Байланысты: Ясауи университетінің хабаршысы №1, 2023-464-478
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ , №1 (127), 2023 ISSN-p 2306-7365 ISSN-e 2664-0686 471
362 әулиелер мекені, Жайық пен Еділ өзендері аймағындағы Сарыман, Ақаман, Еліман
тұрақтары, т.т.
Өңірдің ел билеушілері «Ағамаң» деп ұлықталған. Жергілікті халық әлі күнге елге
сыйлы кісілерді көтермелеп «Пәленше Аха» деп құрметпен атамалайды.
Осы аймақта өсіп-өніп көбейе келіп, олар бертін келе өздерінің мемлекетін тіктеткен.
Мемлекеттің құрылуында жетекші этнос – маңдардардың көсемдері шешуші рөл атқарған.
Ел халқы әртүрлі, бірақ түпкі шығу тектері бір – түріктекті жұрттардан
құрылымдалғандықтан мемлекет аталымы Ішғұз деп ұлықталған.
«Ішғұз» аталымы көне түріктік ұғым-түсінік. Толық мағынасында «ішкі ордалық жұрт»
дегенді білдіреді. Ішғұздың скиф атануын, қазіргі лингвистика ғылымы, көне грек тілінде
«ішғұз» ұғымының «скуз» болып естілуімен, осыған орай бұл ұғымды еуропалықтар өз
тілдеріне жақындатып «скиф» деп атап кеткендігімен түсіндіреді. Ал «ғұз» ұғымы көне түрік
тілінде «өгіз» деген мағынада қолданылған. Өйткені арғы түріктекті халықтар өгізді тотем
тұтқан. Өздерін өгіз сияқты күші асып-тасыған жұрт санаған. Ал сырт жұрт ішғұздарды
«сақ» деп этнонимдеген. Өйткені олардың байқаулары бойынша, ішғұздар өте сақ халық
болған. Кез-келген мәселені жан-жақты екшелеп, көпшілік болып қана барып, шешім
қабылдаған. Сол көпшілік болып қабылдаған шешім негізінде әрекет жасаған. Бір сөзбен
қайырғанда, ұйымшылдығы мен қабілеттілігі жоғары заңғар халық болған.
Маңдардың Таяу Шығыс пен одан арғы жерлердегі халықтарды жаулап алуы Жоғарыда анықтап алғанымыздай, Ішғұз мемлекетінің билігі Маң көсемдерінің
қолында шоғарланды. Олардың мемлекетті басқару қаблеттерінің жоғарылығына, шешім
қабылдау шеберліктерінің алғырлығына және батыл да қайсар, айтқандарын орындататын
қырсық мінездеріне қарап, былайғы жұрт оларды – нағыз патшалар деп құрметтеп,
ұлықтады. Айталық, бұл ұғым-түсінікті ежелгі қытайлар өз тілдерінде «сай уань» - сақ
патшалары, еуропалықтар – «царские скифы» деп асқақтата мадақтап жүрді.
Ішғұздар түріктекті кілең айбынды жауынгер жұрттардан құрылымдалған халық болды.
Олар қазіргі жыл санауымызға дейінгі мыңжылдықтарда-ақ Қос өзен (Месопотамия) және
одан арғы өңірлердегі халықтарды жаулап алды. Сөйтіп Таяу Шығыс пен одан арғы
өңірлерде ондаған түріктекті жаңа мемлекеттердің құрылуына ұйтқылық жасады.
Айталық, сондай мемлекеттердің бірі ретінде, әлемдік тарихнамада, Мидия мемлекеті
аталады. Бұл мемлекеттің құрылуында ішғұздардың билігіндегі Маң жұрты көсемдері
шешуші рөл ойнады. Сондықтан Маң аталымына көне түрік тілінде көптікті білдіретін -най
жалғамасы жалғанып, мемлекет аталымы көпшілік шешімімен Маңнай (еуропалық халықтар
тілдерінде – Мидия) деген аталымға ие болды [11, 4-б.].
Жалпылама айтқанда, ішғұздардың жаугершілік жорықтары Таяу Шығыс пен одан
арғы өңірлерде өркениеттің қалыптасуына ықпал етті. Жоғары деңгейде сауда-саттық
дамыды, жазу-сызу пайда болды. Есеп пен мәдениет, қол өнері мен зергерлік, ауыс-түйіс,
айырбас дамыды. Рухани құндылықтар мен діни сенімдер аяқтанды. Келе-келе Таяу Шығыс
пен одан арғы өңірлерді жаулап алып, онда ондаған түріктекті өз мемлекеттерін тіктеткен
маңдар бастаған арғы түріктекті жұрттар өз қарауларындағы жергілікті халықтарға сіңісіп
кетті.
Ал жаугершілік жорықтармен Таяу Шығыс пен одан арғы өңірлерге асқандарға ілеспей
атажұртта қалған маңдар басқарған арғы түріктекті жұрттар туып-өскен өңірлерінде
бұрынғыша өмірленіп жатты. Келе-келе олардың да біршамасы ж.с.д. 10-шы мыңжылдықта
Орталық Азияны түгелге жуық қамтыған қуаңшылықта жан-жаққа – оңтүстікке, оңтүстік-
батысқа және солтүстік-батысқа қарай босты. Бұл көші-қонның тарихы О. Нұсқабаевтың
«Байырғы қоңыраттар» ата монографиясында [12, 128–163-бб.]. жан-жақты талданғандықтан
қайталап жатпаймыз, тек айтарымыз Маң жұртына қатысты мына төмендегі тың дерек.
Маңдардың біршамасының «German» атануы