Пәннің мақсаты: жоғары курс студенттерінде диагностикалық әрекеттер
мен әдістерді, медициналық техникаларды қолданудың теориялық және
практикалық жүйесін қалыптастыру арқылы болашақ дәрігер мамандығына
қажетті кәсіби дайындық деңгейін жоғарылату.
Пәннің міндеті: 05В130100-«Жалпы медицина» мамандығына сәйкес
қолданылатын физикалық факторларды диагностикалық мақсатта қолданудың
физикалық және биологиялық негізімен таныстыру және олардың биологиялық
денелерге әсер ету механизмдерін қарастыру, осындай факторлар
қолданылатын замауи медициналық техникалардың жұмыс істеу
принциптерінің физикалық негізі мен құрлысын оқып үйрету. Студенттер
медициналық құралдардың схемасын талдауды, оларды жұмысқа дайындауды
меңгереді, заманауи медициналық құралдардың даму бағытымен танысады.