Түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс



Дата08.12.2022
өлшемі8,46 Kb.
#55784
Байланысты:
Тек2


1) Құқықтық қатынас дегеніміз — мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан-белгілері:


Бірінші — құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.
Екінші — қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.
Үшінші — субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.
Төртінші — егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер

түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.


2) Құқықтық қатынастың құрылымы төрт элементтен тұрады: субъект, объект, субъективтік құқық, заңды міндеттер.


1. Құқықтық қатынастың субъектісі – жеке адам және заңды тұлғалар. Қазақстан Республикасының және басқа елдердің азаматтары сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады (КРАК, 12 б.). Қатынастың субъектісі болу үшін олардың құқықтық қабілеті және әрекеттілігі қалыптасуы керек.
2. Құқықтық қатынастың объектісі – қоғамдағы көп түрлі, көп салалы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік, азаматтық, қылмыстық әкімшілік, еңбектік, т.б. қарым-қатынастар.
3. Субъективтік құқық – құқықтық қатынастардағы субъектілердің екі жақты мүдде-мақсаттарының орындалуы. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер құқықтық қатынастың ең негізгі мазмұнын құрайды.
4. Заңды міндеттер. Субъективтік құқық бар жерде сонымен бірге заңды міндеттер болады. Бұл екеуі бір-бірінсіз бола алмайды. Себебі

қатынастардың көпшілігінде екі жақты субъектілердің құқықтары бар және соған сәйкес екі жақты субъектілердің міндеттері бар. Олардың дұрыс орындалуын қамтамасыз ету субъектілердің өздерінің іс-әрекетіне, жұмысына байланысты. Егерде әр субъект өзінің тиісті міндеттерін дұрыс, уақытында орындаса, онда сөз жоқ құқық та дұрыс уақытында орындалады деуге болады.


3)Құқықтық қатынастардың мағынасы


Құқықтық қатынасты тар мағынада түсіну оны заң нормаларымен реттелген әлеуметтік қатынастардың бірі деп ұғыну және бұл қатынасқа түсушілердің өзара кірігіп-бірігіп араласып кеткен құқықтарымен міндеттері болады.


Құқықтық қатынастарды кең мағынада түсінуді заң пайда болғанға дейін объективті түрде туындайтын әлеуметтік өзара ықпалдасулардың ерекше түрі деп ұғыну қажет. Бұл ықпалдасуларға қатысушылардың бір – біріне өзара қатысы болып келетін құқықтары мен міндеттері болады.


Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді жалпылық және нақты.
Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады.
Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілер болғанда басталады.

4) Заңдық фактілер — нақты құқықтық қатынастардың туындауы (өзгертулер, тоқтатулар) үшін негіз болып табылатын заңда қарастырылған жағдайлар.


Заңды фактілер: оқиғалар және әрекеттер болып екі топқа бөлінеді.
Оқиғa — адамдардың еркіне тәуелсіз пайда болатын заңды маңызды фактілер (мысалы, қар көшкініндегі өлім).
Әрекет — адамдардың ерік білдіруі (яғни, олардың саналы қызметінің нәтижесі) болып табылатын өмірлік фактілер.

Заңдық фактілерге сонымен бірге уақыт та жатқызылады, заңды презумциялар, функциялар жағдайы.


Заңды уақыт – бұл заңды фактілердің бір түрі,

құқық нормаларының пайда болуын байланыстыратын белгілі уақыт ортасында өзгеруді не құқықтық қатынастарды тоқтатуды және соған сай заңды салдарды көрсетеді.


Заңдық презумция – бұл заңдарда бекітілген, алдын-ала белгілі заңды фактінің болғанына не жоқтығына сай, құқық нормаларының заңды нәтиженің болуын байланыстырады.
Заңдық функция – заң шығарушымен мойындалған шындыққа жататын жағдайлар, адамның, құқықтың жағдайына формальді белгілілік кіргізеді сонымен, өзі қатынасуымен қоғамдық қатынастарды реттеуге ықпал етеді.

5) Құқықтық қатынастың субъектісі – бұл субъективтік құқыққа және заңды міндеттерге ие құқықтық қатынасқа қатысушылар, яғни жеке адам және заңды тұлға.


Құқықтық қатынастар субъектілерінің мынадай түрлері бар:

1.Жеке тұлға, бұған: азаматтар, екі азаматтыққа ие тұлғалар, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдіктер жатады. Шет елдің азаматтары толық құқықты, тек олар сайлауға қатысуға, сайлануға,


әскер қатарына шақырылуға құқығы жоқ.


2.Ұжымдық түрге мемлекет жатады. Мемлекет халықаралық – құқықтық қатынасқа басқа мемлекеттермен мемлекеттік ұйымдармен, мемлекеттік емес ұйымдармен (жеке фирмалар, коммерциялық банктер, қоғамдық бірлестіктер т.б.) түскенде пайда болады.
Құқықтық қатынастың субъектісі болу үшін олардың құқықтық қабілеті және әрекеттілігі қалыптасуы керек.

6) Субъективтік құқық – бұл субъектінің өз мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы.


Заңды міндет – бұл заңды қажет іс-әрекет шамасы. Міндет – бұл субъективтік құқықтың жүзеге асырылуының кепілі.
Субъективтік құқық пен заңды міндеттің арасындағы айырмашылықтар:
- егер субъективтік құқық тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға бағытталса, заңды міндет бөтен мүдделерді (мысалы, мемлекеттің, басқа тұлғалардың) қанағаттандыруға бағытталған;
- егер субъективтік құқық заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы болып табылса, заңды міндет

қажетті іс-әрекет шамасы болып табылады.


7) Занды мінез-құлық құқық нормаларының нүсқауларына сәйкес келетін жеке тұлғаның мінез-құлқы. Ол арқылы заң орындалады, жүзеге асырылады. Егер адамдардың мінез-құқықтары құқық нормаларының талаптарына сәйкес келсе, онда құқықтық тәртіп нығаяды. Азаматтар құқық нормаларының талабы немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес мінез-құлық екіге бөлінеді:


1) Белсенді заңды мінез-құлық лауазымды тұлғалардың, азаматтардың өз бастамасымен белгілі мақсатқа бейімделген занды әрекеттері оның түрлері сан алуан.
2) Енжарлы мінез-құлықтың көрінісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді салақтықпен сапалы орындамайды, өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға енжарлықпен, немқұрайлықпен қарайды.

8)Заңды мінез-құлық бірнеше түрде болуы мүмкін.


Құқықтық сананың деңгейіне байланысты заңды мінез-құлық (іс-әрекет) төмендегідей түрлерге

жіктеледі:


1. Маргиналдық (маргинал-аралық) мінез-құлық – бұл мінез-құлық бәрінен бұрын заң бойынша жазаланудан қорқу мен өз есебінен жаңылып қалмау мақсатына негізделеді. Маргиналдық мінез-құлықты адамдар қайсы сәтте де болса заңды оп-оңай аттайды (бұзады), сәті келсе, ыңғайлы жағдай туа қалса құқықтық талаптарды орындамауға да дайын тұрады.
2. Конформистік құқыққа сай мінез-құлық. Мұндай мінез-құлық адамның құқықтық талаптарға конформистік түрде бас июіне (көніп бағынуына) негізделеді. Мұндай мінезді адамның ұстанатын қағидаты «бәрі қандай болса, мен де сондаймын» болады. Мұндай мінез-құлық құқықтық нормаларды жете түсінбей, олардың байыбына бармай орындауға (атқаруға) негізделеді.
3. Жағымды құқыққа сай мінез-құлық – мұндай мінез-құлық қоғамда бар құқық нормаларының әділ және әділеттілігіне мызғымас сенімге, құқықты құрметтеуге және оны терең білуге негізделеді. Мұндай мінез-құлық құқықтың әдеттегі қалып бойынша, әртүрлі себептермен дәлелдердің іштей арпалысуынсыз

орындалуынан (атқарылуынан) көрінеді.


4. Құқыққа сай, әлеуметтік тұрғыдан белсенді мінез-құлықтың мұндай түрі құқықтың құндылығының қажеттілігі жөніндегі мызғымас сенім мен құқықты құрметтеуге ғана емес, сонымен бірге құқыққа дәлелді түрде қарау мен оны жете түсінуге негізделген.

9) Құқық бұзушылық құқыққа қарсы бағытталған кінәлі және өзінің сипатымен қоғамға зиянды және қауіпті зардаптар туғызатын, арнайы жасқа толған субъектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі.Құқық бұз/қ негізінде төрт сипаттан қалыптасады:


• Әрекет н/е әрекетсіздік
• Құқыққа қарсылық
• Субъектінің арнайы жасқа толуы
• Кінә
Құқық бұзушылықтың құрамы нақтылы құқық бұзушылықты және оның қоғамға зияндылығы мен қауіптілігін заңмен айқындаған арнайы нышандардың жиынтығы. Құқық бұзушылық төрт элементтен тұрады:
• Субъект
Объект

• Об/к жақ


• Суб/к жақ
1) құқықбұзушылықтың объектісі – бұл осы құқықбұзушылықтың неге бағытталғанын көрсетеді. Объектінің түрлік және тектік түрлерін бөліп қарастырады. Тектік объект ретінде қоғамдық қатынастар орын алса, түрлік объектіге өмір, денсаулық, абырой, мүлік және т.б. жатады.
2) құқықбұзушылықтың объективтік жағы – бұл осы құқықбұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы, оларға мыналар жатады:
а) әрекет немесе әрекетсіздік;
ә) құқыққа қайшылық;
б) зиянды нәтиже;
в) әрекет (әрекетсіздік) пен зиянды салдың арасындағы себепті байланыс.
3) құқықбұзушылықтың субъектісі – бұл осы әрекетті немесе әрекетсіздікті жасаған құқықәрекетқабілетті жеке тұлға немесе әлеуметтік ұйым.
4) құқықбұзушылықтың субъективтік жағы – бұл тұлғаның өз әрекетіне және оның салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Субъективтік жаққа кінә, ниет және мақсат жатады. Бұл жерде басты санат

болып кінә табылады. Кінә дегеніміз тұлғаның өзі жасаған құқыққа қайшы әрекетіне психологиялық қатынасы.


10) Құқық бұзушылық екі түрге бөлінеді:


1.теріс қылық-құқыққа қарсы бағ/н, қоғамға зиянды зардаптар туғызатын әрекет н/е әрекетсіздік. Теріс қылықтар қоғамға зиянын тигізеді, бірақ өте қауіпті болып табылмайды. Теріс қылықтар мынадай түрлерге бөлінеді:
• Тәртіптік теріс қылықтар: мекеме, кәсіпорын, басқа заңды тұлғалармен еңбек құқықтық қатынастарда тұрған суб/ң еңбек кодексінің н/е ішкі ереже талаптарын орындамауы. Тәртіптік теріс қылықтар жасаған суб/ке жұмыс орнының әкімшілігі тарапынан ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан босату сияқты шаралар қолданады.
• Азаматтық құқықтық теріс қылықтар: жеке және з.т. жасалған келісімшарт негізінен туындайтын, міндеттемемлерді орындамау және адам өмірі, денсаулығы және мүлкіне зиян келтіру барсындағы әрекеттердің жиынтығы.
• Әкімшілік құқықтық теріс қылықтар : кодекс б/ша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана,абайсызда) іс әрекеті не

әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.


2. Қылмыс ҚР ҚК 9-бабында: жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет.
Қылмыс сипаты:
• Жеңіл
• Орташа ауырлықтағы
• Ауыр
• Аса ауыр

11) Заңды жауапкершілік — заңды тұлғаны немесе жеке тұлғаны кейбір әрекеттерді орындауға немесе оларды орындаудан қалыс қалуға заңмен мәжбүрлеу шарасы.


Заңды жауапкершіліктің белгілері:
- оны мемлекет құқықтық нормаларды орнықтырады;
- мемлекеттік мәжбүрлеуге негізделеді;
- арнайы өкілетті мемлекеттік органдар қолданады;
- жаңа қосымша міндетті жүктеумен байланысты;
- жеке, мүліктік және ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі бір теріс салдардан көрініс табады;
- іс жүргізушілік нысанда жүктеледі;

- тек жасалған құқықбұзушылық үшін ғана туындайды.


12) Заңды жауапкершіліктің принциптері:


1) заңдылық – жауапкершіліктің тек құқықбұзушылық (яғни, құқықәрекетқабілетті тұлға жасаған кінәлі, құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік) үшін ғана қолданылатынын білдіреді;
2) әділеттілік – жазаның кінәға сәйкестігін, теріс қылықтар үшін қылмыстық санкцияларды белгілеуге жол берілмейтіндігін, кінәліге бір құқықбұзушылық үшін тек бір ғана жазаны тағайындауды білдіреді;
3) негізділік – істің жағдайларын объективтік түрде зерттеуді және нақты жазалау шарасын заңға сәйкес анықтауды білдіреді;
4) ізгілік (гуманизм) – адамның қадір-қасиетін қорлайтын жазалау шараларын белгілеуге және қолдануға тыйым салуды білдіреді;
5) жауапкершіліктің міндетті түрде болатындығы – жасалған қылмыс үшін заңды жауапкершіліктің міндетті түрде туындайтынын білдіреді;
6) мақсаттылық – құқықбұзушыға қатысты таңдалған жазаның заңды жауапкершіліктің

мақсаттарына сәйкестігін білдіреді.


КА-26 ЖҰМАҒАЛИ ЖАСМИН

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет