Түзілімінің тым тереңде жатқандығын дәйекті дәлелдермен негіздеп берді. Сол түпкі түрік текті түзілімдердің қатарында Маң жұрты да аталады



Pdf көрінісі
бет1/17
Дата16.10.2023
өлшемі0,84 Mb.
#116422
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Ясауи университетінің хабаршысы №1, 2023-464-478



ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686
 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ

№1 (127), 2023
 
464 
ӘОЖ 930; МҒТАР 
03.01
 
https://doi.org/10.47526/2023-1/2664-0686.37
 
 
О. НҰСҚАБАЕВ
*
 
социология ғылымдарының докторы, профессор 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 
(Қазақстан, Түркістан қ.), e-mail: orazbek.nuskabayev@ayu.edu.kz 
 
МАҢ ЖҰРТЫ 
(тарихи-этносоциологиялық сараптама) 
 
Аңдатпа. 
ДНК–генеалогиялық сараптаулар түпкі түрік текті халықтардың этногенездік 
түзілімінің тым тереңде жатқандығын дәйекті дәлелдермен негіздеп берді. Сол түпкі түрік 
текті түзілімдердің қатарында Маң жұрты да аталады. 
Маңдар әу бастан-ақ жаугершілікке бейім, сотқар, аяушылығы аз, қатыгез әрі 
соғысқұмар жауынгер жұрт ретінде көрінген. Олар жаулап алған өңірлерінде ондаған 
мемлекеттердің 
құрылуына 
ұйытқылық 
жасаған. 
Талай-талай 
жаңа 
этностық 
құрылымдардың пайда болып, аяқтануына себепші болған. 
Ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп отырған соны деректер негізінде мақалада 
маңдардың жаулап алуынан ерте дүниеде Таяу Шығыс пен одан арғы өңірлерде бірнеше 
мемлекеттердің қалай аяқтанғандығы деректеледі. Маң билеушілерінің үйлесімді ұйыстыруы 
мен ұйымдастыруы нәтижесінде ол мемлекеттердің қалай гүлденіп, өркендегені тың фактілік 
мәліметтер аясында нақтыланады. 
Маңдардың солтүстік-батысқа қарайғы жаугершілік жорықтарының нәтижесінде скиф 
ұғым-түсінігінің Еуропа халықтарының тілінде қалай тұрақтанғандығы түсіндіріліп, 
«German» этнонимінің пайда болу себебі негізделеді. 
Көне қытайлық мағлұматтар аясында ерте дүниелік Маң мемлекетінің құрылуы, сол 
мемлекеттің құрамында болған маньжурлердің маң этнониміне -ғыт жалғамасын жалғап 
алып, оларды «маңғыт», әскерін өз тілдеріндегі «қолы» ұғым-түсінігімен алмастырып «маң 
қолы» деп атауы нақтылы жазбалық деректер негізінде талданады. Кейіндеу келе «маң қолы» 
ұғым-түсінігінің нендей себептермен «маңқол» этнониміне айналу тарихы сараланады. 
Кілт сөздер: 
Маң этнонимі, жанартаулардың атқылауы, көші-қондық үдерістер, Мидия 
мемлекеті, «скиф» этнонимі, «german» этнонимі, этнонимдердің пайда болуы, «нохой» 
(ноғай) этнонимі, «маңғыт» этнонимі, «маң қолы» ұғым-түсінігі, «маңқол» этнонимі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет