Уалиханова баян сапарбековна


  Медицина  мамандығы  студенттеріне  физиканы  кәсіби  бағытта



Pdf көрінісі
бет27/49
Дата06.01.2022
өлшемі1,5 Mb.
#16828
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49
Байланысты:
Ұлан диссертация

2.2  Медицина  мамандығы  студенттеріне  физиканы  кәсіби  бағытта 
оқыту әдістері мен құралдары 
  Бүгінгі  күнде  медициналық  білім  беру  оқытудың  өзгерістерімен  қоса,  өз 
кәсібін  жоғары  деңгейде  орындайтын  маманды  талап  етеді.  Жалпы  кәсіби 
бағытталуды  дамытуға  физикалық  білімнің  қосар  үлесі  көп.  Эксперименттің 
алғашқы  қадамдарында  физикалық  білімнің  жеткіліксіздігі  анықталады  (1.3 
тарауда көрсетілген).  
Кәсіби  бағытталу,  базалық  медициналық  дағдылар,  ғылыми  білім  мен 
моральді тұрғыдан даму негізінде алға жылжиды. 
Ал  физика  медициналық  жоғары  оқу  орнының  жалпыға  міндетті  пәні, 
бірінші  курста  оқытылады,  ал  кәсіби  дағды  мен  біліктіліктер  студенттерде 
клиникалық  пәндерді  оқу  барысында  қалыптасады,  олар  өз  кезегінде  жоғары 
курста  өтіледі.  Физиканы  оқыту  барысында  медициналық  жоғары  оқу  орны 
студенттерінің  кәсіби  бағытта  дамыту  мәселесі,  физика  пәнін  оқуға  деген 
қызығушылығының  төмендігі,  пассивтілік,  аталған  пәнге  студенттердің 
қызықпауы  болып  отыр.  Сол  үшін  өтілетін  дәріске  сай,  дәрігерлер  өз 
мансабында қолданатын медициналық аппаратты қолдануға тырысамыз. Соның 
салдарынан, физиканы оқуға студенттердің мотивациясы жоғарылайды. 
Медициналық  жоғары  оқу  орны  студенттерінің  кәсіби  бағытта  оқуын 
жетілдіру  сызбасын  даярлау  үшін  оның  ерекшеліктерін  ескеру  қажет  [149,  154]. 
Мұндай  ерекшеліктерге  студенттердің  физиканы  оқуына  қызықтыру  қажеттілігі 
жатады,  ол  кәсіби  бағытта  оқытудың  компонентіне  мотивациялық  бөлімді  қосу 
қажет. Берілген сызбаны құру кезінде, медициналық аппараттардың жұмыс істеу 
принципін  зерттеуге;  зерттеудің  клиникалық  тәсілдерінің  физикалық  негізін; 


79 
биологиялық  объектілердің  физикалық  моделін  зерттеуге  бағытталған  физика 
бойынша тапсырмаларды орындағанда, жаратылыстану ғылыми ойлау қабілетінің 
дамуына ерекше мән беріледі.  
Физика  пәні  сабақтарында  дәрігердің  кәсіби  даярлығына  іс-әрекеттің 
мазмұны мен құрылымы ықпал етеді, яғни ол дәрігердің кәсіби іс-әрекетіне сай 
құрылуы тиіс. Бұл талапқа, яғни кәсіби іс-әрекеттердің кезеңдерін бейнелейтін 
физикалық  тапсырмаларды  орындаудағы  іс-әрекеттер  жауап  береді,  олар: 
мақсат қою, гипотеза ұсыну, іс-әрекетті жоспарлау, оның нәтижесін талдау мен 
түсінікті етіп аудару, қорытынды шығару. Дайындалған сызба негізінде кәсіби 
іс-әрекетті орындау  бойынша әрекеттің  ұқсас  қағидалары айқындалады,  сонда 
физикалық  тапсырмаларды  шешуде  іс-әрекеттің  құрылымы  мен  мазмұнында 
кәсіби іс-әрекет бейнеленеді, яғни кәсіби бағыттаудың дамуы айқын білінеді. 
Бұл  жағдайда,  физиканы  оқытудың  мазмұны  мен  құрылымы  –  оқу 
бағдарламасы  бекіткен  уақыттың  максимал  нормасынан  асып  кетпей,  кәсіби 
біліктілігін  қалыптастыру  мақсатына  қол  жеткізуге  мүмкіндік  туады,  ол 
медициналық  жоғары  оқу  орнында  физиканы  оқытудың  тиімділік  принципін 
білдіреді. 
 
Кәсіби  бағытта  оқытудың  нәтижесін  комплексті  бағалау  үшін  кез  келген 
біліктіліктің  құраушысына  сай,  келесі  критерийлерді  бөліп  көрсетуге  болады: 
физиканы  оқуға  мотивацияның  қалыптасуы  (мотивациялық  құраушылары), 
жалпы  ғылыми  түсініктің  қалыптасуы  (мазмұндық  құраушысы),  теориялық 
жаратылыстану  ғылыми  ойлау  қабілетінің  қалыптасуы  (іс-әрекеттік 
құраушысы). Бұл критерийлерді келесі жағдайларға тәуелді таңдап алынды:  
1.  Физиканы  оқуға  студенттердің  қалыптасқан  мотивациясы  оларда 
кәсіби бағытталудың табысты дамығанын білдіреді. 
2.  Жалпы  ғылыми  түсінік  кәсіби  бағытталудың  дамуына  негіз  болады: 
студент ғылыми түсінікті меңгеруі тиіс және оларды қолдана алуы тиіс. Жалпы 
ғылыми түсініктің дамуы оқытудың барлық процесінде қарастырылуы керек. 
3.  Студенттердің  жаратылыстану  ғылыми ойлау  қабілетінің  даму  деңгейі 
кәсіби бағытталуды дамытуға әсер ететін әдіс тәсілдерді таңдауға ықпал етеді.  
Физиканы  оқытудың  әдістемесін  зерттеген  ғалымдардың  ізденістеріне 
сүйене  отырып,  Ш.Ж.  Раманкулов  өз  диссертациясында:  «Әдістемелік  жүйе  – 
өзара  байланысқан  компоненттерден  құралған  дидактикалық  жүйе»  -  деп 
анықтама берген [153]. Зерттеу бойынша, болашақ дәрігерлерді кәсіби бағытта 
даярлауда  оның  төмендегідей  элементтері  анықталды:  мақсаты,  тапсырмасы, 
мазмұны, әдісі, формасы мен құралымы және нәтижесі. 
«Физика»  пәнін  оқытудың  қағидалары  өзара  байланыста  бола  отырып, 
бүтін жүйені құрайды: 
ғылымилық қағида: - физика пәні бойынша оқу материалының мазмұнын 
сауатты  баяндауды,  жаңа  материалды  оқуда  заманауи  жетістіктерді  ескеруді 
білдіреді.  Жаңа  оқу  материалын  меңгеру  үрдісі  қазіргі  ғылыми  таным 
тәсілдеріне сай құрылады. 
жүйелілік қағидасы: - физика пәні бойынша оқу материалын жүйелі түрде 
берілуі; 


80 
бірізділік қағидасы: - физика пәні бойынша белгілі бір мәселені шешудің 
бірізділігін қамтамассыз ету. 
көрнекілік  қағидасы:  -  физика  пәнінде  зерттелінетін  объектілерді, 
қолданылатын  медициналық  аппараттарды  қолдану,  студенттің  біліктілігін 
арттыруға мүмкіндік береді. 
  Әдістері:  жобалау  технологиясы,  проблемалық  оқыту  технологиясы,  
гипотеза құру. 
Ғылыми  жұмыста  физика  пәнін  оқытудағы  әдістерді  қолдануда  келесідей 
талаптарды ескерілді: 
- физика пәнін оқыту үрдісінде бірнеше әдістерді ұштастыра қолдану; 
- қолданылған оқыту әдістері студенттердің ойлау қабілетін, танымдық іс-
әрекетін,  білімін,  өзіндік  жұмыс  істеу  қабілетін  болашақ  мамандығында 
қолдана алуын ескеру; 
- физика  пәнінде  меңгерілетін  білімдерді  медициналық  техникаларда 
қолдану қабілетінің қалыптасуын ескеру. 
Медициналық  жоғары  оқу  орны  студенттерінің  кәсіби  даярлығын 
ұйымдастыруда,  олардың  оқуға,  жаңа  білімді  ізденуге  деген  оң  көзқарасын 
қалыптастыратын  шарттарды  (игерген  білімдерінің  теориялық  және 
практикалық  маңыздылығы,  оқу  мақсатына  қол  жеткізу,  материалдың 
жаңашылдығы,  проблемалық  жағдайларды  шешу  және  т.б.)  қамтамассыз  ету 
маңызды орынға ие болады [154]. 
Қорыта  келгенде,  оқытудың  формаларының  бірі  студенттердің  жобалау 
жұмыстарын,  проблемалық  оқыту  технологиясы  мен  гипотеза  құруды 
ұйымдастыру  болып  табылады.  Физика  пәнін  оқу  барысында  аталған 
технологиялар  процесі  студенттердің  практикалық  тәжірибе  алуын, 
шығармашылық  белсенділіктерін  қамтамассыз  етуге  мүмкіндік  береді.  Себебі 
әрбір  студент,  жоғары  оқу  орнында  оқу  барысында  тек  іргелі  және  кәсіби 
білімді  алып  қана  қоймай,  сонымен  қатар,  өз  білімін  өздігінен  жетілдіріп, 
практика  жүзінде  қолдана  алуы  керек.  Дәлірек  айтсақ,  кәсіби  бағытта  оқыту 
үшін жобалау технологиясы, диагноз қоюда бірлескен іс-әрекет, медициналық 
аппараттан  алынған  ақпаратты  бір  күйден  екіншісіне  ауыстыру  үшін 
проблемалық  оқыту  технологиясы,  мәселені  шешу  тәсілі  ретінде  гипотеза 
қолданылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет