70
келеді (сурет 5). Бұл аймақтағы эритроциттер концентрациясы нөлге жақын,
бірақ тамыр ортасына жақындаған сайын эритроцит концентрациясы артады.
Тар қан тамырларында ағыс жылдамдығының артуы эритроциттің
деформациялануын туғызады, бұл эритроцит пен тамыр қабырғасы арасындағы
саңылаудың одан ары ұлғаюына алып келеді, нәтижесінде қанның тұтқырлығы
одан ары төмендейді (сурет 5 б).
а) б)
Сурет 5 - Капиллярдағы эритроциттің төменгі (а) және жоғары (б)
жылдамдық
кезіндегі көрінісі
Эритроцит өте созылмалы, майысқақ болып келеді, соның салдарынан
оның қос ойыс дискі түріндегі формасы деформацияланып, диаметрі 3 мкм
болатын капилляр ішіне оңай кіріп кетеді, бұл эритроцит мембранасының
капилляр қабырғасымен жанасатын ауданын ұлғайтып, ондағы зат алмасуды
жақсартады және капиллярдағы аққан қанның тұтқырлығын кемітеді (сурет 6).
Капилляр жүйесіндегі осындай құбылыстар жүрекке түсетін күшті азайтады.
Кей
патология
әсерінен
эритроцит
қабырғасының
майысқақтығы
(эластикалықтығы)
төмендейді, нәтижесінде қан айналысы нашарлайды.
Сурет 6 - Қапиллярдағы қан ағысы
Эритроцит концентрациясының ұлғаюы немесе кемуі қан тұтқырлығын
өзгертеді. Мысалы, қалыпты жағдайда қан тұтқырлығы 4-6 мПас болса, анемия
(эритроциттің кемуі) кезінде 2-3 мПас дейін төмендейді, ал полицитемияда бұл
көрсеткші 15-20 мПас дейін жоғарылайды екен.
Енді қанның гемодинамикалық сипаттамалары - қан қысымы мен ағу
жылдамдығын қарастырайық. Қан тамырлары: аорта артерияға, ол артериолаға,
ол өз кезегінде капиллярларға тармақталып кетеді, бұл әр жеке тармақтың
(тамырдың) диаметрінің кішірейуіне, бірақ осы тамырлар жүйесіне енетін
барлық тармақтардың ауданының қосындысының ұлғаюына алып келеді.
Деформациаланған
эритроцит
Капилляр
диаметрі
ка
пи
лляр
эритроцит
Плазм
а
қабат
ы
72
қысым әсерінен тамыр қабырғалары тербеліп, 6-8 м/с жылдамдықпен тамырды
бойлап тарайды. Бұл тербелісті пульстік толқын немесе пульс деп атайды.
Пульстік толқынның жиілігі жүректің жиырылу жиілігіне тең, ал таралуы
жылдамдығы тамыр параметрлеріне тәуелді, бұл тәуелділік Моэнс-Кортевега
формуласымен сипатталады:
Достарыңызбен бөлісу: