Оқу мақсаты:
6.1.5.1 - тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау
6.2.2.1 - тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу
6.5.1.4 - өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану
Бағалау критерийі:
- негізгі ойды тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы анықтайды;
- тақырып төңірегінде жұбымен диалогке қатысады;
-диалогте ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады;
- өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тыңдалым. 1-тапсырма. Мәтінді мұқият 2 рет тыңдап, 3 тірек сөзді анықтап, бағдарсызық бойына жазыңыз.
Қостанай облысының Сарыкөл ауданында тұратын бір кәсіпкер ауылда жиі жарық өше бергендіктен, өз қолымен желден қуат өндіретін қондырғы құрастырып алған. Қазір ауласында тұрған құрылғыдан күніне 3 киловатқа дейін электр энергиясын алады. Былтыр осы бастамасы үшін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 2 миллион теңге қайтарымсыз грантқа ие болды. Содан бері тағы 7 жел қуатын өндіретін құрылғы жинап шығарды. Тұтынушылар – негізінен жергілікті тұрғындар мен жеке шараушылық иелері.
Алғашқыда желден энергия өндіргіштің шағын түрін жасады. Қазіргілері қуаттырақ. Секундына 15-20 метр жел соққанда, бір құрылғы күніне 2-3 килловат электр энергиясын өндіреді.
3 балл
2-тапсырма. Тірек сөздердің негізінде мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтаңыз.
2 балл
Айтылым
3-тапсырма. Берілген суреттерді пайдаланып, жұпта диалог құрастырыңыз. Диалог мазмұнында берілген сөйлеу этикетінің формаларын қолданыңыз.
Сөйлеу этикетінің формалары: Сәлеметсіз бе, сіз қалай ойлайсыз, сіз. дегенмен
келісесіз бе, мен сіздің........ ойыңызбен келісемін,өте жақсы ой айттыңыз, пікіріңізге рахмет, сау болыңыз
сурет: күн батарея панельдері, жел энергиясы(қалыптастырушы бағалауда бар 31 бет)
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
№
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Тірек сөздер, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтайды
|
1
|
-мәтін құрауға негіз болған 3 тірек сөзді анықтайды;
- 1 сөз
- 1 сөз
- 1 сөз
|
1
1
1
|
2
|
-тірек сөздердің көмегімен мәтінге ат қояды;
|
1
|
-мәтіндегі негізгі ойды 1 сөйлеммен береді.
|
1
|
Тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын біледі.
Өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолданады.
|
3
| |
1
1
|
-диалогте берілген сөз оралымдарының кем дегенде 2 қолданады.
|
1
1
|
- өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерінің 2 диалогта қолданады
|
1
1
|
Барлық балл
|
11
|
Достарыңызбен бөлісу: |