Уалиханова баян сапарбековна


 Медициналық жоғары оқу орны студенттеріне физика пәнін оқыту



Pdf көрінісі
бет14/49
Дата06.01.2022
өлшемі1,5 Mb.
#16828
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49
Байланысты:
Ұлан диссертация

1.2 Медициналық жоғары оқу орны студенттеріне физика пәнін оқыту 
мазмұнының қазіргі жағдайы 
Қазіргі  кезең  –  елдің  нарығын  дамытудың,  әлеуметтік  саланың  жаңа 
жолдарын  іздейтін  кезең.  Түрлі  өндіріс  салаларында  инновациялық 
технологияларды қолдану еліміздің болашағын айқындайды. Оған қоса, барлық 
сала  мамандарын  даярлаудың  талаптары  да  өзгереді.  ХХІ  ғасырдағы  білімді 
жаратылыстану  ғылымдарын  меңгерген  зиялы  қауым  экономиканың  екі 
сегментінде  қолданылады,  олар:  жоғары  технологияға  негізделген  өнеркәсіп 
өндірісінде және ақпараттар ағынына қызмет етуде [106, р.8].  
Медицина  саласында  қолданылатын  техникалар  бойынша  студенттердің 
білім  дәрежесін  арттыру,  медициналық  құралдар  көмегімен  жүзеге  асатын  іс 
әрекеттерді  меңгеруді  жақсарту,  медициналық  құралдар  мен  техникалардың 
мүмкіндігін  толық  пайдалану,  диагноз  жасау  мен  емдеуге  медициналық 
құралдарды  дұрыс  таңдай  алу,  медициналық  құралдар  мен  физикалық 
факторлар  арасындағы  тікелей  байланысты  саналы  түрде  білу  дәрігерлердің 
танымдық әрекетін арттыруда үлкен роль атқарады [109]. 
Медицинада  физикалық  құбылыстарға,  атап  айтқанда:  механикалық 
құбылыстарға;  тербелістер  мен  толқындарға;  молекулалық,  электр  өрісі  мен 
электр тогы, магнит өрісі, ЭМ тербелістер мен толқындарға; оптика, атом және 
ядролық  құбылыстарға  негізделген  физикалық  факторлардың  қолданылатын 
және  осы  құбылыстарға  негізделген  көптеген  медициналық  құралдардың  бар 
екендігін ескеру қажет [110]. 
Медициналық  жоғары  оқу  орындарында  физика  курсын  оқытудың 
мақсаты  -  болашақ  дәрігерлердің  адам  ағзасында  кездесетін  физиологиялық 
процестер,  физикалық  құбылыстар  мен  заңдылықтар  негізінде  жүретіндігін 
(жүректің  жұмысы  -  механика,  қан  ағысы-гидродинамика,  қан  тамырлары 
арқылы  толқынның  таралуы  -  тербеліс,  жасушыдағы  биопотенциал  -  электр 
құбылысы,  т.б.)  және  осы  құбылыстардың  заңдылықтарын  (импульс,  тұрақты, 
айнымалы  электр  токтары  мен  магнит  өрістері,  иондардың  қозғалысы, 
жарықтың  таралуы  мен  сынуы,  радиоактивті  сәулелер,  т.б.)  медициналық 
мақсаттарда,  яғни  диагностика  мен  терапияда  қолдануға  болатындығын;  осы 
мақсатта  қолданылатын  медициналық  құралдар  физиканың  заңдылықтары 
негізінде  жұмыс  істейтіндігін  (балистокардиография,  электрокардиография, 
томография, 
рентгенодиагностика, 
электрофорез, 
электростимуляция, 
физиотерапия, 
т.б.), 
медицинада 
әртүрлі 
мақсатта 
қолданылатын 
материалдардың  физика-механикалық  қасиеттерін  қажетті  бағытта  өзгерту 
(стоматология,  хирургия,  офтолмология,  т.б.)  жолдарымен  таныстыру  ғана 
емес,  болашақ  дәрігерлердің  аталған  заңдылықтар  мен  құбылыстар  негізінде 
жұмыс істейтін медициналық құралдардың барлық мүмкіндігін толық дәрежеде 
клиникалық  пәндер  мен  практикалық  медицинада  қолдануға  үйрету  болып 
табылады.  


25 
Жаратылыстану  ғылымдарының  негізі  ретінде,  физика  –  болашақ 
дәрігерлерге,  адам  ағзасының  негізгі  жүйелерін  функциялау  туралы  базалық 
бейнені  қалыптастыру  үшін  және  болашақ  дәрігерлік  іс-әрекеттерде  осы 
бейнені  саналы  қолдану  үшін  қажет.  Шындығында,  медициналық  көмек 
сапасына  талаптың  өсуі  мен  медициналық  технологияларды  жетілдіру, 
жаратылыстану  ғылымдарының  жаңалығына  негізделеді  [107].  Физикалық 
білімнің дәрігерлерге қажеттілігін жоққа шығаратындар да кездеседі. Олардың 
пікірінше,  белгілі  бір  таңдап  алынған  зерттеуші  дәрігерлер  ғана  ғылыммен 
байланысын тауып, ізденуі тиіс деп есептейді. Бірақ алдымен, дәрігер физиканы 
білмей,  жоғары  технологиялық  және  заманауи  клиникаларда  жабдықталған 
күрделі  емдік  және  диагностикалық  құралдарды  білікті  түрде  қолдана  алады 
ма?  деген  сұрақты  қойған  жөн  болар  [108].  Медицина  мен  физиканың  дамуы 
әрдайым  бір-бірімен  байланыста  болған.  Ежелден  медицина  көптеген 
физикалық  факторларды,  механикалық  әсерлесу,  жылу,  суық,  жарық,  дыбыс 
және  т.б. ұғымдарды  қолданды.  Атақты  суретші, дәрігер әрі  механик  Ленардо 
Да  Винчи  биомеханиканың,  механиканың  күрделі  зерттеуін  жүргізген.  Осы 
факті негізінде, оған алғашқы медицина физигі деген атағы берілді [109]. Және 
оған  дәлел  ретінде  адам  денесінің  пропорциясы  туралы  белгілі  суреті 
медициналық және биологиялық оқулықтардың бетінде сипатталған [110].
 
Аталған  мәселе  бойынша  Ю.  Петренко  өз  мақаласында  «Дәрігерлерге 
физика қажет пе?» деген тікелей сұрақ қойған [111, с.34].
 
Өзіңді  таны,  сол  кезде  әлемді  де  танисың,  -  деген  нақыл  сөзінде,  бірінші 
буыны -медицинаға, екінші буыны – физикаға қатысты. Медицина мен физика 
арасындағы  байланыс  тығыз  болғанын  алдыңғы  тарауда  да  атап  өттік, 
жаратылыстану зерттеушілері мен дәрігерлердің бірлескен съезді ХХ ғасырдың 
басына 
дейін 
жүргізілді. 
Сонымен 
қатар, 
медицинаның 
көптеген 
тапсырмаларын физика заңдылықтары шешіп беріп отырды. 
Оған  дәлел  келтірсек.  Ежелде  дәрігер  ойшылдарын  «Жылу  деген  не?» 
сұрағы  ойландырған.  Олар  адам  денсаулығы  дененің  жылуымен  байланысты 
екенін  білді.  Ұлы  Гален  (б.з.  ІІғ.)  физика  және  басқа  да  пәндер  үшін  негізгі 
«температура» мен «градус» ұғымын енгізді. Осылайша алғашқы термометрлер 
дайындалды.
 
Уильям  Гильберт  (1544–1603),  ағылшын  королевасының  лейб-дәрігері 
магниттің қасиетін зерттеген. Ол өз ізденісінің жауабын физикадан тапты, яғни 
жерді үлкен магнит деп есептеп, оны экспериментті түрде дәлелдеді.  
Томас  Юнг,  физика  саласында  ұлы  жаңалықтарды  аша  отырып, 
практикалық  дәрігер  қызметін  де  атқарған.  Ол  Френельмен  бірге  талшықты 
оптиканы  құрушы  болып  есептелінеді.  Юнг  көз  ақауы  –  дальтонизмді  (түсті 
ажырата  алмау)  ашқан.  Бірақ  медицинада  «Дальтонизмді»  Юнг  физик-
дәрігердің  есімі  емес,  осы  көз  ақауы  табылған  бірінші  науқас,  физик 
Дальтонның есімімен аталды.
 
Юлиус  Роберт  Майер  (1814–1878),  энергияның  сақталу  заңының 
ашылуына  үлкен  үлес  қосқан,  кейіннен  «Ява»  голландиялық  кемеде  дәрігер 
қызметін  атқарған.  Ол  матростарды  қанын  ағызу  арқылы  емдеген,  ол  заманда 
бұл  тәсіл  барлық  аурудың  емі  ретінде  қабылданды.  Сол  себепті  де,  тарихта 


26 
дәрігерлерді  адам  қанын,  соғыстағы  төгілген  қаннан  көп  шығындаған  деп 
есептейді.  Майер,  кеме  тропиктегі  кезіндей,  мысалы,  қан  ағызғанда  веналық 
қан артериялық сияқты ашық түсті болатынын (әдетте веналық қан қою түсті) 
байқаған.  Ол  адам  ағзасын  бу  машинасы  тәріздес  етіп  салыстырды,  мысалы, 
тропикте, ауаның жоғары температурасы кезінде бу машинасы аз отын жұмсап, 
«түтінді»  аз  шығаратынындай,  ағзадағы  веналық  қан  ашық  түсті  болатынын 
дәлелдеді. Оған қоса, теңіздегі су шторм кезінде қызатыны туралы штурманның 
сөзін  ескере  отырып,  әрдайым  жұмыс  пен  жылу  арасындағы  белгілі  бір 
заңдылық  болуы  керек  деген  тұжырым  жасады.  Кейіннен  бұл  қорытынды, 
энергияның сақталу заңының негізі болды.
 
Ұлы неміс ғалымы әрі дәрігер Герман Гельмгольц (1821– 1894), Майерден 
тәуелсіз энергияның сақталу заңын құрастырады, және де оны бүгінгі күнде де 
қолданып  келе  жатқан  заманауи  математикалық  формада  ұсынды.  Оған  қоса 
Гельмгольц  электромагниттік  құбылыс,  термодинамика,  оптика,  акустика, 
сонымен қатар, жүйке және бұлшықет жүйесінің, есту және көру физиологиясы 
саласында  үлкен  жаңалықтар  ашып,  маңызды  приборларды  ойлап  тапты. 
Кейіннен  медициналық  білім  алып,  физиологиялық  зерттеулеріне  физика  мен 
математика  негіздерін  қолданды.  Кәсіби  дәрігер  50  жасында  физика 
профессоры  атағын  алып,  1888  жылы  –  Берлиндегі  физика-математикалық 
институттың директоры болды. 
Француз  дәрігері  Жан-Луи  Пуазейль  (1799–  1869)  экспериментті  түрде 
жүректің  қуатын  қан  айналдыратын  насос  ретінде,  қанның  венадағы  және 
капиллярдағы  қозғалыс  заңын  зерттеді.  Алынған  нәтижені  жалпылай  отырып, 
физикадағы  маңызды  формуланы  қорытты.  Оның  құрметіне  динамикалық 
тұтқырлық бірлігін – «пуаз» деп атады.
 
Физика  мен  медицинаның  бір-бірінен  ажырамай  дамығанын  дәлелдейтін 
келесі мысалдар да бар. Кез келген түрлі бұрышта айналмалы қозғалыс беретін 
карданды  вал  туралы  белгілі,  оны  Джероламо  Кардано  (1501-1576)  итальян 
дәрігері  ойлап  тапқан.  Фуконың  тербеліс  жазықтығын  сақтайтын  атақты 
маятник  француз  ғалымы  Жан-Бернара-Леона  Фуко  (1819  –  1868)  есімі 
құрметімен аталады. Атақты орыс дәрігері Иван Михайлович Сеченов (1829 – 
1905), 
физикалық 
химиямен 
айналыса 
отырып, 
су 
ортасындағы 
электролиттердің  бар  екендігі  оның  тәуелділігі  газ  ерітіндісінің  өзгерісін 
сипаттайтын физика-химиялық заңды орнатты [112]. 
 
Медицинадағы  кейбір  құбылыстардың  жауабын  физика  заңдылықтарына 
сүйеніп тапқан, сондықтан да бірін-бірі дамытып отырды. «Медицинаны қолға 
алғаннан соң, физикамен айналыса бастадым» - деп ХІХ ғасырдың физигі және 
математигі,  атақты  неміс  физиологы  Г.  Гельмгольц  айтқан.  Ол  өз  ісін  әскери 
дәрігер  ретінде  бастаған.  В.  Эйтховен,  медицина  докторы  дәрежесін  ала 
отырып,  жолақты  гальвонометрді  құрастырып,  оның  көмегімен  электр 
потенциалының 
аз 
өзгерісін 
тіркеуге 
мүмкіндік 
жасады 
және 
электрокардиологиялық  зерттеулер  жүргізген.  Осы  прибор  көмегімен  ЭКГ 
тістерінің уақыттық және амплитудалық параметрлерін анықтап, жүрек ауруын 
диагностикалау  үшін  осы  тәсілді  алғаш  қолданды.  ХІХ  ғасырдың  ортасында 
Дюбуа-Реймон,  неміс  физиологы  мен  философы,  жануарлар  электрі  туралы 


27 
кітабында: «Ағзаның материалдық бөліктерінде сырттан әсер ететін ешқандай 
жаңа  күш  жоқ»  -  деген.  Дюбуа-Реймонның  заңы  –  тін  (кожа)  реакциясының 
электр  тогы  өзгерісінің  жылдамдығына  тәуелділігін  тікелей  қалыптастыратын 
заң.  ХХ  ғасырдың  ортасында,  кванттық  оптиканы  құрушысының  бірі  Н.  Бор: 
«Биологиялық  зерттеудің  ешбір  нәтижесі  физика  түсінігінсіз  сипаттала 
алмайды» - деп жазды [113]. 
Осылайша, физиканың медицина дамуы үшін маңызы зор екенін байқадық. 
Олай болса медициналық жоғарғы оқу орындарында физика пәнінде оқылатын 
медициналық  техника  негіздерін  оқытуды  қайта  қарап,  оның  дидактикалық 
негіздерін қалыптастыру қажет. 
Қазіргі  заманда  медицинада  диагностикалық  және  терапевтік  мақсатта 
физикалық факторлар кең түрде қолданылады, олардың биологиялық денелерге 
әсер  ету  механизмі  туралы  мәселелері  болашақ  дәрігер  үшін  өте  қажетті 
мәліметтің бірі болып табылады.  
Медицинада:  механикалық  құбылыстарға;  тербелістер  мен  толқындарға; 
молекулалық,  электр  өрісі  мен  электр тогы,  магнит  өрісі, ЭМ  тербелістер  мен 
толқындарға; оптика, атом және ядролық құбылыстарға негізделген физикалық 
факторлардың  қолданылатын  және  осы  құбылыстарға  негізделген  көптеген 
медициналық құралдарың бар екендігін ескеру қажет [114-115]. 
Болашақ  дәрігерлерді  медициналық  техника  бойынша  кәсіби  дайындау 
процесінің  негізін  қалаушы  -  физика  пәні,  ал  медициналық  биофизика  мен 
медициналық техника болса физиканың теориялық және практикалық негізінде 
құрылған пән деп санаған жөн. 
Осы  себептерден  физика  мен  медицинаны  бөліп  қарастыруға  болмайды, 
қазіргі заманда бұл екі ғылым бір бірін толықтыратын және дамытатан ғылыми 
бағыттар екені жоғарыда айтылып өтілді. 
Болашақ дәрігерге біліктілік сипаты көрсетілген ҚР ЖМББС 3.07.475-2012, 
5В130100  –  «Жалпы  медицина»  мамандығының  стандарты  талаптарын 
қарастырайық [6, б. 18]. 
5В130100  –  «Жалпы  медицина»  мамандығы  бойынша  бітірушінің  кәсіби 
қызметінің түрлерінің бағыттары: 
- халыққа медициналық (мамандандырылған, білікті) қызмет көрсету; 
- санитарлық-гигиеналық,  індетке  қарсы  іс-шараларды  ұйымдастыру  және 
өткізу; 
- ұйымдық - басқару; 
- ғылыми - зерттеу; 
- педагогикалық. 
Осы  қызметтерді  орындау  үшін  медицина  бакалврында  келесідей  түсінік 
болуы керек: 
-қоршаған ортадағы болып жатқан негізгі үдерістер мен құбылыстар және 
табиғат танудағы жаңа ғылыми әдістер туралы; 
- ұлттық экономика мен өнеркәсіп салаларын басқару жүйесі туралы; 
- экономика туралы заңдар және оның түрлері туралы; 
-саясаттану,  тарих  ғылымдарының  теориялық-әдіснамалық  негіздері 
туралы; 


28 
-адам  денсаулығының  қалыптасуы,  қорғаныш  қабілеті,  қалыпты  және 
патологиялық жағдайларда реттелу ерекшеліктері туралы; 
-денсаулық  сақтау  мен  медицинаның  негізгі  проблемалары  және  оның 
басқа әлеуметтік саясат салаларымен байланысы туралы; 
-халықаралық саясаттағы денсаулық сақтаудың маңызы туралы
-кәсіби  қызметті  орындау  кезінде  кездесетін  проблемаларды  шешу 
әдістемелері туралы. 
Білуі керек: 
-әлеуметтік-гуманитарлық  және  экономикалық  ғылым  салалары  бойынша 
негізгі ілімдерді; 
- медицина тарихы; 
-денсаулық  сақтау  саласындағы Қазақстан  Республикасының  заңдары  мен 
нормативтік құжаттарын; 
-адамның  басқа  тұлғамен,  қоғамдағы,  қоршаған  ортадағы,  кәсіби 
қызметтегі қарым-қатынасын реттейтін этикалық және құқықтық нормаларды; 
-тіршіліктің басталуы мен дамуының жалпы заңдылықтары және организм 
жүйелері,  ағза,  жасуша,  тіннің  құрылымы  мен  қызметінің  қалыпты, 
патологиялық жағдайдағы ерекшеліктерін; 
- эпидемиология мен биостатиканың негіздерін
- ұжымдағы 
шиеленісті,  күйзелістерді,  инновациялық  мәселелерді 
реттейтін психологиялық басқару жүйесінің тиімді әдістерін; 
- халықты 
емдеу-алдын  алу,  көмек  көрсету  қызметінің  негізгі 
принциптерін; 
- ақпараттар  негізі,  республика  денсаулық  сақтау  саласының  тұтас 
ақпараттық жүйесі, электрондық үкіметті; 
- жас  ерекшеліктеріне  қарай  адам  организмі  жүйелерінің  анатомиялық  – 
физиологиялық ерекшеліктерін; 
- қалыпты  және  патологиялық  жағдайда  организм  жүйелерінің  өзара 
байланысы және реттелу деңгейлерін; 
- патологиялық  үдерістердің  дамуына  әкелетін  негізгі  әлеуметтік-
экономикалық, экологиялық, мәдениет факторларын; 
- молекулалық  биология  мен  генетика  негіздері  және  дерт  патогенезінде 
молекулалық, генетикалық факторлардың алатын орнын
- жиі кездесетін аурулардың эпидемиологиясын; 
- кеңінен тараған аурулардың клиникалық көрінісін, диагностикалық және 
емдеу принциптерін; 
- клиникалық-зертханалық  және  аспаптық  зерттеулердің  негізгі  жаңа 
әдістерін; 
- айғақты медицинаның негізгі принциптерін; 
- өмірге  қатерлі  жағдайды  анықтау  және  шұғыл  көмек  көрсету 
принциптерін; 
- кеңінен тараған аурулардың алдын алудың негізгі принциптері мен халық 
денсаулығын нығайтатын іс-шараларды. 
Істей білуі керек: 


29 
- сырқат  пен  оның  дерті  туралы  мәлімет  жинап,  сараптап,  объективті 
зерттеу  әдістерін  қолдану  арқылы  дерттің  жалпы  және  өзіне  тән  белгілерін 
анықтауды; 
- сырқатты  тексеріп,  клиника-зертханалық  және  аспаптық  зерттеулердің 
негізгі жаңа әдістерін қолдана отырып алынған мәліметтерге сараптама беруді; 
- сырқат  жағдайының  ауыртпашылық  дәрежесін  анықтап,  шұғыл  көмек 
көрсетуді; 
- емделушімен  және  оның  ата-анасымен,  медицина  қызметкерлерімен 
сенімді қарым-қатынасты қалыптастырып, жетік дағдыларды игеруді; 
- жаңа  компьютерлік  технология  негізінде  медициналық  –  биологиялық 
мәліметтерді өңдеудің негізгі әдістерін қолдануды; 
- жүктілікті анықтап және физиологиялық босануға көмек көрсетуді. 
Жетік білуі керек: 
- шұғыл жағдайды анықтау және алғашқы көмекті көрсету; 
- пропедевтикалық  және  зертханалық-аспаптық  зерттеу  әдістерін  жетік 
білуге байланысты дерт белгілерін ерте анықтау; 
- қалыпты жүктілікті анықтап, қарауды және босандыру тәсілдерін; 
- кеңінен тараған аурулардың алдын алу және халық денсаулығын нығайту
- ақпаратпен  дербес  жұмыс  істеу  (оқулық,  мәліметші,  нормативтік, 
ғылыми); 
- денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүзеге 
асыру; 
- жоғары  медициналық  білім  беру  мекемелерінде  оқу-тәрбиелік  үдерісті 
ұйымдастыру. 
Жоғарыда  аталған  материалдардан,  бітіруші  түлекті  даярлауда,  олардың 
физиканы базалық пән ретінде оқыту барысында қол жеткізуге болады. Дәлірек 
айтсақ: 
- сырқат  пен  оның  дерті  туралы  мәлімет  жинап,  сараптап,  объективті 
зерттеу  әдістерін  қолдану  арқылы  дерттің  жалпы  және  өзіне  тән  белгілерін 
анықтауды; 
-емделушіні  зерттеуге,  клиника-лабораториялық  және  аспапты  тәсілдерді 
қолдана  отырып,  алынған  мәліметтерді  талдауға,  ақпаратты  бір  күйден  келесі 
түрге ауыстыру; 
- ақпаратпен дербес жұмыс істеу (оқулық, мәлімет, нормативтік, ғылыми); 
-коммуникативті мәдениетті болу және дағдыға ие болу; 
-емделушінің  мәселесін  шешу  және  гипотеза  құру,  прибор  берген 
мәліметтерді жүйелеу мен талдау. 
Медициналық  жоғары  оқу  орынында  физиканы  оқыту  арқылы  болашақ 
дәрігерді  емдеу  мен  диагностиканың  заманауи  физикалық,  биофизикалық 
негіздері  білімімен,  физикалық  құбылыстар  негізінде  жасалған  медициналық 
аппараттар 
мен 
қондығылардың 
жұмыс 
істеу 
принципін  білумен 
қаруландырады. Медициналық жоғары оқу орындарында физика бойынша оқу 
бағдарламаларын  талдау  [117,  б.27],  яғни  физика  пәні  бере  алатын  үлес 
қаншалықты, ол болашақ дәрігерлерді профилактикалық, диагностикалық және 
емдеу  іс-әрекетіндегі  тапсырмаларды  шешуге  қаншалықты  мүмкіндік  береді. 


30 
Осы  сұрақтарға  жауап  іздейік,  ол  үшін  дәрігердің  профилактикалық, 
диагностикалық және емдеу іс-әрекетініне талдау (кесте 1) жасайық.
 
Кәсіби тапсырмаларды шеше алу – бұл болашақ дәрігердің кәсіби маңызды 
іс-әрекетінің  (ой  әрекетті  және  практикалық)  жиынтығын  қосатын,  кәсіби 
интегралды  біліктілік  [118-119].  Яғни,  жаңа,  өзгермелі  жағдайдағы 
профилактикалық,  диагностикалық  және  емдік  іс-әрекеттің  тапсырмаларын 
шешуге  бағытталған  негізгі  физикалық  түсінік  пен  заңдарды  білуі  және 
түсінуіне  негізделген.  Берілген  біліктілік  физиканың  медицина-биологиялық 
пәндермен  (мысалы,  физиология,  анатомия,  биология  және  т.б.)  интеграциясы 
жағдайында,  медициналық  жоғары  оқу  орындарындағы  физиканы  оқыту 
кезіндегі  болашақ  дәрігерлерді  даярлаудың  нәтижесі  ретінде  қарастыруға 
болады. 
 
Кесте  1  -  Физикалық  білім  мен  біліктілік  негізінде  шешілетін  дәрігерлердің 
кәсіби тапсырмалары  
 
Дә
рі
ге
рд
ің
 кәс
іб
и 
іс
-әр
екеті
ні
ң т
үр
ле
рі
 
Дәрігердің кәсіби тапсырмалары тізімі  
Профи
ла
кти
ка
лық
 
1.  Өмір  сүру  барысындағы  адам  организміне  қоршаған  ортаның  сыртқы 
физикалық  факторларының  кері  әсеріне  негізделген  сырқаттың  алдын  алу 
(мысалы, ультракүлгін, иондаушы сәулелену, шу және т.б.; физикалық әсерлесу 
туралы  білімді  меңгеру  жұмыстары  арқылы,  денсаулықты  сақтауға  деген 
құштарлықты қалыптастыру арқылы) - П1.  
2.  Медицина  маманының  еңбек  шартына  байланысты  жағымсыз 
жағдайларға негізделген сырқаттың алдын алу (травма және т.б.), медициналық 
(физикалық) аппаратпен жұмыс жасау барысындағы өндірістік  жарақаттардың 
алдын алу - П2 
Ди
агн
ос
ти
ка
лық
 
3. Дені сау адам ағзасындағы тіршілік процесінің диагностикасы (ағзаның 
қалыпты  функционалды  күйі,  жүктілік  және  т.б.),  зерттеудің  лабораториялық-
аспапты  тәсілдерін  меңгеру  негізінде  (физикалық  білімі  мен  біліктілігін 
қолдану арқылы) - Д1.  
4.  Зерттеудің  лабораториялық-аспаптық  тәсілдерін  меңгеру  негізінде 
емделушінің  сырқатын  диагностикалау  (физикалық  білімі  мен  біліктілігін 
қолдану арқылы) - Д2 
Ем
дік
 
5. Физикалық құбылыстар мен процестерге негізделген түрлі (терапиялық, 
хирургиялық және т.б.) тәсілдермен емдеу - Л 1.  
6. Медициналық (физикалық) құралдарды қолдану арқылы емдеу - Л2 
 
Физика  пәнін  кәсіби  бағытта  оқыту  тұрғысынан  кейбір  пәндер  құрамын 
талдап көрейік.  
1. Медициналық  биофизика.  Жасуша  мембранасының  биофизикасы. 
Электрқозғыш  тіндердің  биофизикасы.  Кванттық  биофизика  негіздері.  Тіндер 
мен  ағзалар  биофизикасы.  Қанның  реологиялық  қасиеті.  Әр  түрлі  тіндер  мен 
ағзалардың  реографиясы.  Қан  айналымын  зерттейтін  әдістер.  Бұлшық  ет 
жиырылуының биофизикасы. Медициналық құрал-жабдықтар жіктемесі. Түрге 
айналу  өлшемінде  пайда  болатын  энергия  түрлері.  Организм  тіршілік 
қызметінің  электрлі,  механикалық  көріністерін  зерттейтін  техникалық 


31 
құралдары.  Медициналық  энтроскопияның  негізгі  техникалық  құралдары. 
Терапиялық электронды-медициналық жабдықтар (108 сағат). 
2. Кескінді 
диагностика.  Кескінді  диагностика  әдістері  (рентген, 
компьютерлі және магнитті-резонансты томография, УДЗ, ядролық медицина). 
Рентген  сәулелерінің,  ультрадыбыстың,  ядролы-магнитті  резонанс  физикасы. 
Контрасты  заттар.  Кескінді  зерттеу  әдістері  (рентген,  УДЗ,  КТ,  МРТ,  ядролы 
медицина) және қалыпты кескінді анатомия, жүйелер мен ағзалар ауруларының 
кескінді  семиотикасы:  жүйке  жұйесі;  қимыл-тірек;  тыныс  алу;  жүрек  қан 
тамыр; ас қорыту; зәр шығару және жыныс ағзалары; эндокринді; қан жүйесі. 
3. Ішкі  ауралар.  Барлық  жас  шамасында  жиі  кездесетін  ішкі  ағзалар 
ауруларының  диагностикасы,  емдеу,  алдын  алу.  Айғақты  медицина  ұстанымы 
бойынша  ЖДП  жағдайында  стационарды  алмастыратын  технология  мен 
емдеуге  жатқызуға  дейінгі  кезеңде  шұғыл  жағдайды  ерте  анықтап,  емшара 
көрсету. Зертханалық зерттеу әдістерінің мәліметтерін саралау. Синдромдарды 
талдауды,  күрделі  ішкі  ағзалар  патологиясына  салыстырмалы  диагностика 
жүргізуге,  сырқаттың  жасы  және  оның  дәрілерге  жеке  сезімталдығын  ескере 
отырып,  емдеу  әдістерін  таңдап  алуға  үйрету.  Ішкі  ағзалар  бойынша 
клиникалық  фармокология.  Жүкті  әйелдерді,  жасөспірімдерді,  балаларды, 
қартты емдеу және бақылау ерекшеліктері. 
4. Хирургиялық  аурулар.  ЖДП  жағдайына  стационарды  алмастыратын 
технология  мен  емдеуге  жатқызуға  дейінгі  кезеңде  хирургиялық  көмекті 
ұйымдастырудың жалпы принциптері: 
-  жіті  хирургиялық  патология;  жіті  аппендицит;  жіті  ішек  өтімсіздігі; 
асқынған  жаралы  дерт  (қан  кету,  перфорация,  пенетрация),  жұмсақ  тіндердің 
іріңді  үдерісі,  тамыр  аурулары  (жіті  көктамырлық  флеботромбоздар, 
тромбофлебиттер,  артерия  эмболиясы),  геморрой,  тік  ішектің  сызаттануы, 
бурсит, тендовагинит; 
-  соққылар, жаралар, хайуанаттардың тістеуі, үсік шалу, күйіктер; 
-  сүйектің  сынуы,  жарақаттық  остоемиелит,  буын  шығулар,  иықтың 
ойналмалы буын шығуы; 
-  жалпақ  табан,  бұлшық  етті  қисық  мойын,  туа  біткен  маймақ  аяқ,  туа 
біткен жамбастың шығуы, омыртқалардың қисаюы; 
-  бүйрек  шаншуы,  зәрдің  жіті  кідірісі,  простатит,  простата  аденомасы, 
цисталгия, крипторхизм; 
5. Балалар  аурулары.  Айғақты  медицина  ұстанымы  бойынша  ЖДП 
жағдайында  стационарды-алмастыратын  технология  мен  емдеуге  жатқызуға 
дейінгі кезеңде балаларға көмекті ұйымдастырудың жалпы принциптері: 
- ДДҰ  кеңесі  бойынша  мерзімінде  және  шала  туған  нәрестелердің 
патологиясы нәрестелік кезеңнің паталогиясы; 
- балалардың нерв – психикалық және физикалық дамуын бағалау, күтімді 
ұйымдастыру, ДДҰ бағдарламасы бойынша ерте жастағы дені сау және сырқат 
балаларды рационалды тамақтандыру; 
- ерте жастағы балаларды кезеңді бақылау, иммундық алдын алу
- балалық  шақта  жиі  кездесетін  аурулардың  негізгі  синдромдарына 
байланысты диагностикалық, емдеу және алдын алу шараларын ұйымдастыру; 


32 
- балалық шақтағы ауруларды қоса емдеу (БШДИЖ) принциптеріне сәйкес 
әр түрлі жастағы балаларда кездесетін шұғыл жағдайларды ерте анықтау және 
алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. 
6. Акушерлік  және  гинекология  (ЖДП).  ЖДП  жағдайында  стационарды  – 
алмастыратын  технология  акушерлік  –  гинекологиялық  көмекті  ұйымдас-
тырудың жалпы принциптері: 
- жүктілікті  антенаталды  бағалау,  босануға  психо-әлеуметтік  дайындау, 
ДДҰ ұсынымына сәйкес омыраумен қоректендіруге дайындау; 
- жүктіліктің  патологиялық  ағымы  (барлық  патологиялар  жүкті  әйелдер 
стационарлық  ем  қабылдау  керек),  жүктілік  кезіндегі  экстрагениталды 
патология, түсіктің негізгі себептері және оның алдын алу; 
- босанудан кейінгі қабынбалы аурулар; 
- нейроэндокринді синдром; 
- гениталды туберкулез; 
- сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу [6, б.53-55]. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 2 – Болашақ кәсіби іс-әрекетінің әр түрлі компоненттерінің 
медициналық-биологиялық физика курсындағы көрінісі 
Болашақ кәсіби іс-әрекетінің әр түрлі компоненттерінің медициналық-
биологиялық физика курсындағы көрінісі 
Студент іс-әрекетінің 
медициналық 
компоненті 
Студент іс-әрекетінің 
қызметтік компонеті 
Студент іс-әрекетінің 
педагогикалық 
компоненті 
Жоғары курста 
оқытылатын 
медициналық 
бағыттағы пәндердің 
қажеттілігіне 
бағытталған оқу 
материалының 
мазмұны 
Қызметінде 
жүзеге 
асыратын 
студенттерге 
қажет 
біліктілікті 
қалыптастыруға 
бағыт-
талған  оқу  -  танымдық 
әрекеттің тәсілдері: 
-рационал  шешім  проце-
сінің кезеңдерін бөліп алу; 
-шешім 
қабылдаудың 
заманауи 
моделдерін 
салыстыру
-негізделген басқарушылық 
шешім қабылдай алу; 
-алған 
білімін 
шешім 
қабылдауда қолдана алу. 
Түрлі  педагогикалық 
технологиялар 
мен 
оқу 
материалын 
меңгеру 
және 
түсіндіру 
тәсілдері 
мен 
формаларын 
студенттерге  көрсе-
туге 
негізделген, 
студенттердің 
бел-
сендіруге  бағыттал-
ған  оқу  –  танымдық 
іс-әрекеттің тәсілдері 
құрылымы мен 
мазмұны 
Студенттердің танымдық іс-әрекетін 
ұйымдастыру тәсілдері  


33 
Барлық кәсіби іс-әрекеттер маңызды, әрі стандартта берілген түрлі пәндер 
негізінде  қалыптасады.  Физика  пәнін  оқыту  барысында  қалыптастыруға 
болатын  көптеген  кәсіби  біліктілікті,  медициналық  емес  бағыттағы  пәндерде 
дамытуға болатынын атап өту керек [120].  
Мемлекеттік  стандарт  пен  түрлі  пәндердің  талаптарын  талдау, 
студенттерді  оқу-танымдық  іс-әрекет  тәсілдерінде  медициналық  физика 
курсының мазмұнын анықтау, студенттің болашақ кәсіби іс-әрекетін құрайтын 
негізгі үш бірлікте жүзеге асырылады (сурет 2). 
Алдыңғы  бөлімде  қарастырылған  бағдарламалар  негізінде,  медициналық 
және  биологиялық 
физика 
сұрақтарын 
оқып-үйрену 
биофизиканың 
ерекшеліктерін ғылым ретінде ұсынуды мақсат еткендігіне көз жеткіздік. 
Шындығында,  бұл  бағдарлама  жалпы  физика  курсының  дәстүрлі 
құрылымын  бұзады  (механика  -  молекулалық  физика  және  термодинамика  – 
электр  және  магнетизм  –  оптика  –  атомдық  және  ядролық  физика),  бірақ 
физикалық  блок  сұрақтарын  бүтін  меңгеруді  қамтамассыз  етеді.  Алғашында 
физикалық блок келесі түрде берілді: биологиялық жүйенің термодинамикасы – 
кванттық  биофизика  –  биомембрана  (  құрылымы,  функция,  зат  транспорты)  – 
биопотенциалдар  –  биожүйедегі  түзету  –  физикалық  процесті  моделдеу. 
Кейінірек 
биофизикалық 
блокты 
кеңейту 
тенденциясы 
байқалады; 
медициналық физика сұрақтарының реті ауқымды өзгеріске ұшырамады (соңғы 
жылдары,  бұл  блокқа  медициналық  заманауи  технологияларға  байланысты 
заманауи  сұрақтар  –  компьютерлік  томография  мен  диагностикадағы  ЭЕМ 
енгізілді). 
Бүгінде  медициналық  факультеттегі  өтіліп  жатқан  физика  (медициналық 
биофизика) пәнін талдап көрейік (кесте 2). 
5В130100  -  «Жалпы  медицина»  мамандығының  1  курс  студенттері  үшін 
«Медициналық биофизика» пәніне 3 кредит, тәжірибелік сабақ – 45 сағат, СӨЖ 
бен ОБСӨЖ әрқайсысы 45 сағаттан бөлінген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет