Бірінші бөлім бойынша тұжырым
Бүгінгі күні үздіксіз дамып келе жатқан қоғам медициналық жоғары оқу
орындарына өз бетінше шешім қабылдауға қабілетті, жауапкершілікті сезінетін,
жаңа идеяларды ұсынуға, мәселе шешімін жылдам қабылдауға икемді,
парасатты мамандар даярлауды міндет етіп отыр.
Осыған орай, бірінші тарауда педагогика-психологиялық, философиялық,
әдістемелік зерттеулерге жүргізілген талдау арқылы физиканы оқытудың
теориялық мәселелері анықталды.
1 Медициналық жоғары оқу орнында физиканың әдістемелік аспектілері
зерттелді.
Медицинадағы ғылыми әдіснаманы және ғылыми дүниетанымды
қалыптастыру, клиникалық-лабораториялық және функционалды зерттеу
әдістерінің теориялық негізі есебінде, диагностика және қазіргі техникалық
құралдарды медициналық зерттеулерде қолдану үшін медицинада физика пәнін
оқыту қажет.
Кез–келген дәрігердің кәсіби біліктілігі – өз ісінде кездесетін мәселелердің
жаратылыстану ғылымдары тұрғысынан мәнін анықтауға қабілетті әрі дайын
болуы тиіс екені және ол мәселені шешу үшін физика-химиялық аппаратты
қолдана алуы маңызды талаптардың бірі екені айқындалды. Ғылыми еңбектерді
талдай келе, жалпы кәсіби бағытта оқыту ұғымына анықтама берілді: «Кәсіби
бағытта оқыту – білім алушының меңгерген білімі, біліктілігі мен дағдыларын
өз кәсібінде, сонымен қатар, өмірдегі практикалық және теориялық
тапсырмаларды шешу үшін қолдана алу қабілеті». Сонымен қатар физика
ғылымының медициналық білім беруде қандай дағдарыстан өткені кезең-
кезеңімен талданған.
2 Медициналық жоғары оқу орнында физиканы оқытудың қазіргі жағдайы
талданды.
Қазіргі таңда медициналық мамандықтарға өтіліп жатқан физиканың оқу
бағдарламасы талданған. Оның ерекшеліктеріне шолу жасалған.
Сонымен қатар бағдарламаны талдау арқылы: студенттердің болашақ
кәсіби іс-әрекетіндегі медициналық компонент жүзеге асып тұрғандығын;
барлық зерттелетін мәліметтер студенттердің түрлі: физиология, жалпы
терапия, рентгенология және т.б. пәндерді оқуда талап етілетіні анықталды.
44
Бағдарлама физиканың медицинадағы қолданылу негіздерін жүйелі меңгеруін
жүзеге асыратын тәсілдеріне ие емес, оған қоса, медициналық зерттеуде,
науқасты емдеуде және диагностикалау процесіндегі организмге қандай да бір
физикалық әсерін қолданудың бүтіндігін студенттер өздері көз жеткізуі тиіс.
Медициналық және биологиялық физика курсындағы кәсіби бағытта оқытуды
тиімді жүзеге асыру мүмкіндігін төмендетеді.
Медициналық және биологиялық физика курсында студенттің болашақ
кәсіби іс-әрекетінің мазмұндық компоненті нашар жүзеге асырылған.
3 Медициналық жоғары оқу орны студенттеріне физиканы оқытудың
қажеттіліктері талданып, зерделенді, студенттерге болашақ мамандығында,
арнайы кәсіби пәндерді өткенде қажет болатын тұстары айқындалып, талданды.
Физиканың медициналық білім беруде қажеттілігін студенттер мен жас
дәрігерлерге даярланған сауалнама арқылы талданды. Студенттердің физикадан
білімін анықтау үшін 1-курс студенттеріне тест беріліп, пәнге деген
қызығушылық деңгейі анықталды. Студенттің пәнге деген қарым-қатынасы,
физика пәні бойынша білім қорының жетіспеушілігі, пәнді оқуға жігерінің
аздығы анықталды, себебі студенттер болашақ мамандығында физиканың
практикалық қолданылуын білмейтіні, міндетті және қосымша білімді өз
бетінше меңгеруге қауқарсыздығы анықталды. Шындығында, физика пәні –
көптеген кәсіби оқыту мекемелерінде оқытудың міндетті компоненті болып
табылады.
|