Қуаныш шонбай


«Ұқсап бақ» дегеніміз, сол образга жанасатындай



Pdf көрінісі
бет14/95
Дата06.01.2022
өлшемі2,73 Mb.
#15178
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   95
«Ұқсап бақ» дегеніміз, сол образга жанасатындай, 
сәйкес жүріс-тұрыс, әдет қалыптастыру. Киім- 
кешекпен, шаш үлгісімен біз табысты адамдарга 
еліктей аламыз. 
 
     Ұшақпен көп ұшамын. Сондағы байқағаным, эко- 
ном-кластағы жолаушылардың барлығының қолында 
смартфон, планшет. Ойын ойнайды, кино қарайды. Ал 
бизнес-кластағы жолаушылар кітап, газет оқиды немесе 
шаршағандықтан ұйықтайды. Біз әдеттерімізбен ұқсай 
аламыз: кітап оқып, мағыналы сөйлеп, ойымызды дұрыс 
және нақты жеткізіп, сапалы киім алып. 
     Ең қызығы, бизнесте де осы қағидаларды ұстануымыз 
«Rumi»-ді танымал етті ғой деймін. Бизнесте де алдымен 
тауардың сапасы, одан кейін оның «орамасы», визуалды 
эстетикалық әсері маңызды. 
     Маған кәсібін енді бастап жатқан, не ісі бар кәсіп- 
керлер бизнес туралы, оның ішінде маркетинг туралы 
сұрақтарымен көп келеді. Әрине, бәрі барлық пробле- 
маларын шешетін қарапайым сөздер мен фразаларды 
_____________ 
 

Брайан  Трейси  –  бизнес  жолында  көп  жетістіктерге  жеткен  америкалық  шешен, 
психолог 


 
30
 
күтеді. Шындығында маркетинг – буклеттердегі сиқыр-
 
лы лозунгтер емес немесе бизнестегі құпия трюк, ком- 
пьютердегі жасырын программа емес. Бұл ең алдымен 
өз қолданушыларынның қажеттілігін түсіну, сол қажет- 
тілікті өтеу, оларға жақсы өнім беру жолындағы тыным- 
сыз еңбек. 
     Бәсекелестеріңнен бар өнімді аласың, оны тура сол 
бағаға сатасың, бірақ үстінен өзің он мың теңгенің сезімін 
қосасың. Тағы нақтылап айтайын, сезімін қосасың. 
     Егер орта бағадағы мейрамхана ашсаң, ыдысың, 
дастарқан, орындықтар, санфаянс, салфетка, қол жуатын 
сабыныңа дейін қымбат мейрамханадағыдай болсын. 
Егер қонақүй ашсаң, «Ритц Карлтондағыдай» бәрін өз 
мәнеріңде жасайсың, бірақ бағасын аспандатып жібер- 
мейсің. 
     Егер көп ақша тапқың келсе, көп ақша табатын 
адамдарға қарап, солар сияқты киін. Егер бизнесінді да- 
мытқың келсе, өзіңнен қымбат бизнестерге қара. Солар 
істегенді істе. Сырт келбетің олардан кем түспеуі керек. 
Өйткені, сырт келбет адамның эмоцияларын тудырады. 
Біз алдымен көзбен ұнатамыз. Тамақ алдымызға келген- 
ге дейін-ақ бұл дәмханаға екінші рет келетін-келмейтінің 
жайында шешім қабылдайсың. Ал егер оның палауы 
дәмді болып шықса, мынадай дизайн мен баға үшін, әри- 
не, міндетті түрде қайтып келесің. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет