126
ОБРАЗ ТАНДАУ: ҚИЯЛИ БОЛУДЫҢ
ПАЙДАСЫ ТУРАЛЫ
Адам баласына өз өмірін мәнді де сәнді сүру үшін
бірнеше қасиет керек. Соның негізгісі өзін-өзі
басқару мен табандылық. Талант, таныс не өзге фак-
торлардың әсері әлсіз немесе кейде, тіпті керегар.
Осы бағытта ғалымдар көптеген тәжірибелер ұйымда-
стырған екен. Оның ішінде танымал marshmallow test-те
бар. Олардың бәрі жоғары аталған факторлар
елеулі орын
алатынын дәлелдепті.
Жақсы, өзімізді басқару және табандылықсыз болашақ
жоқ екенін түсіндік. Ал табиғат (ата-ана, ген, т.б.) бізге
осы
қабілетті бермесе, не істейміз? Біріншіден, олар туа-
бітпейді. Жүре бітеді, шанс бар. Ғалымдар 4–6 жастағы
180 балаға компьютерде орындалуы
керек іш пыстырар-
лық тапсырма береді, бірақ келесі бөлмеде ойын ойнауға
болатын iPad бар екенін де ескертеді. Баладан шыдамы
таусылғанша тапсырманы орындай беруін сұрайды.
БАЛАЛАР ҮШ ТОПҚА БӨЛІНЕДІ.
Минут сайын
бірінші топтағы балаларға «Қатты жұмыс жасап жа-
тырсыз ба?» деген сұрақ қойылса, екінші топтағыларға
сол сұрақ үшінші жақтан қойылады.
Соңғы топқа сұрақ
өздері таңдаған кейіпкер (супермен, бэтмен және т.б.)
бойынша қойылады. Яғни, «Бэтмен қатты жұмыс жасап
отыр ма?» дегендей.
Нәтижесінде, үшінші топтағы балалар ең үздік нәти-
же көрсетеді. Бұл
дегеніміз, адам өзіне қандай да бір об-
раз қалыптастырып, соған сай болуға тырысқанда және