Байланысты: Ясауи университетінің хабаршысы №1, 2023-464-478
ISSN-p 2306-7365 ISSN-e 2664-0686 ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ , №1 (127), 2023 476
бұл өзен де Цзюйлунь көлінен ағып шығады. Ал Шизянь дегендері Шилка өзені. Себебі
Шилка мен Аргунь өзендері қосылып барып, Хыйшуйге (Амурға) құяды [22, 173–176-бб.].
Маңдар барынша күшейіп тұрған замандарында Аргунь өзені бастау алатын аймақтан
шығысқа қарайғы барлық өңірлерге, атап айтқанда, Хыйшуйдің (Амурдың) екі қапталын ала
осы өзеннің мұхитқа құяр сағасындағы Бохай мемлекетінің жеріне дейін иеленген. Олар
құрған мемлекет аталымы әлі осы уақыттарға дейін әлемдік тарихнамада «Су бойғы маң,
кейде моңғол мемлекеті» (Mэn-bu go) деп жазбаланып келеді. Бірақ бодандығындағы түркі
текті халықтардан осы ақиқатты деректі жасырған Ресей өкіметі тарихшыларына бұл
мемлекет туралы айтуға тыйым салған. Тек бұрмалап айтып, жазбалауға рұқсат берген.
Сол замандарда маң жауынгерлерін мәнжүрлер өз тілдерінде «маң қолы» /әскері/ деп
атамалағандары сияқты, маңдардың өздерін де өз тілдерінде көптікті білдіретін –ғыт
жұрнағын жалғау арқылы «Маңғыт» деп атамалай бастаған. Келе-келе «маңғыт» халықтық
аталымға ие болып, этнонимге айналған. Осыдан болар кейіндеу, атап айтқанда, 945-ші
жылы жазылған «Цзю Тан шуда» (Көне Таң әулетінің тарихында) Маң жұрты «мэнву»
(маңбы), «мэну ши-вэй» (отыз татардың маңы), кейде «маңғыт» деп хаттамаланған.
Ал 1045–1060 жылдары аралығында жазылған «Син Тан шуда» (Жаңа Таң
мемлекетінің тарихы) маңдар «мэн-ву» (маңбы жұрты), ал олардың мемлекеті – «Мэн-ву –
го» (Су бойғы Маң мемлекеті) деп хатталған [23, 89–90-бб.].
Қорытынды Сілтемелерден байқалып тұрғандай, Маңдар жаратылыстарынан асқан айбатты,
жаугершілік іс-қимылға бейім, өжет, қайтпас мінезді, қайратты, барыстай айбаттанып жауын
талқандағанда оларға аяушылық танытпайтын қатыгез жауынгер халық болған. Олар үшін ат
үстінен атойлап қылыш сілтеу, шоқпармен не балтамен ұру, немесе найза лақтыру, әсіресе
садақ ату үйреншікті әдет-ті. Олар жаулап алған аймақтарда ондаған мемлекеттердің
құрылуына ұйытқы болған. Бірқатар жаңа этностық құрылымдардың пайда болып,
аяқтануына себепші болған. Яғни ерте дүниеде Таяу Шығыс пен одан арғы өңірлерде
бірнеше мемлекеттер аяқтанған. Маң билеушілерінің үйлесімді ұйыстыруы мен
ұйымдастыруы нәтижесінде ол мемлекеттер гүлденіп, өркендегені тың фактілік мәліметтер
аясында нақтыланды. Көне қытайлық мағлұматтар аясында ерте дүниелік Маң мемлекетінің
құрылуы, сол мемлекеттің құрамында болған маньжурлердің маң этнониміне -ғыт
жалғамасын жалғап алып, оларды «маңғыт», әскерін өз тілдеріндегі «қолы» ұғым-түсінігімен
алмастырып «маң қолы» деп атауы нақтылы жазбалық деректер негізінде талданды.
Кейіндеу келе «маң қолы» ұғым-түсінігінің «маңқол» этнониміне айналу тарихы сараланды.