членорасположение
)-
habitus fetus- төлдің басы, аяқ- қолдары, құйрығы өз денесіне
байланысты орналасуы. Дұрысы аяқ- қолдары, басы бүгілмей,
қайырылмай түзу орналасуы, сөйтіп төл басымен келіп, жоғарғы
позицияда, ұзына бойы сәйкес келіп, аяқ- қолдары, басы қайрылмаған
болса ғана туу үрдісі дұрыс өтеді.
Төлдің туу жолдарына дұрыс келуі
Төлдің туу жолдарына бұрыс келуі
Туғаннан кейінгі кезең - шудың түскен уақытынан жатырдың қайтадан қалпына
келуіне дейінгі уақыт, аталған уақыт ішінде ана организмінде ерекше өзгерістер
болады. Сыртқы жыныстық органдардың ісігі 2-3 күнде тарайды. Дене
температурасы, тыныс алу жиілігі, тамырдың, жүректің соғуы қайтадан
қалпына келеді - бұл құбылысты инволюция деп атайды. Барлық ауыл
шаруашылық малдарында туғаннан кейінгі кезең қалыпты жағдайда 3 апта
көлемінде аяқталады немесе бір айдан аспауы тиіс. Жатыр Инволюциясы
кезінде бұлшық еттерінің ретракциясы болады, жатыр артерияларының өзегі
тарылады, бос қалып, ыдырай бастайды, олардың орнын дәнекер ұлпа басады.
Перметрия мен эндометрия қатпарлары жазылып, қалпына келіп жұқара
бастайды. Шудың бөліну кезіндегі жарақаттар жазылып, кілегейлі қабатта
бездерді эпителийі өсіп қалпына келеді. Туғаннан кейінгі алғашқы 3 күнде
жатырды қабырғасы қалыңдайды (ірі малдарда 4-5 см дейін жетеді) жатырдың
көлемі 2-3 есе кішірейеді. Жатырдың кең шарбысы, байламдары тартыла
бастайды, жатырдың бұлшық еттері жиырылған соң жатыр мойны бұлшық
еттері де жиырылып орнына келе бастайды. Жатыр мойны инволюция
аяқталғаннан кейін барып жабылады. Жатырдың аналық плацентасының
қызметін атқарған бөлігі ыдырайды, қан тамырлары тартылады, шарана
сулары, шудың қалдығы бәрі қосылып сыртқа лохий болып шығады.
Айналып түскен жатыр
карункул
Туғаннан кейінгі кезеңде аналық малды суықтан сақтау керек, ірі
малдың тұрған жерін, үсті-басын тазартып тұру керек. Сапалы жем-
шөппен, жылы қарамен қамтамассыз ету керек, күнделікті серуенге
шығарған жөн. Осының бәрі төлдің өсіп - өнуіне малдан сапалы өнім
алуға септігін тигізеді. Туғаннан кейін аналық мал кебу жылы қорада
ұстаған жөн, өйтекі мал жиі терлейді де суыққа ұрынып ауырады.
Туғаннан кейін 1-2 сағаттан соң анасын жылы сумен суарып
сабынмен денсін сылап -сипап массаж жасайды, құйрығының түбірін
былғатпай орап тастау керек. Жуғанан кейін алғашқы күнері малға тез
қортылытын сапалы көк шөп берген дұрыс, бірақ азықтың көлемі аз
болғаны жөн. Аналықты бақылаудан тыс қалдырмау керек, жағдайын
біліп тұру керек. Лохий шығып болғанша сыртқы жыныс мүшелерін
дезинфекциялық ертінділермен жуып-шайып тұрады. Туудан кейінгі
кезеңнің дұрыс өтіп жатқанын малдың тәбетінің жақсы болғанан
білуге болады. Жыныс мүшесіне инфекция енбеу үшін астына таза -
кебу төсегіш сабын төсеп тұрған жөн. 2-3 күн өткен соң жаңа туған
сиырды 1 сағат серуендеткен дұрыс.
Бақылау сұрақтар
1.
Туу туралы түсінік ?
2.
Туу процесінің сатылары және ұзақтығы ?
3.
Туу туралы ілім ?
4.
Ауыл шаруашылық малдарда буаздықтың ұзақтығы ?
5.
Ен қосалқысының сөлінің физиологиялық атқаратын маңызы ?
Пайдаланған әдебиеттердің тізімі:
•Жоланов М.Н., Қалтаев Ш.Қ., Жукин Б.Д. Қойбағаров Қ.У. Ветеринариялық
акушерлік, гинекология және көбею биотехникасы. Оқулық. Дәуір 2012.
•Жоланов М.Н., Қойбағаров Қ.У., Төребеков О.Т. Мал акушерлігі және
гинекологиясы. Оқу құралы. Агроуниверститет. 2005.
•Студенцов А.П. и др. «Ветеринарное акушерство и гинекология» 1986 г. Оқулық
Агропромиздат.
•Студенцов А.П., Шипилов В.С., Никитин В.Я. «Ветеринарное акушерство,
гинекология и биотехника размножения животных» Оқулық. М.: Колос 1999 г
Достарыңызбен бөлісу: |