата жиегін тазалауды. Тізбеораушысынан және өндірілген шөлмектен арқау жіптерінің ұштарын кесу, егер шөлмектің ауысуы сүңгіш іске қосылса ғана іске асырылады.
Арқаулы щуплоны автоматты станок қайығындағы шөлмекте болатын иірім жіп санымен бақыланады. Ол өз кезегінде шөлмектің ауысу механизмін шөлмекте арқау жібі толық өндірілмегеннен (шығындамай) алдын іске қосылуын қамтамасыз етеді. Өйткені щупло матада жолақтардың пайда болуын алдын алады, сонда оны жолақтары болмайтын маталарды өндіру барысында ғана қолданады. Щупломен жұмыс істеу барысында арқау шөлмектерінде қалдықтар көлемін қысқарту үшін толық өндірілмеген күйде болатын қосымша орама деп аталатын жүйелілікке ие болу қажет. Қосымша орама ұзындығы матада қолданылатын 3 – 4 арқауша ұзындығынан жоғары болмауы керек