Зерттеудің мақсаты –медициналық жоғары оқу орнында физиканы кәсіби
бағытта оқыту әдістемесін теориялық негіздеу.
Зерттеудің нысаны – медициналық жоғары оқу орнында физиканы оқыту
үдерісі.
Зерттеу пәні – медициналық мамандықтар үшін физиканың мазмұны мен
әдістері.
Зерттеудің міндеттері - медициналық жоғары оқу орнында физикалық білім беру мазмұнын
айқындау;
- физикалық білім берудің медицинаға қатысты маңызды бөлімдерін
іріктеу және оны теориялық негіздеу;
- медициналық бағытта физиканы оқыту әдістемесін жасау, оның
тиімділігін тәжірибеден өткізу.
Зерттеу әдістері -
зерттеу
мәселелерi бойынша
философиялық,
психологиялық,
педагогикалық, әдiстемелiк және медициналық әдебиеттерге, сонымен қатар
физика пәнi бойынша тұжырымдама, білім стандарттарына, білім беру
бағдарламаларына, оқулықтарға және әдістемелік құралдарға теориялық талдау
жасау;
-бақылау, сауалнама жүргізу, сұхбаттасу, талдау жасау;
- айқындау және оқыту эксперименттерін жүргізу.